Елбасы - ел тірегі

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 398
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22577


[b]Жүргізуші:Құрметті ата –аналар, әріптестер,балалар, Сіздерді бүгінгі 16 –желтоқсан тәуелсіздік күні және де 1 –желтоқсан тұңғыш президент күнімен құттықтаймын!
Ендеше,ортаға «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін қол соғып,қошеметпен қарсы алайық.
Музыка әуенімен балалар залға кіріп,орындарына жайғасады.
Жүгізуші: Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті,
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұран орындалады.
Слайыд жүргізіледі.
Жүргізуші: Балалар бұл біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев 6 –шілде де 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.Мектепте жақсы оқып,жақсы білім алған.
Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы –Сара Алпысқызы.Олардың Дариға, Динара, Әлия атты үш қыздары бар.
1991 жылы 1 –желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республика Президенті етіп сайлады.
Балаларымыздың елбасымызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыз.
Шәкәрім: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Ботакөз: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен –кіші,ағайындар –бәріміз,
«Ұлтым,елім» -деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздің мақтан тұтар піріміз.
Нұрасыл:Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Жүргізуші:1992 жылы 4 –маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Біздің тудың түсі аспан түстес көк,ортасында қыран бүркіт ерліктің белгісі, алтын түстес күн жарқын болашақтың белгісі,жиегіндегі қазақтың ұлттық оюы қазақ халқы екенімізді білдіреді.Тдың биіктігі 2м,ені 1м.Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.
Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Жансая:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Айзере:Әділеттің ұраны
Ақиқаттың шырағы
Тыныштықтың туы боп
Зор салтанат құрады.
Жүргізуші: «Елтаңбасыз ел болмайды,найзасыз ер болмайды» -дейді қазақ халқы.Елтаңбаның ортасындағы шаңырақ биік босаға берік болсын деген ұғым береді, ал уықтары көршілес елдермен достастығымызды білдіреді.Мүйізді,қос қанатты пырақ арыстандай жүректілігімізді,қырандай қырағылығымызды білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» -деген асыл арманды арқалап тұр. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков,Шота –Аман Уәлиханов.
Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Мирас: Елтаңбасы елімнің –
Неткен айбат,әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі.
Айбар: Отан бәріненде биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй,айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік,бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
Балалар біздің еліміздің астанасы Астана қаласы.Аз уақыт ішінде бой көтеріп,әлемге танылды.Оған ерекше сән беріп тұрған Бәйтерек манументі бар.Елдің астаналарынан ерекше әдемі,сәнді ол,біздің асқақтаған,аспанға ұмтылған жастарымыздың қаласы біздің әсем Астанамыз.
Кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Сымбат: Астана –арман қала ,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап –жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Айдын: Нұр сыйлап қала көркіне
Тағзым етіп: Жер,Күнге
Тұр ғажайып ғимарат-
Зор Бәйтерек кейпінде
Келесі кезекте балаларымыздың орындауындағы әнге берейік.
Ән: «Елімді мен сүйемін» хор.
Слайд желтоқсан құрбандарының суреті.
Жүргізуші: Қазіргі таңда сендер ашық аспан астында күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатсыңдар.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезкңді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар бұл біздің –тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.
Ерліктеріңе қуанам да,сүйсінем
Қайрат,Ляззат рухына мен иілем
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам
Әділ жанның қазасына күйінем.
Слайд: «Елбасының ерен еңбегінен» көрініс.
Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Дармен: Отан –сенің, ата –анаң
Отан –досың, бауырың,
Отан -өлкең,астанаң,
Отан –аудан, ауылың
Кәусар: Отан –жерім,Отан –суым,
Отан –қуат,нәр береді,
Отан –ұран, Отан –туым,
Отан –мәңгі гүлденеді.
Али : Отан деген –атамекен
Отан деген –туған жер
Отан –ана, Отан –үлкен,
Қазақстан туған ел.
Алижан: Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Адина: Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
Жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Жүргізуші: Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Жүргізуші: Біздің мемлекеттік тіліміз қандай,қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Жүргізуші: Біздің елдің президенті кім?
Балалар: Н.Ә.Назарбаев.
Жүргізуші: Біздің еліміздің рәміздері?
Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран.
Жүргізуші: Біздің елдің астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Жүргізуші: Жарайсыздар, балалар!
Балаларымыздың орындауындағы «Қамшы» биін қабыл алыңыздар
Би: «Қамшы»
Келесі кезекте балабақша директоры Тұрғанбаева Нұрсауле ханымға сөз беріледі.
Келесі сөз кезегі ата –аналрдың атынан бір адам тілек білдірсе.

Жүргізуші: Желтоқсанда қарлы боран, жауындатқан,
Жастарын жас алаштың ұрып –соққан,
Қанға бояп, таяқпен ұрып –соғып,
Арулардың шашын жұлып, қансыратқан.
Тәуелсіздік аламыз деп жаңғырады,
Жанарынан ұл –қыздардың от жанады.
Шеруге шыққан алаш ұрандары,
«Қайран елім, қазағым» -деп жар салады.
Егемендік орнады елімізге,
Тәуелсіздік жайғасты төрімізде.
Бірлігімнің бұзылмайды қаймағы,
Бейбіт күнде желбірейді байрағы.
Осы күнге жеткізген елбасымның,
Тілеймін әрқашанда амандығын.
Тәуелсіздік оңайлықпен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес,
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес,
Ресейге де тәуелсіз болды емес пе?
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ляззат.
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емеспе?!
Әр елдің жүрегінен жол тапқан,
Елбасымыз кеменгер дана емеспе!!! –дей отырып бүгінгі 16 –желтоқсан тәулсіздік күні және де 1 –желтоқсан елбасымыздың,бүкіл қазақ халқаның төл мерекесі құтты болсын! Ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Алтын уақыттарыңызды бөліп біздермен бірге қуанышымызды бөліскеніңізге көл рахмет.Қош сауболыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Елбасы - ел тірегі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джумагазиева Жадырасын Нуровна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Айгөлек" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar