Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ересектер тобына арналған театрландырылған сабақтар
  • 14.02.2017
  • 159 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21750

Ересектер тобына арналған театрландырылған сабақтар:

Қыркүйек:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Кел, танысайық!».
Мақсаты: Әр баланың өз аты-жөнін, педагогтың аты-жөнін айта білуге үйрету. Балалармен «Диктор» ойынын ұйымдастырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Өзгертемін өзімді, тауып ал кім екенімді!».
Мақсаты: Балалардың өз-өздерін әдемілеуі, қимыл-қозғалыс арқылы өздерін өзгерте білуіне үйрету. «Дауысыңды өзгерт» ойынын ұйымдастыру.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Шешуін тап!».
Мақсаты: Балаларды жұмбақтың шешуін тез таба білуге үйрету, олардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Қимылымнан таны»
Мақсаты: Балаларды қимыл-қозғалыс арқылы аңдар мен жануарлардың жүрестерін келтіруге үйрету, олардың қиялын дамыту. «Қасқырлар мен қояндар» қимылды ойынын ұйымдастыру.
Қазан:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Досыңды ұмытпа».
Мақсаты: Балаларды «Жаман жолдас» ертегісімен таныстыру. Кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен істеген ісіне қарай олардың қандай жолдас екенідігіне мінездеме беруге үйрету, оларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Жаман жолдас жолда қалдырады».
Мақсаты: Балаларға «Жаман жолдас» ертегісін оқып беру. Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету, оларды достыққа, адамгершілікке, досқа деген адалдыққа тәрбиелеу.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Досы көпті жау алмайды».
Мақсаты: Балаларға «Жаман жолдас» ертегісін сахналандыру. Балаларды диалогпен сөйлеуге үйрету, олардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.
4 сабақ.
Тақырыбы: « Аңдар паркінде мен не көрдім?».
Мақсаты: Диалог, монолог бойынша сөйлеуді жетілдіру. Өмірде көргендерін сөзбен жеткізе білуге үйрету.
Қараша:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Көбелек пен маса » ертегісі.
Мақсаты: Балаларды «Көбелек пен маса» ертегісімен таныстыру. Ертегі мазмұнына қарай педагогтың сұрақтарына толық жауап беруге дағдыландыру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Ертегі әлеміне саяхат».
Мақсаты: Балаларға «Көбелек пен маса» ертегісін оқып беру. Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету, оларды достыққа, адамгершілікке, досқа деген адалдыққа тәрбиелеу.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна».
Мақсаты: Балаларға «Түлкі мен тырна» ертегісімен таныстыру. Ертегі мазмұнына қарай педагогтың сұрақтарына толық жауап беруге дағдыландыру.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна».
Мақсаты: Балаларға «Түлкі мен тырна» ертегісімен сахналандыру. Балаларды диалогпен сөйлеуге үйрету, олардың бойына жақсы қасиеттерді дарыту.
Желтоқсан:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды «Түлкі мен қырғауыл» ертегісімен таныстыру. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Маған ертегі ұнайды».
Мақсаты: Балалармен «Түлкі мен қырғауыл» ертегісін сахналау. Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету. Балалардың әрбір сөзін анық айтуына қол жеткізу.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Ойын сабақ».
Мақсаты: Балалармен ойындар ұйымдастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Мынау қандай ертегі кейіпкері?».
Мақсаты: Балаларға үстел үсті театры арқылы ертегі кейіпкерлерін көрсету, балалардың алған білімдерін кеңейту, балалардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту. Оларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қаңтар:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық».
Мақсаты: Балалардың диалогпен сөйлеу мәдениетін жалғастыру, ертегі кейіпкерлерінің мінез- құлқына қарап айыра білу; Достық қатынастарды жетілдіру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Ертегі әлемі»
Мақсаты: Ертегінің көмегімен балалардың ақыл- ойын жетілдіру, олардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Сөйлеп үйренеміз».
Мақсаты: Балалардың өз ойларын мәнерлеп жеткізуіне жол ашу, сөздерді әртүрлі екпінде айтуға үйрету. Оларды әңгімелесе білуге баулу.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Анық сөйлеу».
