«Гүлдер әлеміне саяхат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 744
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21528


Кіріктірілген Ұ О І Ә
Тақырыбы: «Гүлдер әлеміне саяхат»
Өткізген: ІІ кіші топ тәрбиешісі Канжагулова Алия Амангелдиевна
Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін әрі қарай жетілдіру. Геометриялық пішіндерді атап, қоршаған ортадағы ұқсас заттармен салыстыру. Балалардың қимыл-қозғалыстарын және ұсақ саусақ маторикасын дамыту. Эмоционалдық көңіл-күйді ажырата білуге үйрету.Қоршаған ортаны қорғауға және мейрімділікке тәрбиелеу.
Барысы:
Күтпеген сәт: Сәлем балалар ! Мені таныдыңдар ма, мен көбелекпін! Мен сиқырлы гүлдер әлемінен келдім! Балалар менімен «Сиқырлы гүлдер әлеміне»саяхатқа барғыларын келеді ме?
-Иә
-Олай болса, бірінші танысып алайық. Менің атым көбелек мен көңілдімін. Сенің атың кім?
Мен сендерді сиқырлы таяқшаммен «Сиқырлы гүлдер» әлеміне жеткіземін. Ол үшін көздерімізді қатты-қатты жұмамыз. –Ой.... балаларқараңдаршы «сиқырлы гүлдер әлеміне де»жеттік . Түрлі-түсті көбелектер мен әдемі гүлдер көп екен. –Ой қараңдаршы балалар мынау қандай гүл. –Дұрыс айтасыңдар балалар. Бәйшешек гүлі.Бәйшешек гүлі көңілсіз ашылмай тұр қараңдаршы.
–Ой балалар тыңдаңдаршы бәйшешек гүлі сөйлеп жатқан сияқты.
Бәйшешек: Сәлем достар! Гүлдер әлеміне қош келдіңдер! Маған сендердің көмектерің қажет?Мына құстардың ұялары жоқ екен?Сенде әр түрлі пішіндерден ұя құрастырып бересіңдер ме?
-Балалар құстар біздің досымыз. Біз оларға пішіндерден ұя құрастырып береміз. Ал сендер балалар пішіндер нелерге ұқсайды білгілерің келеді ме? Олар өздері туралы айтып берсін!
Видео: Пішіндер.
-Ал енді балалар бәріміз бірге ұя құрастырайық.
-Жарайсыңдар балалар, достарымызға арналған ұямыз да дайын болды? Балалар құстардың ұясы қайда орналасады?
-Ағашта.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
-Ой балалар бәйшешек гүлі сөйлегеісі келетін сияқты тыңдайықшы.
Бәйшешек: Алақай енді менің достарымның ұясы бар. Көмектеріңе үлкен рахмет.
-Жарайсыңдар балалар,сендер нағыз дос екенсіңдер. Қараңдаршы бәйшешек гүлі қуанып қалды.Менімен бірге қаталаңдаршы –Бәйшешек –подснежник.

-Балалар қараңдаршы мынау қандай гүл білесіңдер ме?
-Қызғалдақ!
-иә, дұрыс айтасыңдар Қызғалдақ гүлі.
Балалалр қараңдаршы , қызғалдақ гүлі солып қалыпты, ол әдемі болып өсуі үшін оған не керек? -Су -дұрыс айтасыңдар оған су керек. Олай болса балалар қызғалдақ гүліне жаңбыр жауғызайық.
Жаңбыр саусақ жаттығуы.
Бұлт қабағын түиіп ап,
Бүркеп алды аспанды
Тырс,тырс,тырс,тырс,тырсылдап
Жаңбыр жауа бастады.
Тез-тез құйды тоқтамай

Балалар қараңдаршы қызғалдақ гүлі әдемі болып ашылды. Менімен бірге қайталайық. - Қызғалдақ-тюльпан.
Жарайсыңдар достарым. Ал енді балалар , сендер кішкентай көбелек болып ұшқыларың келеді ме?
Йога жаттығуы «Көбелек»
Жарайсыңдар балалар,сендерге көбелек болған ұнады ма? -ой балалар қараңдаршы мынау қандай гүл , білесіңдер ме?
-бақ-бақ гүлі
-Дұрыс айтасыңдар бақ-бақ гүлі.
Балалар Бақ-бақ гүлі де сөйлегісі келетін сияқты. Тыңдайықшы!
Бақ-бақ: Сәлем балалар! Менің әдемі көбелектерім ұша аламай жатыр. Көбелектердің қанаттарын тағып беруге көмектесеіңдер ме?
-балалар менің достарым ұша аламай жатыр біздің көмегіміз керек. Қанаттарын тағып, гүлдерге қондырайық.
-Міне менің көбелектерімнің қанаттары тағылды, қараңдаршы ол ұшқысы келіп жатыр.
Ақ қанатты көбелек
Көк қанатты көбелек
Қызыл қанат көбелек
Бақшамызға келе кет

-Ал енді балалар осы тақпағымызды көбелектерге көңілді күйде айтып берейік.
-Енді көңілсіз орындап көрейікші.
-Енді балалар сыбырлар, жәй орындайықшы.Жарайсыңдар балалар, енді бақ-бақ гүлін тыңдап көрейік.

Бақ-бақ: Рахмет сендерге балалар! Енді менің достарым ұша алатын болды.

-Балалар қараңдаршы Бақ-бақ гүліде қуанып қалды. Жарайсыңдар балалар.Енді менімен бірге қайталаңдаршы Бақ-бақ – одуванчик.

Ой балалар жарайсыңдар сендер нағыз дос екенсіңдер. Құстарға , көбелектерге қамқорлық жасадыңдар, көмектестіңдер. Сендерге көп рахмет. Енді сендердің балабақшаға қайтатын уақыттарың болды. Көздерімізді қатты-қатты жұмамыз , балабақшамызға ораламыз.

-Міне балалар балабақшамызғада келдік.

-Бүгінгі саяхатымызда саған не ұнады?

Жарайды балалар меніңде кететін уақытым болды. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар! Тәрбие.орг сайтынан «Гүлдер әлеміне саяхат» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Канжагулова Алия Амангелдиевна

Пікірлер: 0

avatar