Ертегілер елінде

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 821
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 27/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23669


"Драма" бөлімі бойынша өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Бакирова Фариза Оразалиевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Шалқан»
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой – қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Алғы сөз:
Құрметті әріптестер және балалар! бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Ертегілер елінде» атты апталығымызда біздің топтың ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
1.Қиял –ғажайып ертегісі.
2.Шыншыл ертегі.
3.Жан – жануарлар туралы ертегі.
4.Тұрмыс –салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс – салт туралы ертегі екен.
«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар.
Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін балалардың сахналағанын көріп – тамашалауды ұсынамын.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Баяғыда бір үйде,
Шал мен кемпір болыпты.
Тірліктеріне өмірде,
Көңілдері толыпты.
Бір күні шал аулаға,
Шалқан дәнін егіпті.
Шалқан қашан піскенше,
Маңдай терін төгіпті

Шалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.
Арлы – берлі тартқылап,
Жұла алмасын біледі.
Шақырады көмекке,
Үйде жүрген кемпірін. Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер елінде Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бакирова Фариза Оразалиевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar