Елордасы - Астана

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 566
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20549


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Абдиргалиева Жамал Дарикуловна

№1 «Гүлдер» МДҰ тәрбиешісі:

Айы, күні: 25.11.2016 жыл
Тобы: «Ақбота» мектепалды даярлық
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
ҰОҚ-ның тақырыбы: Елордасы - Астана
ҰОҚ-ның мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.
ҰОҚ-ның міндеттері:
Білімділік:Балаларға берілген тапсырманы ұқыпты жасауға , ойларын жүйелі жеткізуге білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық:Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге дамыту.
Тәрбиелік:Туған жердің табиғатына қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттер
Сөздік жұмыс:Бас қала
ҰОҚ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:Сұрақ –жауап ,әңгімелеу,тыңдау
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялыққозғаушылық Шаттық шеңбер
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан
Армысың туған жер
Армысың достарым

Танымал әншілердің орындауында «Астана» әнін тыңдау Балалар мұқият тыңдап,назарын аударады.

Өлеңнің мәтінінен «Астана» сөзін аңғарады.
Ұйымдастыру-іздестіру Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Апта күндерін сұрау.
Бір аптада неше күн бар?
ҚР Мемлекеттік Әнұранға құрмет көрсетейік

Балалар, сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан деген не?
Отан туралы тақпақ білеміз бе?
Біздің отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Біздің ұлтымыз қандай?
Қай тілде сөйлейміз?

Балалар біздің еліміз жай ел емес.Біздің еліміз егеменді ел яғни тәуелсіз ел.Сол себепті тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерей тойын біз 16 желтоқсан күні атап өтеміз.Біздің рәміздеріміз бар.
Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерін атап бере аласындар ма?
Елбасымыз кім?

Балалар сұраққа жауап береді

Балалар әнұранды орындайды
Отан деген біздің еліміз, ата-анамыз, бауырымыз, достарын,ауыл-қаламыз, туып-өскен жеріміз.

Қазақ
Қазақша сөйлейміз.

Ту, Елтаңба. Әнұран
Н.Ә.Назарбаев

Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Бәйретек – Астананың келбеті. Астананың болашағы әлі алда. Астананың көрнекті жерлерімен танысамыз:
- Мынау бәйтерек.
- Мынау жабық футбол стадионы.
- Мынау НұрАстана мешіті.
- Мынау Пирамида.
- Мынау Ханшатыр
- Мынау Ақорда
Бұл – «Астана - Бәйтерек» кешені. Оның биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» кешені «Ертөстіктің» оқиғасы желісімен өрілген.
Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік биік бәйтерекке кездеседі. Ағашты көріп таң қалады. Бәйтеректің нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болып, дәулетті ғұмыр кешеді.
Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының көрінісін тамашалауға болады.
«Ақ орда» резиденциясы.
Ақ орда – ҚР Президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіс сөздер жүргізеді.
Балалар, Астана қаласында демалатын орындар көп екен.
Келесі тамашалайтын көрікті жердің бірі – «Думан» ойын-сауық кешені.
«Думан» ойын-сауық кешені
Онда кинозалдар, океанариум бар. Океанариумнан түрлі жырқыш балықтарды көре аласың. Ал кинозалда арнайы көзәйнектер киіп, экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің.
Ал, енді балалар қазір бір ойын ойнап жиберейік
Д\ойын: «Ойлан тап» деп аталады
Шарты:Осы танысып отқан ғиматарттардың аттарын буынға бөлгіту.
Балалар экранға назар аударайық
1.Балалар мынау қандай ғимарат?
Ал балалалар кім астана туралы тақпақтарды біледі


.

Ақорда. Бәйтерек.Ханшатыр.Пирамида ғиматарттары.
Балалар тақпақ айтады

Сергіту сәті.
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.

Үстел үсті жұмыс
«Бәйтеректі әдемі етіп жасап шығару»
Балалар біз қазір
Бәйтеректің бейнесін түрлі - түсті бормен манна ұнтағы араласқан қоспамен бәйтеректі безендіреміз.
Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып, балаларды бәйтеректің бейнесін бояуға жұмылдыру. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін бояп шығады.
Балалар өздері білетін тақпақтарды сұрау
Балалар Астан қаласына қандай жақсы тілек тілер едіңдер?
Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмысты орындайды

Балалар өздері білетін тақпақтын айтады.
Балалар өздерінің тілектерін айтады
Рефлексивті – түзетушілік Балалар қортындылай келе қай қаламен қандай ойын сауық кешендерімен таныстық?

Ол ең басты қала.
«Астана қаласы»

Балалар өскенде Астанамыз бұдан да әсем етіп көркейетінін айтты.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Астана,ең бас қаламыз екенін біледі.
Нені игереді: Әсем қала, жас қаласы екенін үлкен ғимараттарды дұрыс айта білуге игерді
Нені біледі:Астана туралы білімдерін кеңейтті,сөздік қорын молайтты,есте сақтау қабілеттерін дамытты. Тәрбие.орг сайтынан Елордасы - Астана Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдиргалиева Жамал Дарикуловна

Пікірлер: 0

avatar