Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ертегіде қонақта
  • 01.02.2016
  • 601 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15042

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (916.6Kb)

№31 «Күншуақ» МДҰ

Тақырыбы: «Қысқы әндер»
(ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
Тобы: «Балапан» 2-кішкентайлар тобы

Өткізген: Байдаулетова К.Ж.

Ақтөбе 2015 жыл

Тақырыбы: «Қысқы әндер»
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным,Шығармашылық,Әлеуметтік орта.
Мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту; тапсырманы мұқият орындау дағдысын үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Қыс мезгілі, қысқы ойындар,қысқы табиғат жайында түсінік беру;
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін сөздік қорларын дамыту; Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,сурет салу.
Керекті құралдар: Қысқы орман алаңы, үнтаспа,қар, «Шырша» ойын құралы, сурет салу құралдары.
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң!
Ақ қар басқан дала
Қайырлы таң!
Достасқан бар бала
Қайырлы таң !
Біздің балабақша
Тәрбиеші: Жыл мезгіліне тоқталып балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
- Қыс мезгілінде қандай мереке тойланады?
- Жаңа жыл мерекесінде бізге қонаққа кім келеді?
Дұрыс балалар ендеше сол аяз атаға арнаған әнімізді есімізге түсірейікші.Ән «Аяз ата»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар біз аяз атаға арнап ән орындап бердік. Қысқы орманды көргілерің келе ме? Ендеше жүріңдер қысқы орманға саяхатқа шығайық.
(орманға кіре бергенде боранның дауысы шығады)
Тәрбиеші: Балалар бұл боранның дауысы, қыста далада осындай дауыстар шығады, кәне бәріміз бірге боранның дауысын салайықшы: у-у-у-у.
Балалар қайталайды.
(әрі қарай жүре бергенде алдарынан қоян шығады)
Қоян: Салеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: Ой сәлеметсіз бе? Балалар бұл кім?
Балалар: Қоян.
Қоян: Балалар сендерге кездескенім қандай жақсы болды. Мен жана орманның ішінде келе жатсам алдымнан бір аққала шығып,қыс туралы тақпақтар білесің бе? дейді.Мен не дерімді білмей қалдым,бұл менің алғашқы қысым еді, сендер білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар қыс мезгілі туралы тақпақтар біледі. Кәнекей балалар кім қыс мезгілі туралы тақпақтар біледі екен,айта қойыңдаршы.
Балалар өздері білетін тақпақтарын айтып шығады.
Тәрбиеші: Көрдіңіз бе қоян,біздің балалардан үйреніп алыңыз.
Қоян: Ой жақсы болды ғой, қазір Аққаланы кездестірсем сендерден үйренген тақпақтарымды айтып беремін.
Тәрбиеші: Қоян біздің балалар қысқы орманға серуенге шығып еді, сізде жүріңіз бізбен бірге серуендеңіз.
Қоян: (шыршаны көрсетеді)Балалар мынау не? Балалар жауап береді.
Тәрбиеші: Қоян біздің балалар сол шыршаны сізге құрастырып та бере алады.
Қоян: (қар басқан талды көрсетіп)балалар мынау ағаштың үстіндегі не? Жерде жатқан затқа ұқсайды екен.
Балалар жауап береді.
Тәрбиеші: Қоян біздің балалар қардың суретін де сала алады, кәне балалар қоянға қардың суретін салып үйретейікші.
Тәрбиеші,қоян,балалар ақ бетке көк түсті акварель бояуымен саусақ арқылы қардың суретін бейнелейді.
Қоян: Ой балалар мен шаршадым.
Тәрбиеші: Балалар қоян қарды бірінші рет салып жатқандықтан шаршап қалды. Қоянмен бірге сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан у-у-у
Боран соғар сол жақтан у-у-у
Қар лақтырып ойнасаң.
Су болады қолғаптар.
Тәрбиеші: Балалар қысқы орманның іші тамаша екен,бірақ дегенмен де біздің тобымызға қайтатын уақыт болды.Қоян сізде бізбен бірге жүріңіз, біздің тобымызды көресіз.
