Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Үй жануарының момыны »
  • 07.11.2016
  • 174 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19928

Ашық сабақ.
Тіл дамыту.
Тақырыбы. «Үй жануарының момыны »
№11 «Аққу» тобының тәрбиешісі: Каймова С.М.



2016 ж

Теміртау қаласы.
№ 5 «Сәуле» бөбекжайы.
Тәрбиеші: Каймовва Сюзанна Маратовна.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасында мекендейтін үй жануарлары туралы білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту,қорытынды тұжырым жасай білуге дағдылындыру, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының және жабайы жануарларының мекендейтін жерінің суреті, үлгі суреттері, «Төлін тап» әр балаға таратпа суреттер.
Қажетті құрал жабдықтар: Қойдың сызба суреттері, сұйық желім, қалам, ашығыштан өткен қалам қалдығы, сүлгі.
Тәрбиеші мен балалар топқа кіріп, жарты шеңберге тұрып,-
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой,
Ал қанекей бәріміз
«Салем» дейік үлкенге.
Балалар қонақтармен амандасады.
Балалар тұрған жерде кішкене сандықша тұрады. Балалардың көңілі сандықшада, ішінде не барына назар аударады.Тәрбиеші сандықшаны ашып ішіндегі «Сиқырлы шам»-ды қолына алып , ол сыбырлап балалар маған өз аналары оларды қалай еркелететіні жайлы айтып берулерін сұрап жатқанын айтады.
Балалар бірінен соң бірі қолдарына Сиқырлы шамды алып ( Ботақаным, Ақ қозым, Аппағым, Періштем, ) т.б айтады.
( Есік қағылып, Қой қонаққа келеді)
Балалар Мейірімді қоймен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар бізге Мейірімді қой өзі жайлы, және үй жануарлары туралы көптеген мағлұматтар білетінімізді сұрап жатыр. Балалар сендер білесіндер ме?
Балалар: ия.
Тәрбиеші:Ендеше мен сұрақ қояйын сендер жауап беріңдер.
Сұрақ-жауап
- Қой қандай жануар?
( Үй жануары.)
- Қой не береді?
( Сүт).
- Сүттен не жасайды?
(Айран, құрт, ірімшік,т.б. )
-Қойдың түсі қандай?
(Қара, қоңыр, ақ )
-Жүнінен не жасайды?
( Кейіз басады, кілем алаша тоқиды,күртеше тоқиды, )
-Сендер тағыда қандай үй жануарларын білесіңдер?
( Сиыр, түйе, ешкі, ит, т.б. )
Тәрбиеші: Балалар қой сендерге риза болып отырғанын айтып жатыр.Қой сонау ежелден халқымыздың несібелі малы болып есептелген .балалар ауырып қалған кезде осы қойдың құйрық майымен сылап, ішкізіп жатады. Қой төрт түліктің момыны. «Сондықтан болар қазақ атамыз өсек-аян, қулық-сұмдығы жоқ бір қалыпты, сабырлы адамды қой аузынан шөп алмайтын момыны» деп тегін айтпаған.
( Балалар орындарына отырады )
Тәрбиеші: Балалар енді сендер осы үй жануарларының даусын табыңдар.
Ойын: «Жануардың дыбысын тап»
( Балалар үн таспадағы дыбыстарды қай жануардың дыбысы екенін табады )
Тәрбиеші: Енді алдарыңдағы тапсырмаға мұқият қараңдар . Тапсырмада сендер айтып жатқан үй жанарларының толдерін тауып сызып көрсету керек.
( Балалар тапсырманы орындап , шеңбер болып тұрады.)

Тәрбиеші: Балалар «Сиқырлы шам» бізге үн қатып жатқан сияқты. Қанекей тыңдап корейін.
( «Сиқырлы шамның » балалардың билеп бергенін қалайтынын, озінің оларды сиқырлы жерге жіберетінін айтады.)
( Балалар музыка ырғағымен билеп, орманға келгендерін кореді )
-Тәрбиеші: Балалар біз қайда келдік?
-Балалар: Орманға.
-Орманда кімдер жасайды екен?
-Жабайы жануарлар.
-Атап көрсетіңдерші?
-Аю, қоян, арыстан, жолбарыс т.б.
-Неліктен жабайы жануарлар дейміз?
-Себебі олар жыртқыш аңдар.
Балалар «Сиқырлы шам» бізге тағыда билеп беріңдер деп жатыр.
( Балалар тағыда музыка ырғағымен билейді, оларды енді «Сиқырлы шам» үй жануарлары жасайтын жерге алып келеді )


Балалар енді бізді «Сиқырлы шам» қайда алып келді?
-Үй жануарлары мекендейтін жерге.
-Мұнда қандай үй жануарлары жасайды?
-Сиыр, әтеш, түйе, қой, ешкі, жылқы т.б.
Енді музыка ырғағымен билеп балабақшамызға қайтайық.
( Балалар билеп балабақшаға келеді. )
Тәрбиеші: Балалар міне өз тобымызға да келдік, тақтаға назар аударыңдар жаңа көргендеріңді естеріңе түсіріңдер.
Ойын: «Қай жерде мекендейді»
Балалар тақтадағы үй жануарлары мекендейтін және жабайы жануарлары мекендейтін суретке жануарларды
орналастырады.

Тәрбиеші балалардан қандай жануарды алғанын, оны қайсы суретке орналастыратынын сұрайды.
Балалар тапсырманы орындап болған соң тәрбиеші тексеріп, жиберген қателіктерін айтып, орындарына отыруларын айтады.
Тәрбиеші: Балалар енді сендердің алдарыңда қойдың аяқталмаған суреті, осы суретті адемі етіп безендіреміз.
( Тәрбиеші алдымен өзі қой суретіне сұйық желімді қылқаламмен жағып, үстіне қарындаштан ашылған қалдығын жапсырып көрсетеді.)Балалардың жұмысын көріп, оларды мақтап мадақтап сергіту сәтін орындайды.
Сергітіу сәті.
« Аю» әні. Музыка ырғағымен балалар шеңберге тұрып, аю аніне қосылып сергіту сәтін орындайды.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
Балалар: ия.
Тәрбиеші: Кім қонаққа келді?
Қай жерге бардыңдар?
Қалай бардыңдар?
Онда кімдерді көрдіңдер?
(Балалардың жауабы)
Тосын сый.
( Тәрбиеші балаларды сандықша жанына алып келеді, сиқырлы сандықша ішінен гүл шоқтарына ілінген тәттілер. )
Тәрбиеші: балалар сендер сұрақтарға жақсы жауап бергендеріңе Мейірімді қой сыйлық беріп кетті.
Қонақтармен қоштасып, балалар тәрбиешімен бірге шығып кетеді. Тәрбие.орг сайтынан «Үй жануарының момыны » Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каймова С.М.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: момыны, Балабақшадағы ашық сабақтар, «Үй, жануарының
Көрсетілім: 174 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar