Fruits. Жемістер.

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 975
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 03/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19870


Тақырыбы: Fruits. Жемістер.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту.
Міндеттері:
1)жемістер атауларын ағылшын тілінде атауға үйрету;
2)сөздерді анық айту дағдыларын қалыптастыру;
3)еңбексүйгіштікке, адам еңбектерін қадірлей білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: теледидар, магнитафон, жемістер көрнекі суреттері.
Лексикалық бірлік: apple-алма, orange-апельсин, banana-банан, pear-алмұрт.
Әрекет кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Балалармен амандасады.
-Good morning, children!
-How are you?
Қонаққа келген қуыршаққа назар аударады. Балалар амандасады.
- Good morning!
- Ок! How are you?
Ұйымдастырушылық -іздестіру
-Hello, Mary!
Mary:
-Hello, teacher! Hello, children!
-Балалар, анасы Мэриді дүкеннен жемістер алып келуге жіберген екен. Не сатып алу керектігін көрейік.
Good!
Қуыршақтың алдында тұрған суреттерді балаларға көрсетеді, бір бірден алып ағылшынша атайды.
-apple
-bananas
-orange
-pear.
Балалар сөздерді қайталайды.
Фонетикалық жаттығу.
I like to eat, eat, eat,
Yogurt and bananas.
I like to eat, eat, eat,
Yogurt and bananas.
y-y-y-y-y!
Балалар фонетикалық жаттығуды орындайды.
/у/ дыбысын дұрыс айтуды (дыбыстауды) үйренеді.
«Magic sack» дидактикалық ойыны.
М: заттың түсін атауға,түс және зат атауын байланыстыра айтуға үйрету.
Балаларға “What is it?” сұрағын қойып отырады.
-What is it?
-It is an apple.
Балалар қапшықтың ішінен қолын салып, бір көкөністі алып шығады, атауын айтып сипаттайды.

“Fruit and vegetables” ойыны.
- Біз өзімізді Footland елінің тұрғындарымыз деп елестетейікші. Fruit town қаласында кімнің тұрғысы келеді, ал Vegetables town қаласында кімнің тұрғысы келеді?
Мұғалім көрсеткен суретке байланысты өз таңдауларын жасайды.
Мұғалім балаларға жемістердің суреті бар карточкалар таратады. Ойын басталмас бұрын келесі сөздерді айтады:
-Lady Lemon goes out,
Sir Plum is black and round
Miss Cherry is sweet,
You are the first to eat!
Жүргізуші:“Apple and orange”.
Very good!
“What is missing?” Дидактикалық ойыны
Суреттерді көрсетіп сұрақтар қояды:
-What is it?(алманы көрсетеді)
-What is it?(алмұртты көрсетеді)
-What is it?(бананды көрсетеді)
-What is it?(апельсинді көрсетеді)
Фланель тақтаны пайдаланады.
- Well done!
Very good, біз енді Мэриге дүкеннен жемістер алып бере аламыз. (мазмұнды ойын орталығына барады).
Балалар, дүкеннен қажет жемістерді сұрап беріңдер. Тек ‘please’ деген сиқырлы сөзді ұмытып кетпеңдер. Ағылшындар ол сөзді өте жақсы көреді.
- Apple, please. Барлығы Мэри қуыршақпен амандасады.

Сыпайылық сөзін қолдана отырып, Мэриге арнап дүкеннен жемістер алып береді.
Рефлексивті -түзетушілік Мэри жемістерін үйіне апарады.Онымен қоштасайық.
Good bye, children!
-Good bye,Mary!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаңа сөздерді: жаңа сөздерді және сол сөздерде кездесетін ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта біледі;
Игереді: ағылшынша көкөністер атауын, түрлерін меңгереді, «What this?» сұрағына жауап беруді игереді;
Меңгереді: бір-бірімен ағылшынша амандасып, қарапайым сұраққа дауап береді. Тәрбие.орг сайтынан Fruits. Жемістер. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шайхатова Динара Талгатовна

Павлодар облысы Екібастұз қаласы №24 "Айналайын" балабақша ағылшын тілі пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar