Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Гүлдер
  • 11.04.2016
  • 1293 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18584

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.2Kb)

Күні: тобы: тәрбиешінің аты-жөні:
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Гүлдер
Мақсаты: Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдерінде айналада болатын өзгерістер жайлы түсініктерін кеңейту
1.Балаларды диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
2. Балалардың өзінің және басқа адамдардың өзіндік қассиеттері мен мінез құлықтарын анықтауын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Блингвистикалық компонеті: Бәйшешек – подснежник, бақ-бақ – одуванчик, қоңыраугүл – колокольчик, қызғалдақ – тюльпан, гүл – цветок – flower, көктем – весна – spring.
Қолданылатын көрнекіліктер: гүлдер, слайдтар
Тәсілдері, кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу Шаттық шеңбері:
Қонақтармен амандасу
-Сәлеметсіздер ме!
-Здраствуйте!
-Good morning!
Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем маған!
Сәлем саған!
Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning, good morning!
We are glad to see you. Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем маған!
Сәлем саған!
Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning, good morning!
We are glad to see you.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу
Балалар шеңбер құрап тұрады. Шеңбердің ортасында үлкен гүл өсіп тұрады. Тәрбиеші балалардың көңілін гүлге аудартып:
- Қараңдаршы гүлдің бір жапырағында хат жасырынып тұр екен, қане оқып көрейікші. Тәрбиеші хатты алып оқиды: «Сәлеметсіңдар ме ,балалар! Сендерді көрмегеніме біраз уақыттар болып қалды, сендерді мен өте қатты сағындым менің гүлдер сарайыма бүгін қонақ болып қайтсаңдар қайтеді, сендерді тосамын " сәлеммен Гүл ханшайымы.
- Балалар, гүл ханшайымына қонаққа барайық па?
Балалар гүлдердің арасынан өтіп гүл сарайына келіп жетеді.
Гүл ханшайымы:
- Балалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды, сендерді мен өте қатты сағындым, сендерге мен көптеген қызықты тапсырмалар, ойындар да дайындап қойдым, бәріміз қызықты уақыт өткізейікші, сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
Гүл ханшайымы:
- Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші:
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып. (Гүл).
Орыс тілінде гүлді цветок, ағылшын тілінде flower деп айтамыз. Қане балалар қайталап айтайықшы.
-Балалар, гүлдер не үшін керек?
Тәрбиеші:
Ал енді бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық.
-Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
-Бәйшешектің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бәйшешекті орыс тілінде – подснежник деп айтады. Қане қайталап айтайықшы.
Тәрбиеші:
-Балалар мынау бақ-бақ гүлі.
Бақбақ – көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі.Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.
-Бақ-бақтың түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп айтамыз. Қане бәріміз айтайықшы.
Тәрбиеші:
-Балалар, мынау қоңыраугүл.
Қоңыраугүл – жапырағы жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.
-Қоңыраугүлдің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Қоңыраугүлді орыс тілінде колокольчик деп айтады. Қане бәріміз айтайық.
Тәрбиеші:
Қызғалдақ – көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Қызғалдақ – ғашықтық, махаббат белгісі екен.
-Қызғалдақтың түсі қандай?
-Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті?
-Балалар бұл қызғалдақ гүлі. Қане бірге айтайықшы, орыс тілінде – тюльпан деп айтады.
Тәрбиеші:
-Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Гүл ханшайымы:
-Гүлдер қайда өседі?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер орманда, далада, бөлмеде өседі екен.
-Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз гүлдер туралы тақпақтар білеміз бе?
1 бала: Ұмытпай күнде, су құям гүлге.
Тұрады гүлім, құлпыртып түрін.
2 бала: Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға
Айналасын қоршаймыз.
3 бала: Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
4 бала: Гүлсіз бұлбұл сайрамас,
Гүлсіз дала жайнамас
Бізге нұрын шашады
Көздің жауын алады.
- Өте жақсы балалар сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. енді бір ойын ойнасақ қайтеді?
Д/О "Гүлдерді құрастыр"
Барысы: Балалардың алдарында гүлдердің бөлшектері араласып шашылып жатады, соларды бір түске келтіріп гүлдерді құрастырып қоюлары керек.
- Ал енді балалар біз ойынымызды ойнап болсақ енді зерттеу жұмысын жасасақ қайтеді.
Зерттеу жұмысы: Өлі гүлдер мен тірі гүлдер арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.
Гүл ханшайымы:
- Балалар мен сендердің келгендеріңе өте қатты қуаныштымын, сендер барлық тапсырмалардан сүрінбей өттіңдер сол үшін мен сендерге өз гүлдерімді беремін.
Тәрбиеші:
- Ал балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз да келіп жетті, гүл ханшайымына үлкен рахмет айтып, қоштасайық.
Балалар гүлге назар аударады.
Хатты мұқият тыңдайды.

- Иә, біз гүл Ханшайымына қонаққа барайық.

- Иі, сіздің тапсырмаларыңызды орындауға дайынбыз.

- Жұмбақтың жауабы гүл
-Цветок
-flower

-Гүлдер әдемілік үшін керек
-Иіскеу үшін керек
-Аналарға сыйлау үшін керек
-Гүлдер ауаны тазартады
Балалар тыңдайды.
-Түсі ақ
Жапырағы жасыл
-Бәйшешек
-Подснежник
-Бақ-бақтың түсі сары
-Жапырағы жасыл.
-Бақ-бақ

-Одуванчик
-Түсі көк
-Жапырағы жасыл
-Қоңыраугүл
-Колокольчик

-Қызыл
-Жапырағы жасыл түсті
-Қызғалдақ гүлі
-Тюльпан

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар гүл ханшайымы келгеніне өте қатты қуанады.

-Гүлдер далада, бөлмеде, орманда өседі.
-Топырақ, күннің көзі, су қажет.
-Иә, біз гүлдер туралы тақпақтар білеміз.
Балалар гүлдер туралы тақпақтарын айта бастайды.

- Иә, ойын ойнайық.
Балалар ойындарды қызыға ойнайды.

Балалар зерттеу жұмысын жүргізуге ынта білдіреді.

Балалар гүл ханшайымына разы болып, гүлдерді қабыл алады.
Балалар гүл ханшайымымен қошатсады.
Рефлексия-түзету жұмыстары - Балалар, бүгін біз қайда қонаққа бардық?
- Сендер қандай гүлдердің түрлерімен таныс болдыңдар?
- Сендерге оқу іс - әрекеті ұнады ма?
- Біз бүгін гүл ханшайымына қонаққа бардық.
- Біз қызғалдақ, түймедақ, раушан, бәйшешек гүлдерімен таныс болдық.
- Иә, бізге ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар гүлдер туралы біледі, олардың аттарын атай алады.
Түсінігі бар: гүлдер әсмдіктің белгісі екендігі туралы, оларды баптау керектігі жөнінде түсініктері бар.
Орындай алады: Гүлдерді баптай алады, гүлдердің түрлерін ажырата алады. Тәрбие.орг сайтынан Гүлдер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жекенова Ернарқызы Жұлдыз

ШҚО Семей қаласы № 11 ясли - сад "Ертөстік" тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 1293 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar