Көктем аруы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 627
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 30/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18902


Жаңаөзен қаласы
№17 «Балауса» балабақшасы
Кармусова Шынар
К ө к т е м а р у ы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру,қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке,инабаттылыққа ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі; «Қыз елдің көркі»,(ұлттық киімді қыздардың суреттері) «Көктем аруы»
атты қанатты сөздер.

Жүргізуші; Қымбатты аналар,арулар ұстаздар! Көктем шуағымен бірге келген аналар
мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге арнап дайындаған «Көктем аруы»
атты арулар сайысына қош келдіңіздер»
Әрине сайыс болғаннан кейін оның әділ бағасын беретін әділ қазы алқасы болу
керек екені сөзсіз,олай болса әділ қазылармен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасының төреайымы;-----------------------------------------------------------------
Мүшелері;------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші;Сайыстың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып,өз өнерлерін көрсетеді.
1-тур;----- Өзін-өзі таныстыру.
2-тур,------Өнер сайысы. (Ән-би)
3------------Мәнерлеп тақпақ оқу.( Ана туралы)
4------------Сұраққа жауап (салт-дәстүрге байланысты)
5------------Шығармашылық Қол өнер сайысы
6----------- Ананың басынан откен күндері атты көрніс.
7------------Үйге тапсырма «Менің анамның сүйікті асы»(үйден дайындап әкеледі)

Жүргізуші: Пір тұтқан мақаббатты адалдақты.
Көркімен таң қалдырған талай жұртты,
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
№ 1-ші Ару.---Арайлым қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
№ 2-ші ------Нұрай сұлу білімді
Меңгерген бар ілімді.
№ 3-ші-----Аружан қыз елгезек
Алады тез тіліңді.

№ 4-ші---Ақша бетті Дильназ қыз
Ұқсайды хор қызына

№ 5-ші Айсұлу келеді үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп.

Жүргізуші; Бірінші сайыс өзін-өзі тыныстыру

Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнерлері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтердеймін.

Жүргізуші; Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу,әсем әуен, түрлі өнер
Аналар бәрі сізге арналады.---------Ер балалар Ана туралы тақпақ айтады..

Жүргізуші; Екінші сайыс ол өнер сайысы.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп,ал біреулер ән салыпты
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға.
Арулар аянбай ақ жан салыпты.-деп Арулардың өнерлерін тамашалаймыз.

Жүргізуші, Үшінші сайыс Аналарға арнап,мәнерлеп тақпақ оқу

Хақымның әні қандай,жыры қандай
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай
Шымырлап өн бойыңа тарайтығұн
Ал биі нәзік жанды балқытқандай---Қазақ биі «Қаражорға»

Жүргізуші; «Қыздар сұлу көрінер білімі мен» сұраққа жауап.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды үйлесімді ғажап шын
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық
Насихаттап жаңартудан қашпайық--асық бойынша сұраққа жауап беру.

Жүргізуші;Шығармашылық қол өнер сайысы Арулар әр түрлі ою өрнектермен тұс киізді
әшекейлейді.
.1 БИ 80-ші жылғы бишілер тобы.
2. Жеке әндер
3. Тақпақтар.

Жүргізуші: «Нағыз ана бейнесін сомдаған көрніс» 3 мин көрсетеді.
Қортынды; Әділқазылар сөз алып,әр номинация бойынша, «Көктем аруы»,»Көрермен көзайымы», «Білімді ару», « Өнерлі ару», «Дарынды ару»-деп жүлде тағайындайды.

Жүргізуші; Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын берекеміз
Аналарға жолдаймыз аппақ алғыс
Осыменен аяқталды мерекеміз! Тәрбие.орг сайтынан Көктем аруы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кармусова Шынар

Пікірлер: 0

avatar