Қоян: Жоқ, рахмет сендерге балалар!Сендерден қыс мезгілі туралы біраз нәрсе үйрендім. Бірақ менің үйім осы орманның ішінде, мен осы орманда мекендеймін.Мен сендермен бірге бара алмаймын, Қош сау болыңдар!
Балалар қоянмен қоштасады. Орманнан шығып топқа барады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге қысқы орман ұнады ма? Жарайсыңдар! Енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Қар лақтыру» деп аталады.
Мен сендерге қар лақтырып сұрақ қоямын, сендер сұраққа жауап беріп кейін қарай лақтырасыңдар.
Сұрақтар:
- Сендер қайда бардыңдар?
- Орманнан кімді кездестірдіңдер?
- У-У-У деген ненің дыбысы?
- Қоянға қандай мезгіл туралы тақпақ айттыңдар?
- Ненің суретін салдыңдар?
- Жаңа жылда сендерге сыйлықты кім береді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер бүгінаққаланы да әдемі құрастырдыңдар, қоянға көп нәрсе үйреттіңдер,жақсы тақпақ айттыңдар,қардың суретін де жақсы салдыңдар,Керемет.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: «Балапан» 2-кіші тобы Күні: 16.04.2015ж Тәрбиеші: Байдаулетова К.Ж.
Білім беру саласы: Коммуникация,Таным, Шығармашылық, Бөлімі: Тіл дамыту,Көркем әдебиет, Құрастыру Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»
Мақсаты: Балаларды ертегі бөліктерін суретіне қарап а жырата білуге үйрету;Ертегі желісімен берілген тапсырмаларды орындай білуді меңгерту;
Білімділік: Жеңіл ертегілер жайында түсінік беру;
Дамытушылық: Ертегі арқылы ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Бір-бірлеріне және ертегі кейіпкерлеріне деген мейірімділікке тәрбиелеу;
Керекті құралдар: Ертегі бөліктері берілген суреттер,ермексаз,сәбіздің суреті,түрлі-түсті қағаздан үйшік.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы 1. Шаттық шеңбері: «Біз қандаймыз,қандаймыз»
2. Дидактикалық ойын: «Қай ертегі бөлігі?»
Шаттық шеңберін жасайды.
Балалар тақтадағы суретке қарап,қай ертегі бөліктері екенін ажыртып береді
Ұйымдастыру – іздену 3. Тәрбиеші :
- Балалар назар аударыңдаршы біз барлығымыз қандай түсті болып киініп келгенбіз?
- Дұрыс сары түске киінгенбіз, біө қазір неге ұқсап тұрмыз?
- Ендеше барлығымыз бауырсақ болып серуендеп қайтамыз ба?
4. Алдарынан қоян шығады,қоянға сәбіз мүсіндеп беруді ұсынады..Қоянның биін билеп берулерін сұрайдыі.Қоянды өздерімен бірге серуенге алып жүреді.
5. Аю шығады аюға үйшік құрастырып беруді ұсынады. Аюды да өздерімен серуенге алып жүреді.
6. Қасқыр шығады,қасқыр шаршап келе жатады.Қасқырмен бірге сергіту жаттығуын жасатады.
7. Түлкі шығады, түлкіге тақпақтар айтқызады. Балалар сары түске деп жауап береді.
- Күнге, бауырсаққа.
- Балалар тәрбиешімен бірге бауырсақ болып, серуенге шығады
- Балалар тәрбиешімен бірігіп,сәбізді мүсіндейді,қоянның биін билеп береді.

Аюдың үйшігін жасап береді.

Қасқырмен бірге жаттығу жасайды.

Балалар түлкіге арнап тақпақтарын айтады.
Рефлексивті түзету 8. Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.
9. Балаларды мадақтау арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұрақтарға жауап береді.
Әнді орындайды.
Балалар қуанады.

Күтетін нәтиже:
Білу: Жеңіл ертегі бөліктерімен танысып біледі.
Игеру: Ертегілерді суретіне қарап ажыратуды игереді. Тәрбие.орг сайтынан Ертегіде қонақта Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байдаулетова Кенжегул Жаркинбаевна

БҚО Ақтөбе қаласы № 31 "Күншуақ" МДҰ Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 601 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar