Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Үй құстары
  • 18.02.2016
  • 675 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16427

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (24.1Kb)

Білім беру саласы: "Таным"
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:
Экология негіздері.
Тақырыбы:"Үй құстары"
Мақсаты: Үй құстары жайында ұғымдарын дамыту:(тауық,әтеш,қаз қалай дауыстайды,сырт пішіні,не жейтіні,қалай жүреді,қай жерде өмір сүреді, балапандардың айырмашылығы,адамдарға қандай пайда келтіреді). Оларға қамқорлық жасауға мейірімді болуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Балалардың қызығушылығын ояту,сөздік қорын молайту, ой өрісін дамыту. Ұсақ қол маторикасын дамыту.
Көрнекі-құралдар:құстар суреті,ойыншықтар,балапандар суреті,макеттер;көлшіктер,көгал,құстар ауласы,құстар ұясы,иттің үйшігі, қоректі астар;үлестірмелі материал,музыка.

Сабақ барысы

Ұйыидастыру кезеңі
Шаттық шеңбері׃
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Сұрақ жауап бөлімі
Тәрбиеші: Балаларды орындыққа отырғызып,назарларын суреттерге аударады
-Балалар мына суретте не бейнеленген ?
-Әр құсқа жеке-жеке тоқтап атап беру
Тәрбиеші: Барлығын бір сөзбен айтқанда қандай құстар?
-Балалар: үй құстары.
Жұмбақ жасыру
а) Бұрап қойған сағаттай
айқайлайды таң атпай (әтеш)
Әтеш- қауырсынды жүні жұмсақ, айдары бар, құйрығы ұзын,түрлі түсті болады,орақ,шалғы секілді иіліп тұрады.
б)Суға барса сүңгиді
Қамыс түбін үңгиді (үйрек)
Үйрек – мамығы жұмсақ, қауырсынды, еті пайдалы,тұмсығы жалпақ.
в)Адамнан корықпайды,биікке ұшпайды
Қыт-қыт деп айқайлайды (тауық)
Бүгін біз үй құстарына тоқталамыз. Үй құстары үйде бағылады. Оларға күнделікті жем, су, беріп асыраймыз. Сондықтан оларды үй құстары деп атаймыз.Үй құстары бізге жұмыртқа,мамық, ет береді. Мамығынан жастық, ал ет,жұмыртқасынан түрлі тағамдар жасаймыз.
Ғажайып сәт Шұбар тауық жұмыртасынан сұрақтар шығады.
ОЙЫН: "Құстар не жейді?"
Әрбір ыдысқа кәмпит,тары,жем,нан т.б балалар қандай керегін тауып соны құстарға шашады.
Слайд көрсету арқылы әр құстың баласымен таныстыру.
Шұбар тауықтың екінші жұмыртқасының сұрағы׃
ОЙЫН:"Ұясын тап"
Ағаш басында ұя,ит үйшігі,тауық ұясы:
Тауық құсын қолдарына беріп оның ұясын тауып отырғызады.
Сергіту сәті: музыкамен балапандар би қимылы:қанат қағада,су ішу,қолдарын жоғары,төмен,оңға,солға музыкалық ырғақпен жасау.
(слайд арқылы көріп жасайды).
Шұбар тауықтың үшінші жұмыртқасының сұрағы׃
ОЙЫН:"Ненің баласы екенін тап"
Көгал,көлшік,құс ауласы-макеті еденде жасалынып тұрады.Балалар балапандарын орналастыру керек макеттерге.
Тәрбиеші: -Балапандарының түстері қандай болады?
Балалардың жауабы ׃ -Әртүрлі сары,қара,шұбар.
Тәрбиеші: Дидактикалық ойын «Мынау ненің дауысы?» Қазір құстардың дауыстары естіледі.Үнтаспа арқылы құстардың дауысын тыңдау. Сендер сол дауыстарды ажыратып маған айтып беріңдер. Үй құстарының дауыстарын балалар ажыратып айтып береді.
Тәрбиеші:Сендер құстар жайында көп білдіңдер, екі топқа бөлініп суреттегі құстың көлеңкесін тап дидактикалық ойын, қолдың ұсақ қыймылдарын дамыту арқылы үйрек балапанымен бірге толқынмен жүзейік, қаз балапанының суретін салып бітірейік. Балалар балапанның суретін үзік сызық арқылы салады.Тәрбиеші көрсетіп беріп,балалар өздері жұмыстарын аяқтайды. Жұмыстарын қорытындылап мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан Үй құстары Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тунгатарова З.У.

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы, тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 675 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar