«Ертегілер елінде»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 583
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22854


Ұйымдастырылған оқу-қызметі
Тақырыбы:
«Ертегілер елінде»

Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, драма, жаратылыстану
Мақсаты: Ертегі және ойын арқылы балалардың қоғамдағы құқықтары.
Жайлы білімдерін жетілдіру. Баланың отбасы жайлы білімдерін арттыру, ата-анасының міндеттерін, өз құқықтарын қорғау білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үйшік, гүлдің күлтешелері, суреттер, кейіпкерлер, ойыншықтар, өсімдектер.
Билингвалдық компонеттер: Әдемі гүл-красивый цветок, қызықты ертегі-интересная сказка, үйшік-теремок, құқық-право, еркіндік- свабода.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойындар, драматизациялау, көз
жаттығулары.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріміз
ерекше болмақ. Бізге бүгін қонақтар келіпті. Алдымен амандасып,
жылулық щеңберімізді бастайық .
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Реңжуді білмейміз
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Қуанайық қонақтар
Арайлап атқан кунге!
Енді орысша амандасайық.
-Добрый утро всем нам
-Добрый утро всем гостям
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар, көңіл куйімізді көтеріп алдық. Бәріне де сәттілік тілеймін. Балалар ертегілер еліне барғыларын келе ме? Онда поезд болып барайық .
Тәрбиеші:
Ал, паравоз баста алға
Бәрімізді басқарда
Пш – пш –пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік. (Бір айналып жүру)
Тәрбиеші: (Аудио – дыбыспен тыңдау)
Балалар, мен сендерге «шыңдық» деп аталатын ел туралы айтпақпын.
Бұл елде адамдар, аңдар, жәндіктер тату – тәтті өмір сүріпті. Өйткені олардың әрқайсысның бақытты болуға, өмір сүруге,дем алуға, еркіндікке құқықтары бар екен. Бұл елде түрлі – түрлі гүлдер, өсімдіктер, жайқалған бақ
болыпты. Адамдар сол гүлдердің арасындағы бір гүлге ерекше қамқорлық жасапты.Өйткені ол Бақыт гүлі екен. Оның күлтешесінде адамдардың құқығы жазылыпты. Кұлтешедегі құқықтарды сол елдің адамдары қатан сақтапты. Бәрі де жақсы болар ма еді, бірде сол елде аспаннан бұлт торлап, суық жел тұрып, тұрғындары желден қорқып тығылып қалыпты. Жел басылып, аспан ашылып, күн жарқырып шыққан кезде, олар бақыт гүлінің ешқандай күлтешесі қалмағанын көреді. Тұрғындардың өмірі астан –кестен болып, сол адамдар осы күнге дейін бақыт гүлінің күлтешелерін іздеп, оларға біреу көмектесер деген үмітпен жүріпті.
Тәрбиеші: Балалар, біз бұл елдің адамдарына, аңдарына көмектесе аламыз ба? (ия) Біз оларға бақыт гүлінің күлтешелерін тауып беріп, ол елдің құқықтарында біліп, есте сақтап алайық! Ол үщін көп ертегілер білуіміз керек. Мінеки балалар алғашқы ертегіміз мысық, түлкі және әтеш туралы.
Балалар, ертегі естеріне түсті ме? Ол ертегіде қандай құқық бұзылды? Түлкі қандай құқықты бұзды?
(гүлдін дыбысы естіледі)
Менің қызыл күлтешелерімді табындар, сұрақтын жауабы сонда жазылған. Балалар, бұл бақыт гүлінін дыбысы ғой. Кәне, қызыл күлтешені табайық.
Күлтешені оқу: Кез келген адам өмір сүру мен еркіндікке құқылы.Түлкі әтештін өмір сүру мен еркіндік құқығын бұзыпты.
- Кәне, бақыт гүліне қызыл күлтешесін қайтарайық.
Сендердін де өз құқықтарын бар. Оны сендер сақтайсындар ма? Балалар арасындағы төбелесті естеріне түсіріндер. Ол жақсы ма, жаман ба? Төбелескенде қандай боласындар? Ашулану дұрыс па? (балалардың жауабы)
Ойын: «Әтештер төбелесі»
Ойын шарты:
Бойынша балалар бір-біріне қарама – қарсы тұрады. Қолдарын артқа қойып, әтештерге ұқсап иық түйістіреді. Қай бала қолын жіберсе немесе құласа ойыннан шығады. Ойын соңында балалар бір – бірлеріне тілектерін айтады. (ден сау болсын, аспанымыз ашық болсын, от басы аман болсын, елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын)
Тәрбиеші: Балалар, мына үйішікке қарандаршы. Кәне көрейікші мында кім тұрады екен (есікті қағады)
Түлкі: Шықсам шығайын бірақ, ешкімді аямаймын. Ой, бұл кім? қоянның үйшігін ұрлап алған түлкі ғой.
Түлкі: Ал, қоян қайда?
Қоян:Енді қайтім,қайда тұрамын?
Тәрбиеші:Біз қазір (шыңдық) еліндеміз. Көк күлтешені тапсақ ғажайып болады. Балалар,кане көк күлтешені іздейік.
Түлкі: балалар сендер не іздеп жүрсіндер? Онанда қоянға үй тауып беріндер (балалар күлтешені тауып алады)
Түлкі:Қоян досым, өз үйшігіне кіре ғой. Мен сенін үйінді тартып алайын деген жоқпын, жай ғана әзілдедім.
Тәрбиеші:Міне қандай керемет, қандай ғажап гүл.Бұл күлтешеде қандай құқық жазылыпты.
Күлтешені оқу:Кез келген адам өз үйінде тұруға және өз өміріне өзгені араластырмауға құқылы.
Тәрбиеші: Міне, балалар түлкі қоянның өз үйінде тұру құқығын бұзыпты.
Балалар тағы қандай ертегілерде осындай құқық бұзылған (балалардың жауабы) «Аққу – қаздар», «Маша мен аю», «Жеті лақпен қасқыр», «Қызыл телпек»
Ойын: «Ертегінің атауын тап»
1. Аю, қыз, кемпір, қорап.
2. Түлкі, қоян, ит, әтеш, шалғы
3. Қасқыр, ұста, ешкі.
Мыстан кемпір: Сендер менім орманыма неге келдіндер?
Тәрбиеші: ой мыстан кемпір сіз неге мұндысыз? Дауысыныз жағымсыз, сөздерініз жаман естіледі. Сіз бүгін шыңдық еліне ұшып келдіңіз бе? Ол жерден бақыт гүлін көрдініз бе?
Мыстан кемпір: Ия көрдім.
Тәрбиеші: Оның күлтешелерін жұлдыныз ба?
Мыстан кемпір:Жұлдым (қорқып басын ұстайды) ой, ақымақ басым сендерге айтып қойыппын ғой. Сендер сол үшін келдіндер ме?
Ия, біздің гүліміздің күлтешесі сізде ме? Бұл жай күлтешелер емес, онда «шыңдық» елінің тұрғындарының құқықтары жазылған. Онсыз олар қиналып жүр қайтарыншы, өтінеміз.
Мыстан кемпір: Ха-ха-ха сендердің де оған құқықтарын жоқ. Күлтешеде жазылған құқықтар Қарақшынын немерелеріне ғана қатысты.
Балалар мыстан кемпір айтқаны әділдік пе? (жоқ)
Тәрбиеші: Сіздікі дұрыс емес. Барлық балалар тең құқылы. Біздің ата- аналарымыздың кім екені, ұлтымыздың қандай екені маңызды емес. Олай балаларды бөлуге болмайды. Соңдықтанда бізге күлтешені қайтарыныз.
Мыстан кемпір: Ақылдыларын қарай гөр, бәрібір күлтешені бермеймін.
Сіз балалардың бәрі бірдей екеніне сенесіз бе?
Біз қазір балалармен «жаңғырық» ойынын ойнаймыз. Шеңберге тұрамыз, бір баланын атын хормен айқалап айтамыз. – міне, енді сендініз бе?
Мыстан кемпір: Жарайды, араларында кітапханашынын баласы бар ма?
Тәрбиеші: - оны неге сұрадыныз?
Мыстан кемпір: Өйткені күлтешені кітапханашынын баласы ғана оқуға құқылы. Менім ойымша тәрбиешілердің баласы балабақшаға келеді. Мұғалімнін баласы мектепте оқиды. Дәргедің баласы емдейді, құрылсшының баласы әдемі үйде тұрады.
Тәрбиеші: Сіздікі мүлдем дұрыс емес. Бізде барлық балалар балабақшада тәрбиеленеді.Барлық бала білім алады, ауырса ауру ханада емделеді, барлықтарынын зәулім үйлері бар. (Балалар өздерінін мейірімділіктерін танытып, мыстан кемпірге құқық туралы кітапшаны береді)
Тәрбиеші: балалар біз барлық күлтешелерді жинадық.
Гүл: Рахмет сендерге балалар өз құқықтарымен міндеттерінді ұмытпандар, естерінде сақтандар!
Ойын жаттығу: «Гүлдер қандай әрекет жасайды?» (өседі,
гүлдейді,қозғалады, қуантады.)
Тәрбиеші: Ал балалар, біз ертегі елінен балалабақшаға қайтатын кез болды.
Ал паравоз баста алға (бір айналып балабақшаға қайту).
Тәрбиеші: (Тосын сый) балалар біз қайда бардық, қандай кейіпкерлермен кездестік? Құқықтар жайлы не білдік? Сендерге ұнады ма? Ризасындар ма?
Авторы: Мухамбетқалиева Бағила Қабдешқызы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші

№33 « Күншуақ» бөбекжай балабақшасы Тәрбие.орг сайтынан «Ертегілер елінде» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухамбетқалиева Бағила Қабдешқызы

Пікірлер: 0

avatar