Экология тәрбиесінің әліппесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 494
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 17/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23091


Экология тәрбиесінің әліппесі
Балалық шақтан бастап әрбір бала өзінің қоршаған ортасын тани отырып экология ұғымымен кездесуге тура келеді. Экология сабақтарында балалардың табиғатқа деген қамқорлық сезімін оятып, оның ғажайып сырларын ұғынуға мүмкіндік береді. Отбасында ата-аналардың, балабақшада тәрбиешілердің көмегімен жүргізілетін жұмыс түрлері балалардың тілін дамыту,сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді. Бала қиялын дамыту үлкендердің жағымды іс-әрекетін қайталауға жетелейді. «Құстың ұясы», «Бақтағы қоныраугүл» деген шағын әңгімелер табиғаттың ғажайып мол дүниесін бағалап, аялай білуге тәрбилейді.
Берілген тыйым сөздердің мазмұны ата-аналар, тәрбиешілердің көмегімен түсіндіріліп, табиғатқа байланысты айтылатын «обал», «сауап» деген сөздердің мағынасын менгеруге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс түрлері балаларды ауызша сөйлеуге, көргендерін бейнелі тілмен мазмұндай білуге дағдыландырып, адамгершілік тәрбие бастауларын қалыптастырады.
Біздің балабақшада экологиялық тәрбие беру мақсатында жемісті жұмыстар жүргізіледі.
Экология – кешенді ғылым. Осыған байланысты балабақша балаларына түсінікті әрі қызықты түрде экологиялық білім берілуде. Экологиялық тәрбиенің мазмұнын іріктеуде мына жағдайды ескерген жөн: балаларға экологиялық білім берудің мақсаты жаңа типтік адамның қалыптастыру екенің. Ол қоршаған ортаға қарасты өзінің іс-әрекеттіне жауапкершілікпен қарап, табиғатты қорғай білуге үйренеді. Кішкентай кезінен бастап алынған экологиялық білім келешекте экологиялық бағыттағы пәндерді меңгеруге көмектеседі.
Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің бір бөлігі, ол адамгершілік тәрбие алуының басты себебі болады. Бала өзін табиғатың бір бөлігі екенің түсінуі керек. Баланың көзқарасымен қарым-қатынасы ең басты мәселе боп саналады. Олардың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жануарлар мен өсімдіктер түрлерін тануы, оларға күтім жасай білуі маңызды рөл атқарады. Балаға экологиялық білім қажет. Балаларды жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу себептерін түсінуге үйрету керек. Осыған байланысты халықта мынадай нақыл сөз бар: «Адамның табиғатсыз күні жоқ,табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Осы нақыл сөзді пайдаланып серуенге шыққан кезде табиғатты қорғауға тәрбиелейміз.
Топ бөлмелеріндегі табиғат бұрышында гүлдерді, аквариумдағы балықтарды үнемі бақылап,оларға қамқорлық жасатып отырамыз.Табиғат бұрышында әртүрлі бөлме өсімдіктері өсірілген. Осы өсімдіктерге әрдайым балалардың көмегімен қамқорлық жасалып отырады. Сонымен қатар, балаларды балабақша мен ауласында саяхат кезінде тәжірбиелік жұмыстарға араластырып отырамыз.
Біздің балабақшада тәрбиешілер мен ата-аналар арасында экологиялық тәрбие беру жөніндегі тығыз шаралар жүргізіледі. Бұл шараларға ата-аналар белсене қатысады. Тәрбие.орг сайтынан Экология тәрбиесінің әліппесі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сиряжева Жазира Капезовна

БҚО Орал қаласы №12 бөбекжайы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar