« Үй жануарлары»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 333
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21575


Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 балабақша тәрбиешісі
Мирзахмедова Гүльсун Абдулхакимқызы
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Сөйлеуді дамыту, Қоршаған орта.
Тақырыбы: « Үй жануарлары»
Мақсаты: 1. Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір-бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізетін пайдасы туралы айту.
2. Балаларға үй жануарларына байланысты тақпақ, жұмбақтарды қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тілін дамыту.
3. Үй жануарларын күтіп баптауға, қорғап қомқор жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: үй жануары, қора, сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, төлдер.
Билингвальды сыңары: домашный животные, корова, верблюд, лощадь, баран, коза, теленок, верблюжонок, жеребенок, ягненок, козленок.
Заттық дамыту ортасы: демонстрациялық материалдар, слайд, құрт, айран, сүт, қаймақ, қатық.
Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Жылулық шеңбері
Атам мені, «құлыным»- дейді,
Әжем мені, «ботам»- дейді.
Әкем мені, «шырағым»- дейді,
Анам мені, «қозым»- дейді.
Ал шынында мен кіммін?
Мен дарынды баламын!
-Балалар, бүгін біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен, кәне біріміз қонақтармен амандасып алайық
-Сәлеметсіздер ме!
-Жарайсыңдар балалар!
Айдай жарқырап,
Күндей жадырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
-Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
Дидактикалық ойын:
«Ғажайып текше»
Шарты: ойын арқылы күз мезгілінің ерекшелігін айту, текшедегі суреттер арқылы әңгіме құрастыру.
-Балалар, жақында «Алтын күз» мерекесін өткіздік есімізде болса, кімнің есінде сол тақпақтар?

-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар адамдардың күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?
-Үй қандай бөліктерден тұрады?

-Осы үй бөліктері қандай пішіндерге ұқсайды?

-Жарайсыңдар балалар!
-Дұрыс айтасыңдар, мына тұрған үйдің неше терезесі бар?
-Дұрыс, осы әр терезеде жұмбақтар бар, мен сендерге оқып берейін сендер шешімін (жауабын) табыңдар.
Жұмбақ.
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ.
(Жылқы-лошадь)

2.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе- верблюд)

3.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой-овец)

4.Өзі күшті, мүйізі мықты,
Төрт бұлағы сүт,
Баға білсең құт.
(Сиыр-корова)

5. Секең-секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
(Ешкі-коза)
-Міне, қызық балалар, жұмбақтардың жауабын дұрыс таптыңдар. Үйдің әр терезесінен шешілген жұмбақ жауаптарынан жануарлар шықты.
-Балалар, неліктен бұл жануарлар үй ішінен шықты?
-Ал, жабайы жануарлар қайда мекендейді?

Сергіту жаттығуы

-Балалар, мен сендерге үй жануарлары туралы кішкене мағұлмат берейін, сендер мұқият тыңдаңдар.
1. Жылқы атасы- Қамбар ата.
2. Сиыр атасы- Зеңгі баба.
3. Түйе атасы- Ойсыл қара.
4. Қой атасы- Шопан ата.
5. Ешкі атасы- Сексек ата.
-Үй жануарларын төрт түлік деп атайды.
-Балалар, үй жануарларының төлдерін атап беріңдерші?