Мақсаты: «Жаңылтпаш» туралы түсініктерін бекіту, жаңа түсініктерді балалардың сөздік қорына енгізу. Бірлесе жұмыс атқаруға жұмылдыру.
Ақпан:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Жетім қозы мен қасқыр».
Мақсаты: Балалардың дауыс ырғағын жетілдіру. Балаларды ертегі мазмұнына сай сұрақтарға жауап беруге үйрету, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге талпындыру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Менің сүйікті ертегім».
Мақсаты: Әрбір адамның жеке дамуының ерекшілігі, қызығушылығы мен бейімділігін көрсету. Байланыстыра және ойланып өз ойын жеткізе білуге үйрету.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Қаз бен түлкі» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнына сай сұрақтарға жауап беруіне үйрету, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге жол ашу.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Ертегі жайлы әңгімелесеміз».
Мақсаты: «Қаз бен түлкі» ертегісі мазмұнына сай сахналандыруға үйрету. Кейіптерлердің мінез- құлқына ден қою. Балаларды өз- өзіне деген сеніміге тәрбиелеу.
Наурыз:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» ертегісі.
Мақсаты: Балалардың сахналық қойылымға деген жауапкершілігін арттыру, ұжымда, топпен жұмыс істей білуге үйрету, адамгершілік қасиеттерді жетілдіру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Ертегімен достастық».
Мақсаты: «Түлкі мен қоян» ертегісін сахналандыру. Олардың бір- бірімен жақсы қарым- қатынаста болуын жалғастыру, сөздік қорын молайту.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Жалқау мысық» ертегісі.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әр баланың талабын шыңдауға мүмкіндік туғызу, шыншылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4 сабақ.
Тақырыбы: «Мен -ертегі кейіпкері».
Мақсаты: Балалардың ертегі кейіпкерлерінің образдарына ене білуіне үйрету, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, балаларды еңбекқорлыққа, шыншылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сәуір:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Біз- көңілді балалармыз».
Мақсаты: Балалардың өз ойын жеткізе білуіне үйрету, қимыл- қозғалыс, бет- әлпетті өзгерту арқылы әртүрлі көңіл күйді жеткізе білуге тәрбиелеу.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Әтеш пен тоты».
Мақсаты: Ертегімен балаларды таныстыру. Балаларды әр түрлі көңіл- күйді бейнелей алуына талпындыру, балалардың шығармашылық қасиеттерін шыңдау.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Біз ертегі ойлап табамыз».
Мақсаты: Балалардың байланыстыра сөйлеуін жетілдіру, өздігінен ертегі кейіпкерлерінің ерекшеліктерін көрсете білулеріне үйрету, өз қабілеттерін ұжыммен бірлесе атқаруға жұмылдыру (әлеуметтік дағдылар).
4 сабақ.
Тақырыбы: «Сөз ойла, тез ойла».
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, балаларды өздігінен әңгімелеуге, айналадағы өмірден, табиғаттан алған әсерлері бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Мамыр:
1 сабақ.
Тақырыбы: «Әке мен бала» Ы. Алтынсарин.
Мақсаты: «Әке мен бала» әңгімесімен таныстыру, балаларға әдеби тілдің байлығы мен сұлулығын тани білуге көмектесу, өз ойларын толық жеткізе білуге талпындыру.
2 сабақ.
Тақырыбы: «Үлкендерді тыңдаймыз».
Мақсаты: Балалардың ертегі кейіпкелерін сомдауға үйрету, тіл ерекшелігін тани білу қабілетін дамыту. Шығарма желісі бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.
3 сабақ.
Тақырыбы: «Еңбек түбі-береке».
Мақсаты: «Әке мен бала» әңгімесін сахналандыру. Балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармадан көркем сөздерді тауып айтуға, мақал-мәтелдерді орынды пайдалануға үйрету.
4 сабақ.
Тақырыбы: «Ертегілер әлемінде қонақта».
Мақсаты: Балалардың ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын айыра білуіне үйрету, монологтық, диалогтық сөйлесуді жетілдіру, тілдегі әртүрлі көркем сөздерді пайдалана білуге үйрету, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу Тәрбие.орг сайтынан Ересектер тобына арналған театрландырылған сабақтар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтмаганбетова Капиза Айтмаганбетов

Сәтбаев қаласы №1 "Ертегі" балалар бақшасы әдіскер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 159 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar