«Ертөстік бізде қонақта»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 314
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21580


Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Қожақова Жанар Мәдіқұлқызы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сауат ашу, Қарапайым математика, Қоршаған ортамен таныстыру, Сурет
Тақырыбы: «Ертөстік бізде қонақта»
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы меңгергенін бекіту. «Дыбыс», «буын», «сөз», «сөйлем» ұғымдарын пысықтау. Қарапайым математикалық түсініктерін ойын, есеп шығару, логикалық ойындар арқылы жетілдіру.
Дамытушылық: балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту, ой – өрісін, санасын, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік : балаларды еңбексүйгіштікке, достыққа, сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: дыбыстарды естиміз, буындап оқимыз, сөздер ойлаймыз, сөйлем құраймыз, сандарды санаймыз, есеп шығарамыз.
Билингвалды сыңары: слышим звуки, читаем по слогам, придумаем слова, составляем предложения, считаем цифры, решаем задачи.
Заттық - дамыту ортасы: кеспе әріптер, буын сөздер, текшелер, қима қағаздар, сандар таңбасы, слайд.
Қолданылған технология: дамыта отырып оқыту, ойын, көрнекілік технологиясы, ароматерапия.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Ізденуші – ұйымдастырушы

Рефлексивті қозғаушы Шаттық шеңбері
Балаларды шеңбер бойына шақырамын. Балалар, бүгін күн қандай тамаша, бір – бірімізге, келген қонақтарға жылы лебізімізді білдірейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!

Қызықтыру сәті:
Музыка әуенімен қонаққа Ертөстік келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бұл кім балалар? Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық?
Ертөстік: балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің 8 ағам бар, ал мен 9 –шы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын балалар? Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын Ертөстік мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Ертөстік біз саған көмектесеміз, сен бірақ Тасболға көрінбе. Ендеше балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беріп жіберді екен сұрайық.
1 Тапсырма
“ Гүлдерге көмектес”


Ағашқа қонды он торғай,
Тағы келді төрт торғай.
Болады сонда неше торғай?

Табақта бар он бес алма,
Қолымда бар бес алма.
Болады неше алма?

Көлде жүзді он аққу,
Жағада жүр жеті аққу.
Барлығы неше аққу?

2- тапсырма
“Кім шапшаң сөйлем құрайды” ойыны


Жұмбақ
Күн нұрымен піседі,
Уылжып қолға түседі.

Ортасында қазығы бар,
Бұтағында азығы бар.

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.

Мұрны насос кранда,
Кім таңғалмас бұл аңға.

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама

Өзі қу, өзі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.

Бақшада жер қазық,
Жиып алдым жез қазық.

Сергіту жаттығуы
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/

3- тапсырма
“Зейінді бол” мақал-мәтелдер жалғасын тап.
Отан үшін отқа түс ...
2. Оқусыз білім жоқ ,
3 Отан оттанда ...
4. Оқу инемен ...
5. Кітап білім бұлағы, ...
6. Еңбек етсең ерінбей,...

7. Еңбектің наны тәтті, ...

8. Қыз өссе елдің көркі, ...

9. Жақсы сөз ...
10. Еңбек түбі ...

4- тапсырма
“Кім жылдам” қарама-қарсы сөздерді ата.
Ыстық-
Жақсы-
Ұл-
Жас-
Ащы-
Қыс-
Биік-
Жуан-
Қатты-
Үлкен-

5- Тапсырма
Кеңістікті бағдарлау.
Балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни Тасболдың мекеніне апаратын жол картасын бейнеле.

Балалар жол картасын аққағазға суреттің өздерінің орналасу реті бойынша жапсырады.
Тасбол: балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер, Ертөстікке де көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді Ертөстік ағаларыңды босаттым, қарсы ал.

Ертөстік: балалар сендерге көп – көп рахмет, сендер болмасаңдар не істер едім, міне бауырларымды Тасболдың сиқырынан босап шықты, сендерге көп – көп рахмет. Менің тосын сыйымды қабыл алыңдар.
-Балалар біз бүгін не өттік, не білдік, нені қайталадық?
-Бүгінгі оқу іс – әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Осы кезде қоржындағы сыйлықтармен балаларды мадақтаймын. Балалар шеңбер құрып қол ұстасып тұрады.

Қонақтармен амандасады.

Өлең жолдарын бірге айтып, орындайды.

Сәлеметсіз бе.
Ертөстік
Ертөстік ертегісіндегі ең кенже бала

Әрине құтқаруға көмектесеміз

Балалар гүлдердің ішіндегі есептерді шығарады

14

20

17

Алма ағашта өседі
Көбелік гүлге қонады
Нан бар жерде, ән бар.
















Қолдарын көтереді
балалар отырады

Қолдарын бұрып, мойнын бұрады
Балалар жаттығу жасайды.

Күймейсің.
Білімсіз күнің жоқ.
Ыстық
Құдық қазғандай
Білім өмір шырағы.
Тояды қарның тіленбей.
Жалқаудың жаны тәтті.
Гүл өссе жердің көркі.
Жарым ырыс
Зейнет.

Суық
Жаман
Қыз
Кәрі
Тәтті
Жаз
Аласа
Жіңішке
Жұмсақ
Кіші






Өтілген әріптерді, сандарды қайталадық, ойындар ойнадық.

Жұлдызшалар алады
Күтілетін нәтижелер:
Білуі: жыл бойы меңгерген білімдерін көрсете білуі.
Меңгеруі: өтілген дыбыстар, сандар туралы балалардың білімін бекіту.
Жасай алу: берілген тапсырмаларды орындайды. Тәрбие.орг сайтынан «Ертөстік бізде қонақта» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қожақова Жанар Мәдіқұлқызы

Пікірлер: 0

avatar