Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Елін сүйген –Елбасы»
  • 03.05.2016
  • 688 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18913

Жаңаөзен қаласы
№17 «Балауса» балабақшасы тәрбиешісі
Матжанова Санимай Кайпнозаровна
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Тақырыбы: «Елін сүйген –Елбасы». Мақсаты:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік беру.Отанын сүйуге,елі сүйген елбасымыздан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілік:Елбасы жане рәміздеріміздің суреті, «Ақорда» суреті.Слайд. Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,мақтау-мадақтау.
Амандасу шеңбері: -Күніміз шуақты болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Елімізде тыныштық болсын!
Әнұран: (балалар әнұран айтады) -Балалар казір жылдың қыс мезгілі, бүгін қыстың алғашқы айының,ең алғашқы күні. –Балалар қыс мезгілінде үш ай бар. –Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан. –Қыс мезгілінде ауа-райы салқын аяз болады қар жауады. Балалар, бүгін бізде мереке, қыстың алғашқы айының ең алғашқы күні елімізде «Президент күні» болып мерекеленеді. Балалар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Елін сүйген –Елбасы» атты тақырыпта мерекемізге сай тақырыптық сабақ өтеміз. Балалар, біз Қазақстан республикасында тұрамыз,біздің кең байтақ жеріміз бар. Онда әр ұлттың өкілдері тұрады, олай болса ойын ойнап жіберейік, Дидактокалық ойын: «Туған жерді гүлдендір» Балалар туған жерді гүлдендірер ұл-қыз міне сендерсіңдер.Еліміздің келешек тағдыры Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін-сендер.Ол үшін терең әрі жан жақты білімді болу –міндеттерің. Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады. Осы кең байтақ Қазақстанды басшылық етіп отырған тұңғыш елбасымыз. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш елбасы болып сайланды. –Балалар, біздің яғні, Қазақстан Республикасының Президенті кім екенін білемізбе? -Біз бүгін Елбасымыз және рәміздеріміз жайлы түсінік алатын боламыз. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Осы кіснің құрметіне 1-желтоқсанды-Президент күні деп атапты.Бүгінгі сабағымыз да, Елбасының құрметіне арналмақ.Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 щілде де Алматы облысы ,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келіпті. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді.Қаскелендегі 10-жылдық мектепті оқып бітіреді. Одан кейінгі жылдары Қарағанды қаласындағы металлургия комбинатында жұмысшы болады.Содан өсіп,жақсы жұмыстарда істеп,1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан соң оның рәміздері болады. Олар ту, елтаңба, әнұран.Жаңа өзіміз айтып өткен әнұранның авторларының бірі осы Елбасымыз. Ақмола қаласын еліміздің орталығы етіп таңдап, ерекше әдемі астаналардың бірі еткен де осы Елбасының ойы.Сондағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі,елбасының жұмыс жасайтын орны –Ақорда. Мінекей ,балалар, біз Елбасымыз туралы көптеген мағлұмат алдық иа балалар?
Тәрбиеші: Балалар біздің ата-бабамыздың өткен өмір жолына біраз шолу жасап қарасақ.»Не деген дархан ел,не деген төзімдіде қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім» деп көңілің көкке көтеріледі.Олай болса балалар бізге қонаққа Ата келмекші . (Музыка ойнап,аяғын ақырын басып Ата келеді орындыққа келіп демалып отырады.Осы кезде жүгіріп немересі шығады.) Ата: Амансыңдарма,балаларым, қалдарың қалай, менің осы балабақшаға немерем келетін еді немеремнің аты Исатай.
Тәрбиеші: Салеметсізбе Ата ия сіздің немереңіз Исатай осы «жұлдызша» тобына келеді. Ата:Ия , мен сендердің бүгінгі тұнғыш Президент күніне арналган сабак отіп жатқандарыңды естіп қонаққа келдім өзімнің бар білгенімді айта кетейін дегенмин.
Немересі:Ата не ойлап отырсыз ? Атасы:Ә балам атаң не ойламайды дейсің!Сендердің болашағыңызды ойлаймын.Еліміздің болашағы айлы,өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын.
Немересі: Ата өткен өмір деген не?
Атасы: Ә балам өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы,тарихы емес пе?
Немересі:Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда балам атаң бір сөйлесін:
Болмасада оқыған тарихшы атаң
Жинадым ескилерден тарих хатын
Мақсатым –кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын
Есімі еш адамның өшпейді екен
Артында ұрпақ жүрсе өздеріңде
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен
Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп
Өткендерін қалайда білсін деген
Сондықтан балалар сен дерде өз тарихыңызды жеті атаңызды білуге тиіссіңдер.Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих? Менің елім-Қазақстан.Бұл әрбір дала перзентінің мақтанышпен айтатын сөзі.Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым көп толғандым.
Елім жайлы,алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды
Отансыз жан өмірде оңбайды
Өзін-өзі қорлайды да ,сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы
-деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен.Ал, біз, қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз.
Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.Минекей балалар менде сендерге өзімнің білген маржанымды айттым.
Немересі: Ата менде Еліміз туралы тақпақ айтсам қалай болады?
Атасы: Айтағой балам.
Бекасыл:Бала Қазақстан туған өлкем
Жер көппе сендей көркем
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем
Жарайсың, Исатай, біздің де балалар елбасы туралы көптеген тақпақтар біледі, қане кім есіне түсіріп орнымыздан тұрып тақпақ айтып береді, келегой.
Айгул: Жастарға ол сенеді Біз жастар құр жатпаймыз Үмітін елбасының Шынында біз ақтаймыз.
Нағима: Сенің атың Нұрсұлтан Туған елің Қазақстан Мен сізден үлгі алам Қазақстаныммен мақтанам
Берік: Қазақтың тұңғыш Елбасы Пана боп Алла қолдашы Тіл менен Дінді сақтаған Бар қазақ сіздей болсашы.
Алма: Орындалып арманы Халқымызда ажарлы Осының бәрі әріне Елбасының арқасы.
Жарайсыңдар балалар өте жақсы Елбасымыз жайлы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Ендеше біз шаршап қалған болармыз олай болса бір сергіліп алайықшы. Сергіту: Қане қане тұрайық Дөңгелене тұрайық Қазір өзіміз көрген Ақорданы құрайық Атасы: Ой жарайсыңдар балаларым өте жақсы,сендер көп нәрселер біледі екенсіңдер,қандай ақылды балаларсыңдар. Мен өзімнің батамды беріп кетейін ал қолдарыңды жайыңдар.
Бейбітшілік заман болсын
Отбасыларың аман болсын
Дендеріңе саулық берсін
Несібеңді мол ғып берсін
Еліміз аман болсын
Жұртымыз тыныш болсын!
Тәрбиеші:Мінекей балалар Атамыз бізге көптеген ақылын айтты ,батасын берді,біз өткен өмір тарих жайлы енді білетін боламыз.Олай болса балалар келген қонақтарға өзіміздің «Атамекен» әнін орындап берйік. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ендеше сабағымызды қорытынды жасаймыз.
-Балалар бүгін қандай мереке?
-Бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы қандай?
-Біздің еліміздің тұңғыш Президенті кім?
-Балалар бүгін бізге кім қонаққа келді?
Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар жарайсыңдар бүгінгі сабағымызды батамен аяқтағым келіп тұр.
--Өркенің өссін,жас ұлан
Білімің өссін оқыған
Әрқайсысың ғаламгер
Шырақ бол,
Еліңе қорған құрақ бол. Тәрбие.орг сайтынан «Елін сүйген –Елбасы» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Матжанова Санимай Кайпнозаровна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 688 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar