Ертегілер елінде

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 370
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 02/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22732


«Болашақ» бөбекжай бақшасының
тәрбиешісі Шағатаева Алтын

Ертегілер елінде
Білім саласы: Қатынас, таным, денсаулық, шығармашылық.
Білім бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, сенсорика, қоршаған
ортамен танысу, дене шынықтыру, мүсіндеу.
Мақсаты: Ертегіні еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жақсарту, тілін дамыту, ертегі кейіпкерлерінің қимыл қозғалыстарын, көңіл-күй реңктерін көрсете білуге үйрету, сенсорлық тәрбие беру, шығармашылық қызығушылықтарын тудыру, денесін шынықтырып, саусақ бұлшық еттерінің белсенділігін арттыру; мейірімділік, жанашырлық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің киімін киген ересектер. Орман бейнесі, фигуралар, түрлі түсті текшелер, жемістер мен көкөністер (муляж), себеттер, мүсіндеуге арналған жабдықтар. Алдын-ала жұмыс: бауырсақ ертегісімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Қорқақ, айлакер, ку, залым, кербез, қорбаңбай.
Шаттық шеңбері: Армысың, ару күн. Армысың, көк аспан. Армысың, жер ана. Армысың, балабақша. Армысыздар, апайлар. Армысыңдар, достар!
(Балалар шеңбер құрып, өлең мәтініне сәйкес қимыл жасап, бір-біріне жылы тілек айтады).
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктемде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Қар еріп, күн жылиды,ағаштар мен гүлдер бүршік атады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көктем туралы көп біледі екенсіңдер. Ал енді осы көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
Арнұр: Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, .
Күннің көзі көрінді..
Айерке:Көктем; көктем, көктемде Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бр қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Тәрбиеші: Тамаша тақпақтар біледі екенсіңдер. Сендерге рахмет. (Осы кезде есік қағылады). Ой, кім келді балалар?
(Есікті ашады).
Бөлмеге хат тасушы кіреді.
Хат тасушы: Амансыңдар ма, балалар. Бұл «Бөбек» тобы ма?
Тәрбиеші: Ия. Сіз қателескен жоқсыз. Бұл «Бөбек» тобы.
Хат тасушы: Ендеше , мен сендерге хат әкелдім. (Хатты беріп шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар бұл хат кімнен келді екен?
Балалар хат бауырсақтан келіпті. Ол ертегілер елінде ,үйіне қайтар жолды білмей ,адасып жүр екен. Ол өзіне біздің көмектесуімізді сұрайды. Бауырсаққа үйін табуға көмектесеміз бе?
(Балалар қуана келіседі) ,
Тәрбиеші: Олай болса, ертегілер еліне сапар шегеміз. (Балалар
қол ұстасып, жолға шығады.. Алдарынан орман шығады.
Тәрбиеші: Балалар біз орманға келдік. Орманда көп ағаштар
өсіп тұр екен. Мына гүлдерге қараңдаршы қандай әдемі. Бірақ
бұл гүлдерге қонып отырған көбелектер өздерінің түсіне сәйкес
келетін гүлге емес, басқа гүлдерге қонып отыр екен. Келіңдер
оларды дұрыс орналастырайық. Балалар қызыл көбелекті
қызыл гүлге, сары көбелекті сары гүлге, тағысын тағы,
орналастырады.


Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар, сендер түстер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Енді сапарымызды одан ары жалғастырайық.
Орман шетінде қоян жылап отырады.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не? ; .
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші Қоян қандай?
Балалар: Қоян қорқақ, құлақтары ұзын.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, бірақ қоян жылап отыр ғой? Қәне, сұрайықшы, оған не болды екен?
Тәрбиеші: Қоянжан, сен неге жылап отырсың?
Қоян: Мен мына батпақтан өте алмай отырмын.
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесіп оны батпақтан өткізіп жіберейікші. Ол үшін мына пішіндерден көпір құрастырамыз. (Балалардан пішіндердің атын сұрайды. Пішіндерді қатар қойып көпір жасайды. Батпақты баспай көпірден қоянды ертіп өтеді)
Қоян: Ой, балалар, сендерге көп рахмет. Менен сендерге
қандай көмек керек?

