Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ертегілер еліне саяхат
  • 30.03.2016
  • 1290 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18253

Білім беру саласы: Қатынас әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: көркем әдебиет,құрастыру.
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу.Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту.Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету,сұрақ-жауап,түсіндіру,әдістемелеу.
Көрнекіліктер: «Шалқан ,жеті лақ пен қасқыр, үйшік»,ертегі желісі,бойынша суреттер,аю,түрлі-тусті қағаз,желім,сүлгі,ақ қағаз.

Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп апайды қарашы.
Бәріңе де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме?

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыс айларын атап беріндерші?
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Қыс айында ауа-райы қандай болады?
-Суық,аяз.
-Далада не жауады?
-Қар жауады.
-Қардың түсі қандай?
-Ақ түсті.
-Адамдар қандай киімдерін киеді?
-Жылы киімдерін.
-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
-Иә.
-Қандай ертегі білесіңдер?
-«Шалқан,бауырсақ,жеті лақ пен қасқыр,қызыл телпек,үйшік».

Бүгін бізде ерекше сабақ болады біз сиқырлы поезға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап пойыз дыбысымен журеді)

1-аялдамаға келдік
шалқан ертегісін слайд арқылы көрсету.Бұл қандай ертегі:-кейіпкерлерін айту.
2-аялдама – слайдпен жұмыс
-Бұл қандай ертегі?
-Шалқан ертегісі.
-Осы ертегілер кейіпкерлерін атандаршы?
-Ата,әже,немересі,күшік,мысық,
тышқан.
-Ешкінің неше лағы бар?
-Жеті лағы бар.
-Ешкі тамаққа кеткенде лақтарына не айтып кетті?
- Ешкімге есікті ашпа.
-Қасқыр лақтарды қалай алдамақшы болды?
-Өлең айтып.
-Қане,балалар лақтар туралы тақпақ айтайықшы:
Шөре,шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
* * * * * *

Балалар тағы да сиқырлы поезға отырып келесі аялдамаға барады.
3-аялдама: Орман.Сол орманда аю жылап отыр.
Тәрбиеші:Аю сен неге жылап отырсың,саған не болды?
Қалай мен жыламаймын,мына жерде үйшік тұрды,мен оған сыймай сындырдым,содан бәрі қашып кетті,кім маған көмектеседі?-деп балалардан сұрады.
-Балалар аю қай ертегіден келді?
-Үйшік.
Тәрбиеші:Жылама аю,біздің балаларымыз сондай ақылды.
Қане балалар аюдың көңілін көтеріп,аю туралы тақпақ айтып,бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Тәр:Аю,саған біздің балаларамыз үйшік жапсыруға көмектеседі.Ол үшін біз топқа қайтайық.
Аю балаларға рахмет айтып, орманға қайтады.Сау болыңдар,балалар!

* * * * * *
Ғажайып сәт:Бауырсақ
секіріп топқа кіреді.
Балалармен амандасады.
-Сәлеметсіздер ме балалар?
-Мені таныдыңдар ма?
-Иә.
-Мен кіммін?.
-Бауырсақсыз.
-Мен кімнен қаштым?
-Атадан,әжеден,қасқыр,аю,қоян,
түлкі.
Тәр:Ал сені түлкі жеп қоймадыма?
Бауырсақ мен оны алдадым,тулкінің тұмсығына отырмай қашып кеттім.
-Қане ,балалар қарайықшы,бауырсақ тулкіні алдап қайда қашты екен.
Слайд арқылы көрсету.
Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен,олар маған қайда барғандарын айтып бере алама?
-Сендер не көрдіңдер,не істедіңдер?
Егерде сендер маған толық жауап берсеңдер,мен сендерге сыйлық беремін.
Бауырсақ:мен өз ертегіме барайын,сендерге арнаған сыйлығымды берейін(сыйлық тарту) cау болыңдар!

Қорытындылау:
Балалар бүгін барлығың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,тапсырманы жақсы
орындадыңдар:

Орнымыздан тұрайық
Әдепті бала болайык
Көріскенше күн жақсы.
Сау –саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Слайд аркылы өткен ертегілерін жатка айту.
Болуы: түрлі-түсті қағазбен, желіммен жұмыс жасай білу. Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер еліне саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулмурзаева Айтуган Балыкбаевна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Айгөлек" балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: a-kulmurzaeva
Көрсетілім: 1290 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar