"Көңілді көктем"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 501
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22689


Тақырыбы: "Көңілді көктем"
Мақсаты: Балаларға көктем мезгілі туралы түсінік беру.Басқа мезгілдерге қарағандағы өзгшелігін үйрету.Балаларды ізденімпаздыққа,тапқырлыққа және сезімталдыққа баулу.
Шаттық шеңбері
Көктем келді көңілді
Бүр жарады жас талдар
Гүл басады бөктерді
Қуанады балалар
Қайырлы таң,достарым!
Қайырлы таң жыл-көктем
Қайырлы таң құстарым
Сіздерді көріп қуанам!
-Балалар,мен сендерге бүгін ерекше тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізгелі тұрмын.Себебі бұл-Көктем туралы болмақ.
Шаттығы мол, көктем
Күледі күн көкте
Жылы жаңбар себелеп
Бетімізден өткен.
-Балалар, мына өлең шумақтарында біз не туралы айтылғанын білеміз бе?
-Әрине,көктем туралы!
-Жарайсыңдар ,балалар!
-Ендеше ,қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі
-Көктемде ауа-райы қандай болады?
-Жаңбыр жиі жауады,жылы жақтан жел соғады.
-Күн жылына бастайды,гүлдер өседі.
-Құстар жылы жақтан оралады.
-Төрт түлік төлдейді
-Ал, балалар,енді нелер шыға бастайды?
-Құрт-құмырсқа ,шегіртке, бақа-шаяндар ,қоңыздар,көбелектер және шыбындар шығады.
-Ой ,бәрекелді,жарайсыңдар!
-Ал,күн мен түн қалай өзгереді?
-Күн ұзарады,түн қысқарады
-Өте керемет, бүлдіршіндер ,сендер көктем туралы мол білім қорларың бар екен.
-Ал, сендер қай мезгілді қалайсыздар?
-Көктем,қыс мезгілдерін
-Ал ,жаз мезгілі мен күз мезгілі де ерекше құбылыстар мезгілі емес пе?!
Көктем мезгілінде табиғатта жан-жануар да өзгереді.Қыстүгіні жауған қалың қарлар еріп, сай сала ,арықтар арнасына сыймай ағып жатады.Жер жұмсарып.көктесін өсімдіктер шыға бастайды.Мен сендерге қар астында жатып- ақ гүлдейтін өсімдік туралы айтып берейін.Ол -бәйшешек гүлі.Оны халқымыз көктемнің хабаршысы,жақсылықтаң жаршысы деп те атап кеткен.Біз оны алғашқы алау гүл деп те атаймыз.
Балалар ,көктем мезгілінің үш айы бар: наурыз айы,сәуір айы және мамыр айы.Көктемнің алғашқы айында қар жауады, ұшқалақтап наурызды нұрландырады.Қазақ халқындағы осы мерекесі қарсыз,жаңбырсыз өтетінін білеміз.
-Көктем мезгілінде алғашқы көңілді боп тойлайтын қай мереке?
-Аналар мерекесі!
-Сендер аналарыңызға не сыйладыңдар?
-Гүл шоқтарын сыйладық
-Олай болса біз өз қолымызбен "гүлге қонған көбелектіә жасайық.
-Мынау менің раушан гүлім.Ол үшін қызыл қағаздан қиылған гүлді желімдеп жапсырамын.Көбелекті қондырып желімдеймін.
-Балалар сендер осындай сыйлықты аналарымызға тарту етесіңдер ме?
-Олай болса жасап көрейік.
Балармен жұмыс
Сергіту сәті
Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер
Қызыл гүлдер,көк гүлдер
Бірін үзіп аламыз
Анамызға сыйлаймыз.
Бүгінгі тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметін осы өлең шумақтарымен қорытындылаймыз:
Жауа берсін нұрлы жаңбыр
Менің байтақ далама
Күнде көктем бола берсін
Менің дархан далама. Тәрбие.орг сайтынан "Көңілді көктем" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хожебаева Гүльнара Мухамметалиевна

Пікірлер: 0

avatar