Ертегілер еліне саяхат

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 369
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 05/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21522


Алматы облысы, Райымбек ауданы , Кеген селосы
«Балбөбек» бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі Салимбаева Айгерім
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты:
Балаларға ертегілер туралы тусінік беру. Өткен ертегілерді естеріне түсіру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Бір-бірлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлері, ойыншықтар , үйшік , көлеңке театры, теледидар.
Іс әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық. Шаттық шеңбері.
Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз.

Балалар бүгінгі сабағымыз өте қызықты болмақ. Қараңдаршы далаға қазір күз мезгілі, осы күз мезгілін пайдаланып, күннің жылы кезінде ертегілер еліне саяхатка шығайық. Осы саяхатымызда көптеген кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден мүдірмей өтейік.
Балалардың көңіл күйлерін көтеріледі.

Балалар тыңдайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік -Балалар біз орманға жеттік. Тыңдаңдаршы ненің даусы?
Құстардың даусы қандай тамаша еді,енді осы орманның тыныштығын бұзып алмайық. Балалар түзу жолмен жүреді екенбіз.
Балалар не көріп тұрмыз?
Аю қай ертегіде кездеседі?

Аюдың жүнін қараңдаршы жүмсақ екен. Аю араның балын жақсы көреді. Өзі қандай дәу еді. Аю қалай жүреді?

Балалар ары қарай жолға шығайық. Мұнда қараңдаршы көлшік бар екен көлшікті атап өтейік.
Балалар мына кішкентай үйшікті қараңдаршы , бұл қай ертегі ?
Ит бізге қарап тұр екен, иттің үйшіктегі достары өте мейірімді , копшіл, адал,тату. Балалар бізде осы иттің достары сияқты тату- тәтті болайықшы, жарайма?
Ары қарай жүрейік алдымызда тас жол бар екен. Тасты басып ары қарай жүреміз.
Балалар мына мысықты қараңдаршы шалқанды құшақтап жатыр, бұл қай ертегіде кездеседі?
Шалқанды кім шығарып алады соңында?
Балалар шаршап кеттік қой қане осы жерге аяңдап «Мақта кыз бен мысық» ертегісін тамашалайық.

Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Олай болса балалар «Түлкі мен тырна» ертегісін көлеңке театры арқылы сахналаймыз ба?
Балалар біз қандай ертегіні сахналадық?

Ойын: «Ұшты-ұшты».
Ойын шарты: Ұшатын нәрсеге қол көтереді , ұшпайтын нәрсеге кол көтерсе онда айыпты , айыпты балаға тапсырма беріледі бала орындайды,

Құстардың

Аю
Бауырсақ

Балалар көрсетеді

Үйшік ертегісі

Жарайды.

Шалқан ертегісінде.

Тышқан.

Балалар қызығушылықпен ертегіні көреді.

Балалардың іс –әрекеті.

Иа
Тырна мен түлкі ертегісін.

Балалар қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексиялық түзетушілік Балалар , бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық?
Ертегі ұнады ма? Балалардың жауабы
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегілердің мазмұнын
Игереді: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.
Меңгереді: Жақсы қасиеттерді. Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер еліне саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салимбаева Айгерим Серикбековна

Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы "Балбөбек" бөбекжай балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar