"Үй жануарлары мен төлдері"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 398
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23663


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Салықбай Тұрсын Әмелеханқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: Коммуникация
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Үй жануарлары мен төлдері
Мақсаты: Үй жануарлары мен төлдері туралы таныстыру, адамдарға пайдасын түсіндіру. Танымдық процесстерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Мотивациялық-қозғаушы қызмет:
Жылулық шеңбері:
Шашы алтын , көзі-от
Шыға қой күн тазірек
Шуақ берші жылу берші маған,
Қозы,,лағыма тағы,тағы ,тағыда
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет::
Тәрбйеші:Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
Балалар үй жануарлары: Түйе ,жылқы, сиыр,қой, ешкі үй жануары қайда өмір сүреді?
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Мақал-мәтел: Жылқы малдың- патшасы,
Түйе малдың қасқасы.
Үй жануарларының пайдасымен танысайық балалар сендар не білесіңдер?
Ет, сүт, май ,ірімшік, терісі,жүні пайдалы екен.Алысты жақыдатар көлікте болады екен.
Балалар үйжануарларының бізге беретін пайдасы мол екен біз де қарап қалмайық осы мүмкіндікті пайдаланып үй жануарларына арнаған арнауларымызды айтып кетейік
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Шөре,шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың .
Түйе,түйе,түйелер,
Тұзың қандай түйелер.
Балқан таудың басында
Балдыр қоян қасында
Еніп кеттім егіске
«ҚОШАҚАНЫМ» әнімен
Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағын,
Ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын,
бұзау оған ереді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай, мұрынын шүйіреді бұзауқан
Көрініс:
Тақырыбы: «Ит қалай үй жануары балды»
жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра кйген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (ешкі)
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН:«Анасын тап»
Рефлексивті-түзетуші қызмет:
Малдың баласын сүюі (ХАЛЫҚ АУЫЗ ЕРТЕГІСІ)
Қой сүйеді баласын «қоңыңрым»-деп
Ештеңені білмейтін « момыным!» -деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым»-деп,
Қараңғыға баспаған «қорқағым!»-деп
Түйе сүйеді баласын «боташым»деп ,
жаудыраған көзіңнен «тоташым»–деп .
Ешкі сүйеді баласын «лағым»-деп
Тастан-тасқа секірген «шұнағым!»-деп.
Жылқы сүйеді баласын « құлыным»-деп,
Тұлпар болып жүгірер «жұлыным» –деп
Тәрбиеші:сонда бізді ата-әжеміз,әкеміз,
анамыз қалай айналады қане Кәусар айта қой
Атам мені құлыным -дейді
Әжем мені боташым –дейді
Әкем мені шырағым –дейді
Анам мені қозым!-дейді
Айналайын жаным –дейді
Ал шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын Тәрбие.орг сайтынан "Үй жануарлары мен төлдері" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салықбай Тұрсын Әмелеханқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша"" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar