Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көктем
  • 01.02.2017
  • 73 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21464

Білім саласы: Коммуникация
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісін пайдалану арқылы тақпақтар мен жұмбақтар шешу. Мнемокестені қолдану арқылы есту,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Көрнекіліктері: Слайд, видеоролик, көктем мнемокестелер, суретті кәртішкелер.

Балалар, бүгін біздің тобымызда ерекше күн. Бізге қонақтар келді. Қонақтармен сәлемдесейік.

Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз.
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге.

Қайырлы күн балалар.
Қайырлы күн қонақтар.
Енді балалар, бір- бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

Аспанымыз ашық болсын,
Деніміз сау болсын.
Әлемде тыныштық болсын
Күніміз жарқын
Дастарханымыз мол болсын.
Дос көп болсын.
Әр қашан күн сөнбесін.

Тілектерің қабыл болсын, балалар. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.
Ақ қар еріп
Су көбейіп
Сай –салаға толады.
Ағаш басы,
Бүршік жарып
Гүл бәйшешек толады.

Көктемде болады

Дұрыс айтасыңдар балалар.Көктемде неше ай бар.
Көктемде үш ай бар.
Наурыз,Сәуір,Мамыр.
Балалар бүгінгі оқу іс әректімізде көктем жайлы мнемокесте арқылы тақпақтармен жұмбақтар айтамыз.

Көктемгі көрініс слайд.
Балалар: Көктемде жеңіл киінеміз.Ауа-райы жылы болады. Жыл құстары ұшып келеді.
Т: Наурыз айында аналар мерекесі және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жаңа жылымыз бар.Күн мен түн теңеліп жаңа күн басталады.

Ғажайып сәт
Есік тақылдап Көктем келеді.
Сәлем сәлем балақайлар,
Құстар әнін ала келді .
Жерге кілем жаба келді,
Жан бітірткен табиғатқа
Гүлдерімді ала келдім!
Көктем: Балалар мен қайда келдім.

Т: Ару көктем сіз ,, Қуырмаш ,,тобына келдіңіз.Балалардың сізге арнаған тақпақтары, жұмбақтары бар.

Б: Дала қандай керемет,
Қойның гүлге толады.
Қызыл жасыл көбелек,
Бір ұшып бір қонады.

Бүршік жарып ағаштар,
Құстар ұя салады .
Сылдыраған бұлақтар,
Ағып бара жатады.

Көктем болды алақай,
Қуанар бар балақай.
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.

Көктем: Жарайсыңдар балалар , сендер мен туралы тақпақтарды біледі екенсіңдер

Т: Ал енді балалар жұмбақтарды кім жасырады.

Балалар: Аспанда алып доп
Жарқырайды жарық боп.

Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

Самал желпіп өтіпті
Құстар жетіп келіпті .
Қызыл жасылгүлдерге,
Дала толып кетіпті.

Т: Ал енді балалар мнемоникалық кесте арқылы тақпақтар менжұмбақтар айтамыз.
Тәрбиеші балаларға дайын салынған суретті суреттейді

Күн нұрына кенелді,
Бүршік жарып бар ағаш.
Келіп көктем құстары
Бау- бақшаға ән салып.

Гүлдер,гүлдер көктесін
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін.

Көктем қандай көңілді
Күміс , жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.

Жұмбак: Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды
Қызыл,сары жасылды
Көкте бір зат асылды.

Б.шешуі кемпірқосақ.
Балалар ,шаршаған боларсыңдар орнымыздан тұрып бір сергіту жатығуын жасайық.

Сергіту.
Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңдар,
Саусақтармен ойнаңдар
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын.

Көктем:Балалар сендер тақпақ жұмбақтарды жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерге құры қол келген жокпын. Сендерге тапсырма ала келдім. Мына себетте суреттер бар,»Қара да айт» ойынынала келдім.Себеттегі суреттерді балаларға тарқатып береді.
Сөздік жұмыс:Көктем ,су сылдырлайды ,жылғалардан су ағады ,бәйшешек, бүршік жарады.
Блингвалды компонент: Көктем-весна,жаңбыр –дождь,кемпірқосақ-радуга.

Көктем: Жарайсыңдар балаларменің тапсырмамды жақсы орындадыңдар.Ал енді менің қайтатын уақытым болды Хош сау болыңдар.
Т:Балалар енді шығармашылық жұмысымызды бастайық.
Балалар шығармашылық орталығында берілген гүлдердің қауызын бояйды.
Тәрбиеші жаксы , ұқыпты,таза бояған балаларды мақтап мадақтайды
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Тәрбие.орг сайтынан Көктем Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бахашева Камила Нысанбаевна

№21 Ертарғын бала бақшасы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Балабақшадағы ашық сабақтар, көктем
Көрсетілім: 73 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar