Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
“Ертегілер еліне саяхат”
  • 08.06.2016
  • 476 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19179

№17 «Балауса» балабақшасы тәрбиешісі
Токмурзаева Қ

Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: “Ертегілер еліне саяхат”
Мақсаты: Балалардың көктем туралы ұғымдарын бекіту,білімдерін, біліктілігін ары қарай жетілдіру.
Білімділік: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып,ертегі кейіпкерлерінің мінез құлықтарын дауыс ырғағымен дәл айта, көрсете білуге баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту,ойларын,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Өзімен шамалас және үлкендер арасында тіл табыса білуге,мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,ойын.
Алдын-ала жұмыс: Табиғатқа саяхат,суреттер қарау,өлең жаттау.
Сөздік жұмыс: “Бүршік”, “Найзағай”, “Кемпірқосақ”,“Мейіз”.
Көрнекі құралдар: Ширма,үй,ертегі кейіпкерлері,ағаштар,гүлдер,кітаптар.
Ұйымдастыру:Армысыздар құрметті әріптестер!
Қане, балалар,жарты шеңбер болып тұрамыз. “Білім мен дүние жарық” дегендей қонақтарға біздің білімімізді, өнегелі тәрбиемізді көрсетейік. Олай болса, балалар қонақтармен амандасайықшы.
Арайлап таң атты, Қайырлы таң достар!
Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң қонақтар!
Жарқырайды күніміз, Сәлеметсіз бе,қонақтар!
Жарқырайды даламыз.
Өте жақсы балалар, барлығымыз өз орындарымызға отырып алайық.
Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр,тыныш отырып,берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Бізде бүгін “Көркем әдебиет” оқу іс-әрекеті. “Көркем әдебиет” оқу іс-әрекетін бастамас бұрын,жыл мезгілдеріне тоқталайық.Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Мұқият тыңдап,жұмбақ шешуін табыңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық келіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Өте дұрыс жауап,жарайсыңдар балалар!
-Сонымен қазір жылдың қай мезгілі екен?Ия дұрыс, Көктем.
-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады? Жылы.
-Біз қалай киініп жүрміз? Жеңіл.
-Көктем мезгілінде не жауады? Жаңбыр.
-Жаңбырдың дыбысы қандай? Тырс-тырс.
-Ағаштар не жарады? Бүршік.
-Ал,бүршіктен не шығады? Жапырақ.
-Жылы жақтан нелер ұшып келеді? Құстар.
-Қандай құстар? Қарлығаш,тырна,қаз.
-Егерде жаңбыр қатты жауып,аспаннан салдыр-гүлдір дыбыс шығып,от шашса,біз оны қалай атаймыз? Найзағай.
-Жаңбыр басылып,күн нұрын шашып,аспаннан түрлі-түсті жолақшалар пайда болса,біз оны қалай атаймыз? Кемпірқосақ.
Ия,өте дұрыс.
Ал, ендеше осы көктем мезгілі туралы тақпақ білеміз бе? Кім айтады?
Әнуар: Көктем,көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Ясмина: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге
Балалар біздер көркем әдебиет сабағында тақпақтарды жаттап, оны мәнерлеп айтуға,ертегілерді әңгімелеп,кейіптендіретін едік.
-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ия.
-Әже, мамаларың ертегі айтып бере ме?Ия.
-Ал,олай болса ертегі қалай басталады?
Балалар: “Баяғы заманда”, “Ерте,ерте,ертеде,Ешкі жүні бөртеде”деп басталады.Ия дұрыс.Енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,жұмбақтың шешімі ертегінің атына қатысты болады.Олай болса дұрыстап тыңдаңдар.
Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті.Олар көмекке қызын,қызы итін,иті мысығын шақырыпты.
Балалар: “Шалқан”ертегісі.
Енді келесі жұмбақты тыңдаңдар. “Атадан да қаштым,Әжеден де қаштым,Қояннан да қаштым...”
Балалалр: “Бауырсақ”ертегісі.
Осы кезде әсем әуен ойналып,ішке сиқырлы ханшайым қонаққа келеді.
Сәлеметсіз бе,балалар!Қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Тәрбиеші: Ия,сәлеметсіз бе,Сиқырлы ханшайым! Жақсы келдіңіз,төрлетіңіз.
Ертегілер еліне саяхат жасағымыз келген.Сіздің келгеніңіз өте жақсы болды.
Сиқырлы ханшайым: Мен де құр келгенім жоқ,жаңа ертегі кітаптарымды ала келдім. Тағыда сендерге алып келген ерекше сыйлығым бар.Ол мына сиқырлы сандықшаның ішінде.Балалар мені өздеріңдей көптеген бүлдіршіндер күтіп отыр.Соларға да өзімнің дайындаған сыйлықтарымды беруім кере,сау болыңыздар.
Балалар: Сау болыңыз Сиқырлы ханшайым!
Тәрбиеші: Балалар,біз Сиқырлы ханшайымның сандығын ашпас бұрын,сергіту жаттығуын жасап, бойымызды сергітіп алайықшы.Қане балалар,орнымыздан тұрып,партаның бір шетіне шығамыз.
Балалалармен бірге: Жел соғады бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Жел басылып,бірте-бірте
Биіктейді ағаштар.
Қане, жайлап орнымызға отырайық.Сиқырлы ханшайымның сиқырлы сандығын ашайық.Ой, балалар,сиқырлы ханшайым бізге “Мейіз”әкеліп беріпті.Балалар сендер мейіздің не екенін білесіңдер ме?Білмесеңдер,мен сендерге түсіндіріп өтейін.Мен қазір бір суретті тақтаға ілемін.
-Қандай жеміс,кім айтады?Ия,Дұрыс жүзім.
-Жүзім жеміс пе,көкөніс пе?Ия,жеміс.
-Ал,ол қайда өседі?Ағашта.
-Олай болса,балалар,жүзім жемісінің кептірілген түрін “Мейіз”деп айтамыз.
-Енді,сиқырлы ханшайымның әкелген мейізінен дәм татайық.
-Мейіздің дәмі қандай?Тәтті.
Енді,балалар “Мақта қыз бен мысық”ертегісін тыңдайық.Ерте,ерте,ертеде “Мақта қыз бен мысық”дос болыпты.Бір күні Мақта қыз уй сыпырып жүріп мейіз тауып алыпты.Мысығына бергісі кеп, мысығын шақырыпты.Мысығы келмепті.Келмеген соң,мейізді өзі жеп қойыпты.Сол кезде мысығы келіпті.Мақта қыз неге шақырдың деп сұрапты.Мақта қыз айтпаймын депті.Мысық егерде айтпасаң,қатығыңды төгіп тастаймын депті.Сөйтіп қатығын төгіп тастайды.Онда мен сенің құйрығыңды жұлып аламын деп жұлып алады.Мысық құйрығымды берші,бермеймін,менің қатығымды әкеліп бер дейді.Сөйтіп,мысық сиырға келіпті.
-Сиыр-сиыр қатық берші.Бермеймін,маған жапырақ әкеліп бер,сосын қатық беремін.
-Жақсы.
-Ағашқа келіп,ағашағаш-ағаш маған жапырақ берші,жоқ бермеймін,маған су әкеліп бер,мен шөлдеп тұрмын.
-Жақсы.
-Қыздарға келіп, қыздар-қыздар маған су әкеліп беріңдерші,жоқ бермейміз,бізге сағыз әкеліп бер.
-Жақсы.
-Дүкеншіге келіп, дүкенші-дүкенші маған сағыз берші.Сағыз бермеймін,маған жұмыртқа әкеліп бер.
-Жақсы.
-Тауыққа келіп,тауық-тауық маған жұмыртқа берші,бермеймін,менің қарным аш,маған дән әкеләп бер.
-Жақсы.
Енді не істесем деп тұрғанда,бір тышқанды көріп қалыпты.Тышқан өзінің інін қазып жатыр екен.Мысық артынан шап беріп ұстап алыпты.Тышқан қорыққанынан мені жемеші деп жалыныпты.Мысық тышқанға ініңде не бар деп сұрапты.Інімде бір қап дәнім бар деп жауап беріпті.Олай болса,дәніңді алып кел депті.Тышқан дәнін әкеліп мысыққа беріпті.
-Дәнді тауыққа,тауық жұмыртқа беріпті.
-Жұмыртқаны дүкеншіге,дүкенші сағыз беріпті.
-Сағызды қыздарға,қыздар су беріпті.
-Суды ағашқа құйыпты,ағаш жапырақ беріпті.
-Жапырақты сиырға беріпті,сиыр қатық беріпті.
-Қатықты Мақта қызға апарып беріпті.Мақта қыз құйрығын беріпті.
Осылайша ертегіміз аяқталады.Балалар,енді ертегіні кейіптендіреміз.
Бізде жүргізуші-Жанна.
Мақта қыз-Мадина.
Мысық-Аружан.
Сиыр-Ерболат.
Ағаш-Жасұлан.
Қыздар-Жұлдыз бен Мөлдір.
Дүкенші-Жанна.
Тауық-Нұрсұлтан.
Тышқан-Жанарыс.
Өте жақсы балалар,ертегіні өте жақсы тыңдапсыңдар,жарайсыңдар.
-Енді балалар,мысық дұрыс жасады ма?Жоқ.
-Қатықты төгуге болама?Жоқ.
-Сендерге ертегі ұнады ма?Ия.
-Балалар,бізде бүгін қандай сабақ болды?Ия,дұрыс,көркем әдебиет.
-Ертегі қалай аталады? “Мақта қыз бен Мысық”.
Ия, балалар,сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар,балалар.Ендеше,қонақтарға “Сау болыңыз” дейміз. Тәрбие.орг сайтынан “Ертегілер еліне саяхат” Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзаева Қ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 476 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar