Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ертегілер еліне саяхат»
  • 17.12.2016
  • 163 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20558

Құзыреттілікке жеткізетін – ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері:

Күні: 09.12.16
Тәрбиеші Казиева А.К
Білім беру саласы «Таным»
Бөлімі Қарапайым математика.
Тобы: Ортаңғы топ
Тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат»
А) ақпараттық құзыреттілік Балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға (артық-кем, қанша, сонша, бірдей) үйрету, оларды 5 көлеміндегі сандарды санауға жаттықтыру,
ә) коммуникативтік құзыреттілік Заттарды кеңістікте орналасуына қарай (оң, сол, астында, оң жақта, сол жақта, жоғары, төмен т.б) анықтап, салыстыруға үйрету.
Б) проблема шешу құзыреттілігі Өз бетімен тәрбиешінің сұрағын түсініп, берілген тапсырманы орындауға дағдылау. Әр баланы өзінің жеке жұмысын жасап қана қоймай, өзге достарына да көмектесуге тәрбиелеу, достық сезімдерін ояту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар Ертегі бойынша ойын-жаттығулар, дамыта оқыту, кешенді түрде.
Әдіс – тәсілдер Түсіндіру, ертегіні интеграциялау, сұрақ-жауап, көрсету, сергіту сәті, дидактикалық ойын, шаттық шеңбер.
Оқыту құралдары: Тақта, үйшік, тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, 5 ағаш, көк-өніс бейнеленген карточка, 1-ден 5-ке дейінгі сандық карточкалар,
Қостілділік бөлім: Один – бір, два – екі, три – үш, четыре – төрт, пять – бес, , сказка – ертегі, заяц – қоян, лягушка – бақа, волк – қасқыр, лиса – түлкі, мышка – тышқан.

Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы бөлімі Балалар мен сендерге бүгін қызықты ұ.о.і әрекетін өткізем.Бұл сабаққа өте белсенділікпен қатысайық.Қатысамызба?Балалар бірінші бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.Менән артымнан қайталаймыз жарайма? Шаттық шеңбер Қол алысып кане біз Достасайық бәріміз Тілегім көп сіздерге Тек тұрмандар шеңберге Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру Бүгін біздің сабағымыз ойын сабағы ретінде өтеді.Мен сендерге қазір қызықты ертегі оқып берем,сол ертегіні мұқият тындаймыз және сабаққа белсене қатысамыз.


Шеңберге тұрады

Тәрбиешінің тыңдайды
Іздену ұйымдастырушы бөлімі Олай болса қазір менің сендерге айтып беретін ертегімнің аты:Үйшік ертегісі.
Тәрбиеші әңгімелейді:- Алаңда бір үйшік тұр.(суретті көрсетеді). Жертесер тышқан оны көріп қалып сұрайды.. (тышқанның карточкасы қойылады Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріне үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:
1.Суреттерді мұқият қарап шық.Оң жақта тұрған қалтаға көкөністерді,ал сол жақта тұрған қалтаға жеміс жидектерді «теріп сал».
2.Бақшадағы көк-өністерді сана. (санау арқылы).
3.Дидактикалық ойын: «Сана да, салыстыр.
Тәрбиеші:Тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, тышқанға үйшіктің есігі ашылды. Жарайсыңдар! Тышқан үйшікке кіріп сонда тұра бастайды.
Тәрбиеші: Үйшікке секіріп бақылдауық бақа келді:
-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
-Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді: Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріне үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:
1.Ал енді балалар үйшіктегі ғажайып дауыс бізден санамақ айтуымызды сұрайды.Білемізба?
Тәрбиеші: -Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, сондықтанда сиқырлы үйшіктің есігі бақылдауық бақа үшін ашылды. Жарайсыңдар! Бақа сол күннен бастап үйшікте тұра бастады.
Секектеп секек қоян келді.
-Неткен үйшік!
Үйшікте кім тұрады?
Жануарлар жауап беріп үлгерместен:
Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
Менің тапсырмаларымды орындағандардың бәріне үйшік өз есігін ашады.
Тақпақ айтып беруімізді сурайды.
Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, қоянға үйшікке кіруге көмектестіңдер.
Үйшікке жүгіріп көкжал қасқыр келді.
Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Жануарлар жауап береміз дегенше...
Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
Тәрбиеші: Қасқырға көмектесейік.
Ендеше тапсырма орындайық:Суреттегі артық заттарды тауып,оларды қоршаумен дөңгелекте
Тәрбиеші: Барлығын дұрыс орналастырыпсыңдар, сиқырлы үйшіктің есігі қасқыр үшін ашылды. Жарайсыңдар!

Қасқыр үйшікке кіріп тұра бастады.
Жалмаңдаған түлкі келіп:
-Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
-Мен жертесер тышқан!
Мен бақылдауық бақа!
-Мен секек қоян! Мен көкжал қасқырмын!
Мен жылмаң түлкімін!
Тәрбиеші: Жануарлар жауап беріп үлгерместен
-Үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:
Менің тапсырмаларымды орындағандарға ғана үйшік өз есігін ашады.
-Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
- Үйшікте неше аң бар?
- Олардың қайсысы бұрын келді.
- Қайсысы соң келді?
- Қояннан кейін қай аң келді?
- Түлкінің алдынан қай аң келді?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Үйшіктің есігі түлкі үшін ашылады.. Содан бері аңдар тату-тәтті өмір сүріп жатырған көрінеді
.

Тәрбиеші ұсынған тапсырмаларды орындайды.
Беске дейін санайды. Бау –бақшадағы көк-өністерді санайды.

Дидактикалық ойынды ойнайды, заттарды сандық карточкалардың қасына қояды.
( 5-ке дейін санайды).
(Сандық карточкаларды заттардың жанына қояды).
.

Балалар өз іс-әрекеттерін баяндайды. Тәрбиеші ұсынған барлық тапсырмаларды дер кезінде орындап отырады.
Өздері жаттаған санамақтарын айтып береді.

Сиқырлы үйшіктің есігі ашылғанда балалар қуанып, қолдарын шапалақтайды.
Балалар тапсырманы мұқият орындап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне толық қатысып отырады.
Әр ертегі кейіпкеріне жанашырлық танытып, олармен бірге қобалжиды, үйшіктің есігі жануарлар үшін ашылғанына қуанады.

Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындайды

Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап беріп отырады.
Үйшікте бес аң бар.
Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр.
Тышқан
Бақа
Қоян,
Түлкі.
Қасқыр
Рефлексивті коррекциалаушы бөлім Балалар, сіздерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?
Әсіресе сендерге не ұнады. Ертегіде неше кейіпкер бар?
Аңдарға үйшікке кіругет кім көмектесті?
Әрине сендер. Жарайсыңдар!
Бәріңде тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Дұрыс санау және салыстыра біледі екенсіңдер. Аңдар сіздерге риза болып дәмді сыйлық беріп жіберіпті -ия.

Ертегі.
Тышқан
Тышқан

Балалар сыйлықтарды алып, рахмет айтады.

Күтілетін нәтиже:
Балалардың білу: : Аңдарды айырып және тани білді.
Балалардың меңгеруі: : 5-ке дейін санай білу.
Балалардың жасай алуы: Заттарды өсу және кему ретіне қарай салыстыруға жаттықтыру. Өз жұмысын қорытындылап үйрету. Тәрбие.орг сайтынан «Ертегілер еліне саяхат» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Казиева Айзада Кенжетаевна

Б.Қ.О Орал қаласы "Восход-Евразия"балабақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: ajzadakazieva139
Көрсетілім: 163 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar