"Үй жануарлары" (Ашық сабақ)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 272
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22484


"Үй жануарлары"
(Ашық сабақ)
Білім беру саласы: Коммуникация,таным
Оқу әрекетінің түрі:Кіріктірілген.
Мақсаты:Балаларға үй жануарлары,олардың пайдасы жайлы айту.Сөздік қорларын
дамыту.Қоршаған ортаға,үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:Үй жануарларының суреті,ертегі кейіпкерлері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушылық
Амандасу:Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Саламатсыздар ма, апайлар?

Шаттық шеңбері:Ән:"Қошақан"

Ұйымдастыру-ізденушілік:Біз бүгінгі сабағымызда үй жануарлары туралы
әңгімелейміз.Неліктен үй жануарлары деп атаймыз?(Өйткені олар адамдардың
қолында өседі)
Ғажайып сәт:
Сиқырлы сандықша.
-Балалар,мына сиқырлы сандықшаның ішінде кітапша бар екен.Мына ертегіні
білесіңдер ме?("Шалқан"ертегісі)

-Ендеше ертегіні тамашалап көрейік.Атай шалқан егіпті,оны күтіп,су құйып,үлкен
етіп өсіріпті.Шалқан үлкен болған соң,әрі тартып,бері тартып оны шығара алмапты.
Ойланып көмекке кімді шақырады?(Әжені)
Әже үйінде жүн иіріп отыр екен.Ол сендерге тапсырма беріп жіберіпті.Тақтадағы
жануарлардың суретіне қарап,атын атап,тауып берулеріңді өтініпті.(Балалар
тапсырманы орындайды).

-Әже келіп,шалқан тартып көмектеседі.Шалқанды тарта ала ма, балалар?
Енді әже көмекке кімді шақырады?(немересін)
-Немере қызы сабақ оқып отыр екен.Балалар алдарындағы жануарларды
құрастырып берсе,көмекке тез келетінін айтады.Балалар жануарларды құрастырады.

Немересі шалқанды тарта ала ма, балалар?(Жоқ)
-Олай болса,көмекке кімді шақырады?(Күшікті)
Күшік жануарлардың қалай дыбыс шығаратынын білмейді екен.Ендеше үй
жануарларының дыбысы арқылы сергіту сәтін жасап көрейік.
Сергіту сәті:"Шымыршық"
Әй,шымыршық,шымыршық,
Сиыр қалай дыбыстайды?(Мө-мө-мө)
Әй,шымыршық,шымыршық,
Жылқы қалай дыбыстайды?(Иу-иу-иу)
Әй,шымыршық,шымыршық,
Қой қалай дыбыстайды?(Мә-мә-мә)
Әй,шымыршық,шымыршық,
Мысық қалай дыбыстайды?(Мияу-мияу-мияу)
Әй,шымыршық,шымыршық,
Күшік қалай дыбыстайды?(Аф-аф-аф)

-Жақсы балалар,күшікке дыбыстарды айтып бердік.Күшік шалқанды тартуға
көмектеседі.Тарта ала ма, балалар?(Жоқ)
Енді көмекке кім келеді?(Мысық)
-Мысық сүттің қайдан келетінін және үй жануарларының пайдасын білмейді
екен.Айтып берейік.(Сүттен айран,май,құрт,ірімшік әзірлейді.Жүннен носки,қолғап,
бас киім тоқиды.

-Жақсы мысық көмекке келді.Шалқанды тарта ала ма?(Жоқ)
-Енді көмекке кім келеді?(Тышқан)
-Балалар тышқанның да тапсырмасы бар екен.Ол үй жануарларынан сақтану
шараларын айтып беруімізді өтінеді.
Қауіпсіздік:(Сиыр сүзеді,жылқы тебеді,ит қабады,мысық тырнайды)
-Өте жақсы,балалар.Ойланып жақсы жауап бердіңдер.Енді тышқан шалқанды
тартуға көмектеседі.Тартады-тартады,шалқанға шамасы жете ме?Балалар,бұл
шалқанды тартуға тапсырма орындау арқылы сендердің де көп көмектерің тиді.
Рефлексивті-түзетушілік.
Балалар бүгін біз не туралы өттік?
-Үй жануарлары
-Сабақ ұнады ма,сендерге?
-Ия
Олай болса бүгінгі сабағымызды қорыта келе келген қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

"Бекітемін"
"Шапағат"балабақшасы"
МКҚК әдіскері
Г.А.Карагойшина_______
"___"____________2016 ж


"Үй жануарлары"
(Ашық сабақ)


Тәрбиеші:БахрадиноваА.Б.



2016-2017 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан "Үй жануарлары" (Ашық сабақ) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бахрадинова А. Б.

Пікірлер: 0

avatar