Гүлдер әлемі

  • Жүктеулер: 47
  • Көрсетілім: 4103
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18864


ҚУАНДЫҚОВА Мөлдір Алтайқызы,
Ақтөбе облысы,
Әйтеке би ауданы,
Сарбұлақ ауылы «Шапағат» ш/о тәрбиешісі

Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас, таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, қоршаған орта, сурет, математика
Тақырыбы: Гүлдер әлемі
Мақсаты: Гүлдер туралы білімдерін кеңейту, оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттару, тура және кері санауға, цифрларды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаны, табиғатты сүйіп аялай білуге тәрбиелеу, дәстүрден тыс сурет салу түрін игеру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайд, гүлдер, сандар, парақтар, гуаштар, мақталы таяқшалар
Мотивациялық- қозғаушы.
Бүгін күндегіден ерекше күн, бір- бірімізге жылы шырай танытып, қонақтармен амандасамыз.
Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:
Балалар жиналды бір топқа,
Мен сенің,сен менің досыңмын,
Қанекей қолыңды бер досқа,
Бірге ойнайық қуана!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем айларын атайықшы...
-Наурыз, сәуір, мамыр
-Көктем мезгілі несімен ерекше?
-Көктемде қар еріп жер жаңарады, жерге гүлдер шығып, ағаштар бүршік жарады, жануарлар індерінен шығып, құстар қайтып келеді.
-Балалар жаңа сендер гүлдер шығады дедіңдер, ал енді мына көктемде шығатын гүлді алып бір- бірімізге тілектерімізді айтып жіберейік....
Балалар бір- біріне ыстық лебіздерін білдіреді.
Іздену- ұйымдастыру.
-Балалар, Қазақстанда гүлдердің түрлері өте көп, бөлме гүлдері де, дала гүлдері де өседі. Дала гүлдері өздігінен өседі, гүлдің тұқымын күн көзі қыздырады. Одан кішкентай, әлсіз өте нәзік өсінділер көріне бастайды, көктемнің күні қатты қызып, жас өсінділер тез өседі, олар бойына күш жинап, жер бетіне көтеріледі, олардан жайлап, сабақтар шығып қатаяды, сабақтарына гүлдің түйіні пайда болады, түйіннен әлсіз гүлдер көріне бастайды, гүлдер үлкейіп жайқалып өсіп шығады. (Слайд арқылы көрсету). Балалар мұқият тыңдап, слайд тамашалайды.
-Балалар, ал сендер гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
-Түрлі- түсті айбат,
Гүлдер шықты жайнап,
Қызыл- жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
-Жер шары дөңгелек екен,
Жасыл желек айнала,
Өсімдіктер ауаны тазартар,
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар...

-Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл гүлдердің.
-Мына бақшада гүлдер өсіп тұр екен, бұл гүлдердің ішінде ерекше түрлі- түсті күлтелері бар гүл тұр, гүлдің күлтелерін кім санап береді? гүлді бақшадан жұлып алайық....
Балалар бір- бірлеп гүлдің күлтелерін 1ден 5-ке дейін санайды, және кері қарай санайды.
-Ал енді мына гүлдер санынан шатасып кетіпті, олар өз орындарын таба алмай тұр, қане кім көмек береді?
1,2,3,4,5 рет- ретімен орналастырып, оны кері қарай санау.
Демалу жаттығуы. «Алаңдағы гүлдерді теру» (Музыка әуенімен орындалады)
1. Аяқтың ұшымен тұрып, күннің көзіне қарай қолымызды созып, гүлдің жұпар иісімен терең дем алайық, мұрынмен тыныстайық.
2.Қолдарды белде ұстап, гүлдерді басып кетпеу үшін аяқты көтеріп жүрейік.
3.Орнымызда тұрып, оңға, солға иіліп гүлдердің түрлерін қарайық
4.Әдемі жайқалып өскен гүлдерді теріп алайық. (Әр жерден жүгіріп-жүгіріп теру).
-Енді мына гүлдердің түрлерін тамашалайық. (Слайдтағы гүлдердің түрлерін атап, олар туралы қызықты мәлімет айта отырамын). (Соңында бақ- бақ суреті көрсетіледі). Балалар олай болса біздер далада өсетін, бақ- бақ гүлінің суретін бейнелейміз. бақ-бақ далада өседі, ол жол бойында, далалық жерлерде өсе береді. Бақ- бақ басы дөңгелек, сары түсті, сабағы тік жапырағы жатық жасыл түсті өсімдік ол балаларға өте қызықты, көктем айларында олар жер беріне шығып, сары күлтелі болады, күзде қурап, аппақ үлпілдек түске енеді, күзде мезгілінде оны үрлеп ұшыруға болады, ол ұшырғанда, үлпілдек мамықтар ұшады, сабағын жұлсаңдар, ішінен сүт сияқты аппақ шығады. Ұстасақ сүтшесі қолға жабысады.
–Балалар, бақ-бақ гүлін салу үшін, алдымыздағы екінші қағазды умаждап, оны сары түті бояуға батырамыз, батырған қағазды ақ парақтың қақ ортасына гүлдің күлтешесін саламыз:
-Енді сабағы мен жапырағын саламыз, ол үшін мақталы таяқшаны жасыл түсті бояуға батырып, күлтешенің астынан төмен қарай сызып сабағын саламыз.

-Тағы бояуға батырып, сабағының ортасынан қиғаштап жапырағын саламыз:
Қорытындылау. Рефлексиялық- түзетушілік.
Сұрақтар қою:
-Балалар, біздің бүгінгі оқу іс –әрекетіміз не туралы болды, оқу іс- әрекетімізде не істедік?
Әдемі гүлдер туралы болды. Гүлдер туралы слайд қарап, олардың қалай өсетінін, олардың түрлерімен таныстық, олар туралы тақпақтар айттық.
-Бақ- бақ өсімдігі туралы не білдік?
–Бақ- бақ далада өседі, ол сары түсті болып өседі, күзде күлтесі үлпілдек болады, оны ұшыруға болады.
-Бақ- бақ өсімдігін немен салдық?
-Қағазды бүктеп сары түсті бояуға батырдық және қағаз ортасына күлтесін салдық, сонан соң, мақталы таяқшамен сабағы мен жапырағын салдық.
-Оқу іс- әрекеті ұнады ма? -Иә
Күтілетін нәтиже:
Білу: Гүлдердің қалай шығатынын білді
Игеру: Олардың алуан түрі болатынын игерді
Меңгеру: Дәстүрден тыс бейнелеу түрін меңгерді. Тәрбие.орг сайтынан Гүлдер әлемі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar