Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік
  • 29.03.2016
  • 1481 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18207

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Құрастыру, Ағылшын тілі, Сурет
Тақырыбы: Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік!!!
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру. Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. Балаларға еліміздің нышандарының мән-мағынасын түсіндіру
Дамытушылық: Балаларға сурет арқылы көрсетіп әңгімелесу. Туған жерін сүйуге, қадірлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Мемлекеттк нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.

Есеп орталығы
Көрнекілік: Отшашу суреті, гуащь, қара түсті қатты қағаз, мақта таяқшалары.
Қажетті құрал: Ноутбук,
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,үйрету, қайталату

Көркем әдебиет орталығы:
Көрнекілік: Слайдттар, қағаздардан гүлдерді жасап картаға жабыстыру
Қажетті құрал: Ноутбук
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,үйрету, қайталату
Билингвинді сөздер: state` s emblem-елтаңба, flag-ту,, anthem-әңұран

Өнер орталығы:
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Рәміздері, Байтерек (слайд-шоу).
Қажетті құрал: Ноутбук
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, үйрету, жасату

Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар
Жұмыс жасайтын орталықтар: Есеп орталығы, Көркем әдебиет орталығы,Өнер орталығы

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлематсызба!!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңерімізді құрайық,
Бір шаңырақ астында
Қазақстанда тұрамыз
Бірге сайран құрамыз
Бір үйде біз тұрамыз.
Өте жақсы балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 24жылдығына арнап оқу іс-әрекетімізді өтеміз. Оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын еліміздің әнұранын айтайық.
Рахмет балалар.
Балалар бүгін біз үш орталыққа бөлініп өнер орталығы, көркем әдебиет орталығы және есеп орталықтары бойынша оқу іс-әрекетімізді өтеміз. Өздерің қалаған орталықтарңа бөлініп отыра қойыңдар.

Есеп орталығы:
Балалар есеп орталығына қош келдіңіздер. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз Тәуелсіздікке арналады.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында
-Ал, елордамыз қай қала?
-Астана қаласы
-Елімізді басқарып отырған елбасымыздың есімі кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Ал енді балалар әр елдің өзінің рәміздері, заңдары болады екен. Сол сияқты біздің де өзіміздің заңдарымыз, рәміздеріміз бар. Қәне, балалар ҚР-ның рәміздерін атап беріңдерші.
-Ту, Елтаңба, Әнұран
-Өте дұрыс балалар. Мынау біздің туымыз.(ноутбуктен слайд көрсетеді) Туымызға келетін болсақ мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір аспан ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн. Күнді қанатымен көтеріп қалықтай ұшқан қыран құс қандай әдемі. Оған өміріміздің қайнарындай қазақтың ұлттық ою-өрнегі қандай жарасымды.
-Ал бұл балалар Елтаңба. Қараңыздаршы елтаңбамыз қандай тамаша. Ендеше елтаңбамызға тағы да көз салайық. Ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей уықтаршаңырақтан шашырай шапағын шашқандай. Екі жақтағы қанатты тұлпар, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.
-Балалар әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып оң қолымыз сол жақ жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.
-Балалар Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтіріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Осы аға-апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.
Ал балалар сендер тәуелсіздік туралы түсінік алдыңдар. 16-желтоқсан біздің елімізде тәуелсіздік мерекесі тойланады. Бұл мерекені еліміздің әрбір қалаларында, ауылдарында тойланады. Осы күні түнде үлкен қалалар аспанында мерекелік от шашулар жарқырайды.
От шашулар аспаннан төмен қарай шашылған түрлі моншақтарға ұқсайды. Балалар қазір біз осы тәуелсіздік мерекесіне арнап қағаз бетіне мақта таяқшаларымен от шашулардың суретін саламыз. Мақта таяқшаларын әуелі сары бояуға батырып сары түсті от шашуларды бір жерге саламыз, одан соң қызыл бояуға басқа мақта таяқшасын батырып қызыл от шашуларды бір жерге топтап, сөйтіп көк жасыл түспен от шашулар жасаймыз. (Балалар берілген тапсырманы орындап, өз қолдарымен отшашу жасайды)
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнадыма?
-Ия ұнады
-Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер. Сендер елін , жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер.
Балалар бәріңізде жақсы қатыстыңыздар, сендерге жақсы деген баға қоямын. Рахмет!

Көркем әдебиет орталығы
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Тауелсіз мемлекет дегеніміз – тереңде жатқан елдің өз алдына қайта егеменді ел болған күн.
Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан Республикасы
Біздің ұлтымыз қандай? – Қазақ
Біздің мемлекеттік тіліміз қандай? – Қазақ тілі
Қане ағылшын тілінде сөйлеп қарайықшы?
I live in Kazakhstan
I am Kazakh
I speak in Kazakh

Children what season is it now?
How many month in
What month is it now?

Балалар қазір қандай мезгіл: - Қыс мезгілі
Қыс мезгілінде қанша ай болады атап беріңіздерші?
Қазір қандай ай?- Желтоқсан
Жарайcыңдар: қане ағылшын тілінде атап өтейік?
Desember- Желтоқсан
January- Қаңтар
February - Ақпан
Осы қыс мезгілінде 1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. Ол әр жылдың 16 желтоқсанында атап өтіледі. Бұл күн ұлттық, мемлекеттк деңгейдегі елеулі мереке күн.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор екен.
Балалар негзгі мемлекеттердің қай-қайсысында да болмасын алғашқы жасайтын маңызды қадамдарының бірі ол әнұран, елдің туы және елтаңбаны сайлап алуы.Өйткені бұл нышандар саяси тәуелсіздік пен егемендіктің бірегей белгілері болып саналады.
Қазақстан Республикасының рәміздерін ағылшын тілінде атап өтейікші?
National anthem,flag of country, State`s emblem
Бұл мемлекеттік нышандар бір елдің салтын бүкіл болмыс тіршілігін білдіретін белгі.
Балалар ел басымыз кім? ННазарбаев
Our president N. Nazarbaev
Біздің мемлекетіміздің елордасы қай қала? Астана
The capital of Kazakhstan Astana

Қазақстан біздің Отанымыз. Ол үлкен тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады олар қазақтар, орыстар, немстер украйндер және тағы басқалары.
Балалар енді ағылшын тілінде бір шумақ таппағымызды айтайықшы?
Myflagisblue
Myflagisbright
Ilikeitverymuch
Theyellowsun
Thebluebluesky
Дидактикалық ойын:
Балалар енді біз Қазақстанның картасын алып Қазақстанды гүлдендірейік!
Сергіту сәті:Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land
I live here with my friends
Қорытынды:Балалар біз не үйрендік? Қандай сөздерді білеміз? Мұғалім балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды!

Өнер орталығы
Мотиватциялық қозғаушы кезең:
Балалар бүгін оқу іс-әрекетімізде сурет салу. Бүгін Тәуелсіздік күні, соған байланысты “Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік” атты ашық сабақ болады. 16-шы желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік мереке күніміз. Сіздерді осы мереке күнімен құттықтаймын. Еліміз тыныш, деніміз сау, аспанымыз ашық болсын!
-Балалар біздің ұлтымымыз кім?
-Қазақ.
-Балалар біздің мемелектіміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Егеменді Тәуелсіз мемлекет.
-Елбасымыз кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Елорда бас қаламыз қай қала?
-Астана қаласы.
Дұрыс балалар, өте жақсы жауап бердіңдер. Осының бәрі Отанымыз екен, оны сүйіп аялай білуіміз керек екен.
Балалар 1991-жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
-Ал енді айтыңдаршы егемендігіміздің белгісі нелер?
-Рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран.
-Өте жақсы балалар. Қазақстанның елордасы Астана қаласы. Онда өте әдемі ғимараттар салынған. Соның бірі Бәйтерек. Ол Астана қаласының ортасында орналасқан. Өте биік әрі сұлу, ғимарат.
-Балалар осы Бәйтерек ғимаратының жұмысы аяқталмаған екен қараңдаршы. Осы суретті сырлап аяқтай аламызба?
-Иә.
-Олай болса алдарыңда бәйтеректің суреті бейнеленген парақтар бар. Қолдарыңа қарандаштарыңды алып, солдан оңға қарай әдемілеп сырлаймыз (Балалар жұмысқа кірісіп сырлайды).
-Өте жақсы балалар. Сіздер Бәйтерек ғимаратының жұмысы бітпей қалып еді, соны сырлап бітірдіңдер. Сырлаған Бәйтеректерің әдемі болып шықты.
Қорытынды: Балалар бүгінгі Тәуелсіздікке арналған “Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік” атты оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс: Қазақстан егеменді Тәуелсіз мемлекет екенін білді.
Түсінеді: 16-ші желтоқсан күнін мереке ретінде тойланатынын түсінді.
Қолынан келуі: Бейтерек ғимаратын сырлау жұмысы қолынан келді.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Дидактикалық ойын:
Мақсаты: Қазақстанның картасын құрастыру.

Балалар әр орталықтардың текшелерін өз орнына салып шеңберге тұрады
Тәрбиеші әр орталықтан бір сұрақтан қоя отырып, қорытындылайды.
Бүгінгі оқу іс-әрекетмізге барлығыңыз жақсы қатыстыңдар. Осымен балалар іс-әрекетіміз аяқталды, келген қонақтарымызға сау болыңыз айтайық.
-Сау болыңыз!!! Тәрбие.орг сайтынан Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акмарал Отарбаева

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Айгөлек" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: akmaralotarbaeva
Көрсетілім: 1481 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar