Ертеңгілік 8 наурыз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 214
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22707


Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне толтырып,әйел аналардың дәстүрлі мерекесі 8-ші наурызда келіп жетті.
Құрметті де,ардақты әжелер,аяулы аналар және әріптестер!!! Өздеріңізді ізді шуақты құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Ана өмірдің шуағы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Ендеше,кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар!
Ән: «Анашым»
Тақпақтар:
1.Бала: Біз доспыз гүлдермен,
Босқа оны жұлмаймыз.
Той күні бір бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
2.Бала: Ең аяулы есім ғой,ана деген,
Бар тіршілік бақыты анамменен.
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем.
Жүргізуші:
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Бүршік жарып ағаштар,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай мезгілде болады?
-Көктемде!
Иа, балалар көптен күткен Көктем мезгілі де келіп жетті.
Көктем аруы: Сағынышпен жеткен,
Келді міне көктем.
Жайнап көктем гүлі,
Құттықтаймын аналар,
Мерекелеріңізбен бүгінгі.
Жүргізуші: -Төрлетіңіз Көктем!
Балалар,күннің шұғылысын,бұлақтың сылдырын сағынды.
Ән: «Көктем»
Сағынышпен жеткен,
Келді міне көктем.
(Көктем аруы кетеді,сиқырлы сөздер тастап кетеді.)
Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Құттықтаймыз аналар,
Мерекелеріңізбен бүгінгі!
Аналарға арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
3.Бала: Анам үшін күнде мен,
Отынға ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Өзің үшін анашым,
Аянбайды балаңыз.
4.Бала: Қамқорсың ана өмірде,
Қуатым сенсің өмірде.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгінде.
Би: «Кішкентай бүлдіршіндер».
Жүргізуші: Балалар,қалайша көктем аруының сиқырлы гүлдерін ұмытып кеткенбіз. Кәне, бәріміз бірге айтып көрейікші.Мүмкін ғажайып болар.
Сиқырлы сөздер: Қарсы алыңдар достарым,
Шуағын төгер күн көзін.
Күн көзі: Дала гүлге бөленді,
Қуанышқа кенелді.
Өйткенібұл көктем ғой,
Шуағымды төгем ғой.
Мен жер бетіне нұрымды шашамын,тіршілік иелеріне жылуымды төгемін.
Құрметті әжелер,аяулы аналар мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Жүргізуші:Қош келдіңіз Күн нұры. Төрлетіп, қыздарымыздың әсем әнін тыңдаңыз.
Ән: «Ертегілер».
Ал,енді аналармен ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын: «Кім жылдам».
(Күн көзі қоштасып кетеді).
Ән: «Аяулы анам».
-Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен көктемнің алғашқы гүлі Бәйшешекпін.
Құрметті аналар,өздеріңізді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.
Жүргізуші: Төрлетіңіз,жоғары шығыңыз.
Балалар кәне, би билеп бір сергіп алайықшы.
Бәйшешек: Балалар,өздеріңмен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Гүлдерді жинау»
Жүргізуші: Балаларымыздың аналарға арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
5.Бала: Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Өнерлі боп өсеміз,
Жұлдыз болып жанамыз.
6.Бала: Әлдилеген анамның,
Аясында шалқыдым.
Ұғып тыңдап аламын,
Бақыт тілін, бал тілін.
Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Бәйшешек: Қандай өнерлі баласыңдар.Өте тамаша!
Менің де кететін уақытым келді. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балаларымыздың әсем биін қабыл алыңыздар!
Би: «Көктемгі вальс»
Қортынды бөлім:
Ардақты әжелер,аяулы аналар және әріптестер! Өздеріңізге денсаулық,ашық аспан,жүздеріңізге күлкі,құшақтарыңызға гүл сыйлай отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Келгендеріңізге көптен-көп рақмет! Тәрбие.орг сайтынан Ертеңгілік 8 наурыз Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айткужина Гульдарай Алтынбековна

Пікірлер: 0

avatar