Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Е дыбысы және әрпі.
  • 24.04.2016
  • 425 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18805

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (1.20Mb)

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларды Е әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
2. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, аңдар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Логикалық ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ /саяхат сабақ/

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,

Сабақтың көрнекілігі: орман бейнесі, , дауысты, дауыссыз дыбыстар үйшігі.

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап
— Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(ң)
— Қане дыбыстайық (ң, ң, ң)
— ң дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
— ң дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (аң,оң, тоң, жаңбыр, жаңғақ т.с.с.)
— Аң сөзін буынға бөлейік (1 буын)
— Жаңбыр сөзін буынға бөлейік (2 буын)
— Жа-ңа сөзін буынға бөлу. (2 буын)
— ң дыбысы нешінші буында естіледі? (2-ші)
- ң дыбысынан басталатын сөз бар ма?
Жаңа сабақ:
— Балалар осы орманның шетінде 2 үй бар екен. Төбелерінің бірі көп шатыр, бірі қызыл шатыр. Бұл үйлерде дыбыстар тұрады екен.
— Балалар неге шатырлары көк, қызыл деп ойлайсыңдар?
Себебі онда дауысты, дауыссыз дыбыстар тұрады./балалардың жауабы/

Қане бұл үйлерде қандай дыбыстар тұратынын айтып жіберейік, ол үшін өтілген дыбыстарды қай үйге орналастыру керек,маған көмектесіп жіберсеңдер.. Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а,о,ы,у,ұ) .
Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т,п,н,ғ,л,р,ш,й,қ,м,д,б,с,ж)



-Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар бүгін осы үйлердің бірін тағы да бір дыбыспен толтырамыз. Оның қандай дыбыс екенін сабақтың барысында білетін боламыз. Сонымен балалар!
Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.
-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.
-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.
-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?
-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

Ойын: « Жаңғақ жинау»
Әр жаңғақтың астында сұрақ бар.
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Әріп дегеніміз не?
4. Ң дыбысын тақтаға жазып көрсет Ң дыбысы қандай дыбыс?
5. Оң,таң,паң оқып бер
6. Еменге ешкі не деп тіл қатты?
7. Ал, емен ешкіге не деді?
8. Ендеше, емен, ешкі сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?.

Міне біз еменге көмектестік.Сендерге үлкен рахмет айтып емен ағашы өз жаңғақтарын сыйлады.
 Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!



Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызды ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтаға сөзжұмбақ ілінеді.

СӨЗЖҰМБАҚ
Е




1 Үй жануары
2 Аяқ киім
3 Өркешті жануар


Тақтадағы сөзжұмбақты шешеді.
Сонымен бүгінгі өтетін «Е» дыбысы мен әрпі.
Дұрыс, енді е дыбысын айтып көрейік Е
Е дыбысын дауысты дыбыстар үйіне орналастырамыз.
Өте жақсы балалар.
Шаршаған боларсыңдар , сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп— теріп алайық,
Қалтамызға салайық.



Дәптермен жұмыс:

— Балалар біз Е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
Е дыбысының элементтерімен таныстыру
Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)
Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)
Қандай мықты ағашпен таныстық? (емен)
Қазір мен сендердің байқағыштық қасиеттеріңді бақылау мақсатында
«Кім зейінді?» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты: Әр түрлі ойыншықтар көрсетемін ,сендер осы
ойыншықтарды атап,қандай дыбыстан басталып тұрғанын қолдарыңдағы текшелер арқылы айтасыңдар.



Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.
Орманға бара жатқандар,
Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін түгел бәріңнен,
Орманды өрттен сақтаңдар.
Сонымен балалар табиғатты, орманды, қорғауымыз керек. Бүгінгі сабағымызды «өте жақсы» қатысқан оқушыларға емен ағашының жаңғақтарын сыйға тартамын және жұлдызшалар таратамын.

Үйге тапсырма Е дыбысы және әрпі оқу, үлгі жазу. Тәрбие.орг сайтынан Е дыбысы және әрпі. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калиева Ардак Сипатовна

№61 Жалпы білім беретін орта мектеп Мектепалды даярлық тобы мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 425 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar