Ертегі еліне саяхат. «Қасқыр мен ешкі ертегісі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 673
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19880


Сергеевка орта мектебі жанындағы
«Күншуақ »шағын орталығының
тәрбиешісі Болатбекова Арайлым Маратовна

«Күн шуақ» шағын орталығындағы ересек тобына суреттен берілген ашық сабағы.
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат. «Қасқыр мен ешкі ертегісі»
Мақсаты: Балалардың қиялы мен елесін дамыту. Дөңгелек пішінді заттарды қалай салуға болатынын көрсету. Дәстүрден тыс «Вольдорф технологиясы» бойынша сурет салғызу. Балалардың қызығушылықтарын арттыру. Үш түстін көмегімен толық алманын суретін шығару;
Әдіс-тәсілдері: А4 ақ парағын суға батырып алу арқылы сурет салғызу. Сұрақ-жауап, ойын іс әрекеті.
Көрнекілік: ойыншықтар театры- қасқыр мен ешкі, осы жануарлардың суреті, пластмасса бутылкасынан жасалған алма.
Қажетті құралдар: Алманың үлгісі, А4 қағазы, қызыл, жасыл,көк бояулары, сүлгі, су,қылқалам.
Оқу іс-әрекет кезендері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты,
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біз бүгін ертегі еліне саяхатқа шығамыз. Шаттық шеңберге тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.

Қуанады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік -Балалар, мен тақтаға бүгінгі ертегіміздің кейіпкерлерін бөліктерге бөліп іліп қойдым. Сендер сол бөліктерді құрастырып жануардың суретін шығару керексіңдер.
(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану)
-Балалар, өте жақсы. Берілген тапсырманы дұрыс орындадындар. Енді маған айтындаршы: қасқыр бізде қандай жануар?- Ол немен қоректенеді? Түрін сипаттап беріңдерші...

Билингвальды компонент: қасқыр-волк, ешкі- коза, алма- яблока.

-Енді балалар, біз сендермен ертегі еліне саяхатқа аттанайық. Ертегіні мұқият тыңдаймыз ба? Олай болса ертегіні бастамас бұрын сергіту сәтін істеп жіберейік:
Біз аяқпен топылдаймыз,
Біз қолмен шапалақтаймыз,
Баспен біз шайқаймыз,
Қолды жоғары көтереміз,
Одан кейін түсіреміз,
Одан кейін ақырын
Орнымызда жүгіреміз.
-Өте жақсы балалар. Енді орнымызға отырып, ертегіні мұқият тыңдаймыз.

-Ерте, ерте, ертеде орманда бір аш қасқыр өмір сүріпті. Қарны ашқан қасқыр өзіне орманды аралап тамақ іздейді. Келе жатқанда, алдынан ешкі шығады.
Қасқыр айтады:
- Ешкі, мен сені жеп қоямын. Өйткені менің қарным аш, бірнеше күн болды нәр тартқан жоқпын.- дейді ол.
Ешкі айтады:
- Ей,қасқыр! Сен мені жемеші, менің етім дәмді емес. Одан да менің қолымдағы алманы жеші.
Қасқыр айтады:
- Жоқ, мен алма жемеймін, өмірімде жеп көрген жоқпын. Ол дәмсіз.
Ешкі айтады:
- Қасқыр, сенің айтып жатқанын теріс. Алма өте дәмді, тәтті.
Қасқыр айтады:
- Жарайды, қане жеп көрейін,- деп алманы түгелдей жеп қояды.
- Ешкі алман қандай тәтті, бірақ мен тойған жоқпын.
- Қане, қасқыр-біз онда балалардан көмек сұрайық. Олар бізге көп алманың суретін салып берсін. Сонда сен алмаларға тоясын.
- Жарайды,-дейді қасқыр.
- Қане ,балалар,біз қасқыр мен ешкіге көмектесеміз ба? Алманың суретін салып береміз ба?
- Қане, онда сендер столға жақындап,өз орындарына отырындар.
-Балалар, суретімізді бастамай бұрын, саусаққа арналған жаттығуды істейік:
Бала,бала,балақан,
Қане, қайсы алақан
Саусақтарын әйбәт
Былай,былай ойнат.
-Енді суретімізді салайық.
А3 қағаздарын суға малып беремін де, алдарына қоямын.
Ал балалар үш түстін көмегімен алманын суретін салады. Ол үшін бірінші қылқаламның көмегімен сулы қағаздың бетін көк түсті бояумен бояп шығады,содаң соң қызыл түстін көмегімен алманың суретін қылқаламмен салады да, ішін бояйды. Ал үшінші кезеңде жасыл түс арқылы алманың жапырақтарын шығарады.
Сосын суретіміз дайын болады,бұл сурет Вольдорф технологиясы бойынша сурет салу деп аталады,яғни сулы қағазға сурет салу.
-Балалар, көп рахмет сендерге, қаншама көп алма болды менде. Бір тоятын болдым ғой,-дейді қасқыр.
-балалар, біз сендермен алма туралы қандай өлең жаттадық? Қанекей, бәріміз еске түсіріп,бірге айтайық:
Досым,досым,досыма,
Алма берем қашанда,
Жалғыз өзім жемеймін
Бірге бөліп же деймін!
Қасқыр мен ешкі балалармен қоштасып,ризашылығын білдіреді.

Балалар берілген тапсырманы орындап, қасқыр мен ешкінің суретін шығарады.

Балалардың жауабы.

Қасқыр-волк, ешкі-коза, алма-яблоко сөздерін қайталайды.

-Иә!

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Ертегіні мұқият тыңдап отырады.

-Иә, көмектесеміз.

Саусақ жаттығуын қимылына келтіріп орындайды.

-Балалар берілген тапсырманы орындайды.

-Балалар алманын суретін салып береді де, қасқырдың алдына қояды.

-Балалар қасқырға көмектескендеріне қуанады.

Барлығы бірге қайталап айтады.

Қоштасады.

Рефлексиялық – түзетушілік - Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?
- Не істедік?
- Өздерін қалай көмектестіңдер жануарларға?
- Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: әр жануарға сипаттама беру;
Түсінеді: бояуларды араластырып , сулы қағазда сурет салуы;
Қолданады: өз қиялдары бойынша да сурет сала білулері. Тәрбие.орг сайтынан Ертегі еліне саяхат. «Қасқыр мен ешкі ертегісі» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Болатбекова Арайлым Маратовна

Пікірлер: 0

avatar