Геометриялық пішіндер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 322
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 01/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21465


Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сурет, жапсыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсыты:Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.
Б.М: Кеңістікті бағдарлай алу, 1-5 дейін санау, ойын арқылы ойлау, санамақ және жұмбақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
Д.М: Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.
Т.М: Достық қарым-қатынаста болуға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1-5 дейін сандар, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материал, үнтаспа.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Сөздік жұмыс: бұрыш, қабырға.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиенің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық кезең.

Ұйымдастырушылық,
Ізденушілік кезеңі.
Тәрбиеші балаларды таңғы жылулық шеңберіне шақырады.

Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбинің басығой
Ал қанекей бәріміз
“Сәлем” дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме апайлар!

Шаттық шеңбер:
Ақпыз, сары, қарамыз.
Бір туғанбыз бәріміз
Біз тәртіпті баламыз
Біз бақытты баламыз

Тәрбиеші оқу қызметімен тақырыпты таныстырады.
Геометриялық пішіндер туралы және олардың айырмашылығын үнтаспа арқылы түсіндіреді.

Ғажайып сәт.Топқа бауырсақ кіріп келеді
-Сәлеметсіңдерме балалар!
-Сендер мені таныдыңдар ма?
-Дұрыс,балалар,мен бауырсақпын
-Балалар,маған сендердің көмектерің қажет.

Тәрбиеші бауырсақтан қандай көмек қажет екенін сұрайды.
-Мен қазір орманнан келе жатырмын.Ормандағы аңдар маған тапсырмалар берді.Тапсырмаларды орындай алмасам,олар мені жеп қояды.
Тәрбиеші бауырсаққа балалар көмек беретінін айтады.
Бауырсақтың қолындағы тапсырмаларды алып оқиды.

1-тапсырма. Түстерді ажрат
Мынау сары қарандаш
Мұнымен күнді бояймын
Мынау көк қарандаш
Мұнымен бұлтты бояймын
Мынау қоңыр қарандаш
Мұнымен жерді бояймын
Мынау жасыл қарандаш
Мұнымен шөпті бояймын
Мынау қызыл қарандаш
Мұнымен гүлді бояймын

2-тапсырма. Санау және санамақ айту.
Бір дегенім -бесік,содан шықтым өсіп
Екі дегенім -елім,жайқалған менің жерім
Үш дегенім- үміт,үмітсіз жоқ жігіт
Төрт дегенім- төзім,төзе білем өзім
Бес дегенім- бақыт,бағалайтын уақыт.

Тәрбиеші балалармен санамақ айтып, сергіту сәтін өткізеді.
Жалғыз саусақ тіптіде,
Ұстай алмас жіптіде.
Екі саусақ бірікті
Қолға іне ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ
Жол салсақ.

3-тапсырма.Жұмбақ жасыру
1.Бір ағашта бес алма,
Жерге түсті бір алма,
Калды сонда неше алма?

2.Үйге келді Мадияр
Оған қоса Алдияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?

4-тапсырма. ‘’Пішіндердің ұқсастығын тап” ойыны.

Бауырсақ балаларға алғысын айтып шығып кетеді.

Шығармашылық тапсырма.
Тәрбиеші балаларды үш топқа бөледі.

Ұжымдық жұмыс
1 топ- жапсыру. (Аққала)
2 топ-құрастырып жасау (Пішіндер арқылы үй құрастыру)
3 топ-сурет (Шыршаны бояу)

Балалар танғы жиынғы шеңбер болып тұрады.

Келген қонақтармен амандасады.

Балалар бір-бірінің қолынан устап, шаттық шеңберін жасайды.

Балалар амандасады
-Иә, сен ертегідегі бауырсақсың.

Балалар қарандаштарды алып, түстерді атайды.

Балалар 1-5 дейін үш тілде санап, кезектесіп санамақ айтады.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.

Балалар жұмбақтың жауабын айтады.

Төрт алма қалды.

Үш бала болды.

Балалар үлестірмелі материялдарды қолданып, пішіндерге ұқсас заттарды табады.

Рефлексивті түзету Тәрбиеші оқу қызметін қорытындылап. Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже.
Жаңғыртады: Кеңістікті бағдарлап, 1-5 деін үш тілде санай алады.
Түсінеді: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын.
Қолданады: Жұмбақ және тапсырмаларды мағынасын түсініп. Тәрбие.орг сайтынан Геометриялық пішіндер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бахашева Камила Нысанбаевна

№21 Ертарғын бала бақшасы

Пікірлер: 0

avatar