-Ойын ойнағыларың келе ме?
Дидактикалық ойын:
«Адаспай тап»
Шарты: төлдерді өз енелеріне біріктіру, қоршау ішіне салу.
-Балалар, осы үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?
-Қой қалай дыбыстайды?
-Қойларды суарарды қалай шақырады?
- Дұрыс айтасыңдар, қойдың сүті пайдалы, етін жейді, жүнін тұрмыста пайдаланады.
-Ешкі қалай дыбыстайды, және оны қалай шақырады?
-Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкі жүнінен тоқымалар тоқиды.
-Жылқы қалай дыбыстайды және қалай шақырады?
-Жылқының сүтін саумал деп атайды, оны ашытып қымыз жасайды. Жылқының саумалы, қымызы, еті адам ағзасына өте пайдалы.
-Ал, түйе қалай дыбыстайды және оны қалай шақырады?
-Түйенің сүтін қымыран деп атайды . қымыранды ашытып шұбат дайындайды.Түйенің етін жейді, жүнінен тоқыма тоқиды.
-Сиыр қалай дыбыстайды және оны қалай шақырады?
-Балалар, сиыр сүті өте пайдалы, сүттен айран ұйытады, қаймақ, май, қатық, ірімшік жасайды,етін жейміз.
-Сонымен балалар, бұл үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы өте көп екен. Сондықтан біз оларды күтіп, бағуымыз керек.
-Балалар, осы жануарлардың ішінен мен сендерге сиыр туралы толығырақ айтып және тәжірибе көрсеткім келіп отыр.
-Сиыр сүтінен одан шығатын тағамдарға тәжірибе жасаймыз.
-Міне сүт, сүттен қаймақ, айран аламыз. Айраннан сүзбе аламыз, сүзбе екіге бөлінеді сүзбе (творг) және құртқа арналған сүзбе.
-Балалар, енді мұнда назарларыңды аударыңдар, мұнда құртқа арналған сүзбе оған тұз қосып одан құрт жасаймыз.
Бірінші киіміміз былғанбау үшін алжапқышты киеміз,екінші қолға қолғап киеміз. Балаларға құрт жасау тәсілін көрсету.
-Жарайсыңдар балалар!
Сұрақ-жауап:
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
-Сендер қандай үй жануарларымен таныстыңдар?

-Неге тәжірибе жасадыңдар?
-Балалар, мен сендерге көңілді, көңілсіз смайликтер дайындадым. Егер сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнаған, ұнамағандарын осы смайликтер арқылы білдіріңдер.
-Осымен біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
-Сау болыңыздар!
Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын бәрі бірге қайталайды.

Балалар қонақтармен амандасады.
-Сәлеметсіздер ме!

-Ия, ойнағымыз келеді.

Балалар ойын шартын түсініп, дұрыс жауап береді.

Балалар өздері білетін күз мезгілі туралы тақпақтарын айтады.

-Үй деп атайды.
-Үйдің шатыры, есігі, терезесі, қабырғалары болады.

-Шатыры- үшбұрышқа, қабырғалары-төртбұрышқа, терезесі, есігі- шаршыға ұқсайды
Балалар үйдің терезелерін санайды.
-Бұл үйдің бес терезесі бар.

-Жылқы.

-Түйе.

-Қой.

-Сиыр.

-Ешкі.

-Өйткені олар үй жануарлары.

-Жабайы жануарлар орманда, далада мекендейді.

Балалар видеоға қарап би қимылдарын жасап, бойларын сергітеді.

Балалар қайталайды.

-Бұзау, құлын, бота, қозы, лақ.
-Иә, ойнағымыз келеді.

Балалар үй жануарларын төлдеріне қосып қоршауға салады.

-Қой маңырайды.
-Мә-мә-мә.
-Пұшайт-пұшайт.

-Ешкіні шөре-шөре деп шақырады.

-Жылқы кісінейді.
Жылқыны- қырау-қырау деп шақырады.

-Түйе боздайды.
-Түйені көс-көс деп шақырады.

-Сиыр мөңірейді. Сиырды аухау- аухау деп шақырады.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын ынта қойып тыңдайды.

Балалар дайын тағамдарға назар салып қарайды.

-Иә, ұнады.

-Жылқымен, сиырмен, қой, ешімен, түйемен таныстық.
-Сүзбеден құрт жасадық.

Балалар өздерінің көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдірді.

Қонақтармен қоштасады.
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: төрт түліктің пайдасын және атауларын біледі.
Меңгереді: тақырыпты толық меңгерді.
Жасай алады: үй жануарлары туралы жұмбақ, тақпақтарды айтады. Тәрбие.орг сайтынан « Үй жануарлары» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мирзахмедова Гүльсун Абдулхакимқызы

Пікірлер: 0

avatar