Балалар: Бізге бауырсақтың қалай қарай кеткенін көрсең айтшы? Қоян: Балалар, бауырсақ мына жаққа қарай кетті. ( Балаларға
жолды көрсетеді. Балалар қоянмен қоштасып кетеді. Балалар жолмен жүріп келе жатады. Алдарынан қасқыр шығады.)
Тәрбиеші: Балалар бұл не?
Балалар: Бұл қасқыр, ол ашулы, қатігез. Құлақтары қысқа,
тістері өткір.
Балалар: Амансың ба қасқыр? Сен бауырсақты көрдіңбе?
Қасқыр: Көрдім, бірақ сендер маған текшелердің түсін айтпасаңдар, мен сендерді бауырсаққа жібермеймін.
(Балалар текшелердің түсін ажыратып, қорапқа салады.)
Қасқыр: Ой, рахмет, балалар. Бауырсақ мына жаққа қарай кетті.
(Бауырсақтың кеткен жолын көрсетіп, жөн сілтейді.
Балалар қасқырмен қоштасып жолға шығады.) . :
Алдарынан қорбаңдаған аю шығады.
Тәрбиеші: Балалар ; білесіңдер ме бұл не?
Балалар: Бұл қорбаңбай аю.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар аю қандай?
Балалар: Ол қорбаңбай, дәу, құлақтары кішкентай, даусы жуан.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар; ал осы аю туралы қандай тақпақ
білеміз.
Сергіту сәті. Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық.
Қалтамызға салайық .
Тәрбиеші: Балалар аюмен амандасайықшы.
Аю: Сендер неге келдіңдер, мен сендерді жеп қоямын.?
Тәрбиеші: Аю, сен бізді жеме, оданда бізге бауырсақтың қайда кеткенін айтшы?
Аю: Жарайды, сендер жақсы балалар екенсіңдер, жемей-ақ қояйын, бірақ сендер маған мына жемістер мен көкөністерді ажыратып беріңдер.
Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі ыдысқа бөліп салады. . :
Аю: Рахмет, балалар. Сендердің іздеген бауырсақтарың мына
жаққа қарай кетті. (Балалар аюмен қоштасып, жолға шығады.)
Балалар орманда келе жатып, түлкіге кездеседі.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не? :
Балалар: Ол түлкі. , ,
Тәрбиеші: Түлкі қандай?
Балалар: Ол өте қу, айлакер, кербез.
Тәрбиеші: Ендеше, түлкімен амандасайықшы. Балалар түлкімен амандасады.
Түлкі: Сендер кімсіңдер?
Балалар: Біз «Бөбек» тобының балаларымыз. Бауырсақты іздеп
жүрміз. '
Түлкі: Мен сендердің бауырсақтарыңды көрдім. Ол менің қолымда.Менің қарным аш, сондықтан, оны жегім келіп отыр. Балалар: Түлкі, сен оны жемеші, біз саған қамырдан көптеген бауырсақтың мүсінін салып берейік
Балалар қамырдан бауырсақ жасайды. Оны түлкіге береді.
Түлкі: Ой балалар сендерге үлкен рахмет. Мен бұл бауырсақтарды пісіріп жеймін. Ал сендердің бауырсақтарыңды босатып жіберейін. (Түлкі кетеді. Ағаштардың арасынан бауырсақ шығады.)
Бауырсақ: Саламатсыңдар ма, балалар?
Балалар(қуана): Саламатсың ба, бауырсақ.
Тәрбиеші: Бауырсак, сені аман-есен көргенімізге қуаныштымыз.
Балалар, енді, бақшамызға қайтайық.
(Балалар топ бөлмесіне оралады.)
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме, балалар, үлкендердің тілін алмай үйден кетіп қалған бауырсақтың жағдайы не болғанын, егер сендер болмағанда, түлкі бауырсақты жеп қояр еді. Атай мен Әжей ренжіп жылар еді.
Бауырсақ: Балалар, сендерге үлкен рахмет. Мені қу түлкіден құтқарып қалдыңдар. Мен, енді, атам мен әжемнің тілін алатын боламын. Олар мені күтіп қалған болар, мен кетейін, сау болыңдар, балалар. (Бауырсақ шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін қайда бардық?
Балалар: ертегілер еліне.
Тәрбиеші: ертегілер еліне не үшін бардық?
Балалар: бауырсаққа көмектесу үшін.
Тәрбиеші: ертегілер елінде сендер қандай жануарларды көрдіңдер?
Балалар:Қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Тәрбиеші: ол жануарлар қандай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.
Тәрбиеші: дұрыс, балалар, біз бүгін сендермен бірге ертегілер еліне барып, онда «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерімен кездестік. Олардың тапсырмаларын орындап, бауырсаққа үйін табуға көмектестік. Жарайсыңдар. Сендер бүгін игі іс істедіңдер.
• . . . ■ . , •
Тәрбиеші сабақты қорытып, балаларды мақтап-мадақтайды.
Күтілетін нәтиже: 1.Біледі: Ертегі мазмұнын біледі. 2. Түсінеді. Пішіндерді, түстерді ажыратуды. 3.Қолданады. Жемістер мен көкөністерді ажыратып, бауырсақтың мүсінін жасайды. Мейірімділікті, үлкендердің айтқанын тыңдауды үйренеді. Үйренгендерін ойында қолданады. Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер елінде Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шағатаева Алтын

Пікірлер: 0

avatar