Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Гүл отырғызу
  • 28.05.2016
  • 576 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19132

Аты-жөні: Усұлтанова Жанат Есентаевна
Мекен- жайы, жұмыс орны: Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы «Ай-Ару» бөбекжай балабақшасы ЖШС-гі, тәрбиеші
Тақырыбы: Гүл отырғызу.

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Гүл отырғызу.
Мақсаты: . Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап күту ережелерін таныстыру;
. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға,сүюге үйрету;
. Ұжыммен еңбек етуге тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Ыдыстағы қара топырақ, су құйғыш, қопсыту құралы, бөлме гулдері,гүлдердің суреттері.
Сөздік жұмысы: көрік, құнарлы топырақ.
Билингвалды компонент: гүлдер-цветы,топырақ-грунт.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру іздестіру

Рефлексивті-
түзетушілік
Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Бізге қонақ келіпті
Амандасып алайық
Сәлеметсіздерме қонақтар!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар.

Жұмбақ.

Көрік берер бөлмеге,
Хош иісін сыйлайды.
Туған күн кештерінде,
Сыйлыққа да сыйлайды.

Дұрыс айтасындар ал енді екінші жұмбағымды шешіңдерші.
Адамдардың бәрі қызы
Су құймасаң сәні бұзылады.

Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар балалар.Гүлдер өмірдің сәні,табиғаттың көркі. Гүлдерге қарасақ бізге олар қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріледі.Олардың көптеген түрлері бар.Далада өсетін гүлдер. Көктем мезгілі келгенде ең алдымен бәйшешек гүлі шығады,
Далада,қырларда қызғалдақ гүлдерімен әдемі болып кетеді. Ал мерекелерде, туған күн кештерінде сыйлайтын раушан гүлінің түсі қызыл,хош иісті болып келеді. Раушан гүлі ең әдемі гүл. Қараңдаршы біздің топта гүлдердің бірнеше түрлері бар, олар біздің тобымызға көрік беріп тұр. Бірақ олар көрік бере қоймай, ауаны да тазартып тұрады екен.
Ал енді мынау алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ қолымызға кірмейді.алоэнің емдік қасиеті бар. Мысалы жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ жапырағынан кесіп алып жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылып кетеді екен. Міне гүлдердің дәрілік қасиеті де бар екен.
Енді гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Тамыры- сабағы-жапырағы-гүлі.
- Сендер тобымызда әдемі гүлдер көп өскенін қалайсыңдар ма?
- Гүлдің қалай өсетінін білгілерің келе ме?

Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Гүл отырғызуды үйрету:

Ең алдымен бізге гүл отырғызатын ыдыс қажет болады. Ыдысты алып ішіне жай ғана даладағы топырақ емес,арнайы құналы тыңайтылған топырақтар болады. Оларды арнайы гүл сатылатын дүкендерден алуға болады. Міне сондай топырақты саламыз.
. топырақтың ортасын таяқшамен қазамыз;
. гүлддің тамырын ішіне қондырамыз;
. түбін топырақпен жабамыз;
. су құямыз;
Балалар гүлдерді үнемі күтіп баптап тұру қажет.Егерде біз күнде тамақ тамақ ішпесек не болады?

Дұрыс айтасыңдар әлсізденіп ауырып қаламыз.Сол сияқты гүлдерге де су құйып күту қажет.Гүлдер өздерін мақтағанды,әдемі сөздер айтқанды жақсы көреді.

Мақалдар: Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.

Күнсіз гүл өспес,
Кітусіз ұл өспес.

Сөздік жұмысы: «көрік, құнарлы топырақ»

Тәжірибелік кезең
«Гүл отырғызайық» ойыны
Балаларға топырақ салынған ыдысқа гүл отырғызуды ұсынамын.

Тақпақтар:
Балалар кім гүл туралы тақпақ біледі?

Қорытынды:
Балалар сендерге бүгінгі жасаған жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Ал ендеше ойын ойнаймыз.
«Кім тапқыр?» ойыны
Гүл отырғызу реттілігін кімнің есінде сақтағанын сұрап айтқызу. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін аяқтау.

Шеңбер болып тұрады.
Қонақтармен амандасады.

Жұмбақты шешеді

Бөлмедегі гүлдер

Сұрақтарға жауап береді.

Қимылдар жасайды.

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Ауырып қаламыз

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Топырақ салынған ыдысқа гүлдерді отырғызады.

Гүл туралы тақпақтарын айтады.

Гүл отырғызу реттілігін айтып, қайталайды. Тәрбие.орг сайтынан Гүл отырғызу Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Усұлтанова Жанат Есентаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 576 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar