«Гум-гам аралына саяхат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 660
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 23/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19521


Жамбыл облысы
Талас ауданы
Талапты ауылы
Дания балабақшасы
Итебаева Назима Бералиевна
Психолог

Топ атауы: «Айналайын» орта топ
Тақырыбы: «Гум-гам аралына саяхат»
Мақсаты: Балаларға эмоционалды және еркін қозғалуына көмек көсету және олардың шығармашылық қабілетін туғызуға жағдай жасау, аралға саяхат, шытырман жолдан шығу арқылы баланың танымын дамытуға нығайтуға ықпал жасау, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың мекен ету ортасы туралы түсінік беру.
Көрнекілік: арал бейнеленген карта, аңдар суреті, саяхатқа шығу үшін кеме, музыкалық орталық.
Билингвистикалық компонент:арал-озера.
Инклюзивті әлеумент: Баяу баламен жұмыс.

Оқу іс-әрекеті Психологтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Балалар, таңертен көзімізді ашамыз, ұйқымыздан оянып, терезеге қараймыз,ең алдымен біз нені көреміз?

Дұрыс күнді көреміз күннің көзін нұрын, шуағын көреміз. Сол күннің нұрымен,шуағымен бізге келген қонақ авпайларымызға жылы лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме апайлар!


Күнді

Ал балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Балалар, біздер саяхатқа жиналайық. Саяхат «Гум-гам аралына» деп аталады. Ол жерге біз немен барамыз? (тақтада аралдың сызбасы сызылған карта ілулі тұрады )

Дұрыс, кемемен. Ал, басқа қандай көліктерді білесіңдер?

Жарайсыңдар. Ал дайын болсақ,кемемізге жайғасып отырамыз. (асықпай, екі-екіден қол ұстасып жүру. Теңіздің даусын музыкалық орталықпен естірту.

Міне, аралғада келіп жеттік. Бір-бірімізді жоғалтып алмау үшін қолдарымыздан ұстап жүреміз.
Ой бұл жер бізге таныс емес! (ормандағы құстардың сайраған дауысын музыкалық орталықтан естірту)

«Ғажайып амандасу»

Дұрыс бір-бірімен амандасады.
Бірақ Гум-Гам аралының адамдары бұны өзгеше жасайды екен. Олар бір-біріне арқасын тіреп,еңкейіп екі аяғының ортасынан «Сәлеметсің бе» дейді екен. Ендеше Гум-Гамдықтар сияқты амандасайық .

Балалар, амандасу кезінде қандай сезімде болдыңдар? Осылай амандасу ыңғайлы ма бізге?

«Жануарлар»

Аралшы: Біздің аралдағы жануарлар және мен көрмеген жануарлар араласып кетіпті, соларды өз орнына қойып жайғастырып бересіңдер ме?
Егер осы тапсырманы дұрыс орындамасыңдар, елдеріңе орала алмайсыңдар.
Балалар, не істейміз, көмектесеміз бе?



Музыка әуені ойналады



Кемеммен

Машина, автобус,ұшақ, тік ұшақ.

асықпай, екі-екіден қол ұстасып жүреді

бір –бірінің қолдарынан ұстап жүреді

Амандасады

Аралшылар сияқты амандасады

Балалардың жауабы

Магнитті тақтаға жануарлардың суретін ажыратып жапсырады.
Балалар тапсырманы орындауға кіріседі,
Тапсырманы орындайды. Барлығы шеңбер құрып, аралшылармен қоштасады.
Сау бол, Аралшы!

Балалар біз табиғат аясына саяхатқа шықтық, енді уақытымызда болды өз елімізге ауылымызға оралайық.

Енді бір сәт саяхатымызды есімізге түсірейікші.
- Балалар,біз қайда бардық?
- Аралдың аты қалай аталады?
- Кімді кездестірдіңдер?
- Аралшыдан нені үйрендіңдер?
- Қандай көмек бердік?

Бәріміз еңбектендік,
Көп нәрсені біз білдік
Мейірімді бала боп
Достасып біз ойнадық.

Балалар кемеге орналасады.

Аралға

Гум-гам аралы

Аралшыны
Табиғатты сүюді,амандасудың түрін.
Орман аңдары мен үй жануарларын
ажыратып бердік
Өлең жолдарын айтып шығады Тәрбие.орг сайтынан «Гум-гам аралына саяхат» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Итебаева Назима Бералиевна

Пікірлер: 0

avatar