Ертегілер еліне саяхат

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1513
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23673


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


БМелдаханова Фотима Исломбеккызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, Жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Білімділік: «Жемістер» сөз туралы түсінік беру; жемістердің санын, түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Қабылдауын, есте сақтау қабілеті, зейінін дамыту. Тәрбиелік: Достарына, туыстарына қамқорлық көрсетуге, бөлісе білуге тәрбиелеу. . Көрнекілік: Жемістердің суреті, мульяждар, қалта, және себетке салынған жемістер.

Билингвизм: Жемістер-фрукты, алма-яблоко, жүзім-виноград, алмұрт-груша., слива-қара өрік.

Тәрбиеші: Балаларды ортаға шаттық шеңберіне шақыру.

Шаттық шеңбері. Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі

«Күз-жомарт»- дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

Балалар орындарына отырады.

- Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған?

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?.

-Алма, алмұрт, өрік , шие, шабдалыны не деп атаймыз ?-Жемістер

-Жемістер қайда өседі ? -Ағашта

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар

Тәрбиеші: Балалар, жемістерді көбірек жеп тұру керек. Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның деңсаулығына өте пайдалы. Алманың- құрамында су, қант қышқылы А-,В-1 ,В-2,В-6, С, Р, Р-шырын адам ағзасын ауыр металлдардан тазартуға, қан бұзылуын және жүрек аурын емдеуге көмектеседі. Ол терімен шырышты қабаттың қалыпты қалпын сақтайды, көру қабілетін жақсартады. Алмұртта-В-2, В-1, Е-С витаминдері бар. Имунитетті көтереді. Депрессиямен күреседі. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Балалар жемістер туралы біраз мағлұматтар алдық, енді осы жемістердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейік.

Тәрбиеші : балаларға жемістердің салынған суретін көрсетіп оларды атап беруін сұрайды және орыс тілінде аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Алма-яблоко, алмұрт-груша, жүзім –виноград, шабдалы-персик, өрік-урюк, қара-өрік-слива , жеміс-фрукты, құлпынай-клубника, ананас-ананас,шие-вишня. лимон.

Түстері: қызыл-красный, сары-желтый, қара-черный, күлгін-фиолетовый.

-Өте тамаша, балалар жарйсыңдар!

Ғажайып сәт:

-Осы кезде есік қағылып, қонақ келеді.

-Тыңдаңдаршы, бізге біреу келіп тұр.

-Қонаққа Майра апай келеді. (қолында себетке салынған жемістері бар) Майра апай сәлеметсізбе! Төрлетіңіз.

Балалар Майра апаймен амандасады.

Майра апай балаларға арнап жемістер әкелгенін айтады.

Балалар жемістер жайлы тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:(әр бала жемістер киімінде).

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Менің атым-(ЖҮЗІМ)

Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны ұзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Менің атым- (ШАБДАЛЫ)

Өрік,алма,шие.алшаө

Жеміс-жидек піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Басымды төмен иемін.

Жапырақты тасалап,

Өскен жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты – құлпынай.

Жүзім пісті бір-бірлеп,

Үзіп мәзбіз біз енді.

Қоңырауы күмбірлеп

Қыркүйекте күз келді.

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап.

Кім алманы табады,

Сол ойыннан шығады.

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын

Өзім әбден тойыппын.

Бір тістеп өзім алғанда

Дәмі аузымда қалғанда

Домалатып жеймін мен

Күнде қызыл алмамды.

Көктем келе бүрлеймін,

Ең алдымен гүлдеймін

Шілде болмай пісемін,

Дастарханға түсемін.

Тәрбиеші :Балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар, кәне ,енді ойын ойнап көрейік.

Ойын: «Дәмін татып, не екенін тауып көр»

Ойын шарты: Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр.

-Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен жемістерді ұстауға болмайды.

Дидактикалық ойын «Ғажайып қалта»

Шарты: Қалтаның ішінде әр түрлі жемістер бар .Қалтадағы жемістерді танып, атын және түсін , орыс тілінде аудармасын атап айту.

-Жарайсыңдар, балалар! Ойынды жақсы ойнадыңдар.

Сергіту сәті: (қимыл-қозғалыспен орындайды). J

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық

Майра апай : Балалар, мен сендерге арнайы бау-бақшадан жемістер жинап әкелдім келдім, дәмін татыңдар.Ал, балалар, мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар,қызықты ойын ойнадыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.

Сау болыңдар, балалар.

Балалар Майра апаймен қоштасады.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау:

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп, оқу іс-әректін қорытындылайды..Бүгін бізге қонаққа кім келді? Алманың құрамында қандай дәрумендер бар екен? Қандай жемістермен таныстық? Балаларды мақтап, мадақтақтайды.

Меңгереді: Жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білді, және орыс тілінде аудармаларын.

Түсінеді: Жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және денсаулыққа пайдалы екенін түсінді.

Қолдануы: Жемістер туралы дидактикалық материал, Ғажайып қалта ойыны, дидактикалық ойын.,шаттық шеңбері, сергіту сәті. Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер еліне саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мелдаханова Фотима Исломбеккызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar