«Көктем сәні.»

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 919
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 15/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17958


«Көктем сәні.»
Мақсаты Көктемнің негізгі еренкшеліктерін балаларға бақылату, әңгіме айтуға үйрету. Баланың тіл байлығын дамытып сөз қорын молайту. Табиғатты сүюге баулу балалардың өнерге деген қабілеттерін зейінін арттыру. Баланың есте сақтау қабілетін дамыту
Көрнекілігі: көктем көрінісі, гүлдер, құстар,көбелектер және т.б. суреттер
Тәрбие шараның барысы:
Тәрбиеші: Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілменен Қош келдіңіздер, төрімізден орын алған көрермен. Көп алдында бүлдіршіндер ән сап өнер көрсетер. Тыңдаңыздар тамашалап жаңа жолын өнердің
Құрметті қонақтар шағын орталық 4-жасар тобының «Көктем сәні» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Балалар қараңдаршы қандай тамаша күн бүгін. Күн сәулесі аясын қандай төгіп тұр.Бұл көктемге деген табиғаттың қуанышы! Ендеше біз табиғатпен бірге қуанайық, бізді қоршаған ортамен келіп отырған қонақтармен амандасайық!
Балалар: 1.Келжан: Әке-шешеміз аман болсын! 2.Әли:Аспанымыз ашық болсын! 3.Мейрамжан:Деніміз сау болсын! 4.Зарият:Тыныштық болсын! 5.Балмұхан: Тату болайық! 6.Әсемгүл: Әрқашан күн сөнбесін! 7.Мейрам:Бақытты болайық! 8.Мақсат:Бақшамыз көркейсін! 9.Аружан: Бар жақсылықты тілейміз! 10.Румилла: Жолымыз болсын!
Тәрбиеші: 1.Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 2.Көктемнің неше айы бар? 3.Балалар қазір көктемнің қай ай екен атайық? Дұрыс айтасыздар қазір көктемнің үш айына байланысты біздер үш топқа бөлінеміз. І-топ «Наурыз»айы, ІІ-топ «Сәуір» айы, ІІІ-топ «Мамыр» айы. Қараңдаршы балалар бұл көктемнің бақыт құсы бұл бейбітшілік құсы «Көгершін». Олай болса дәулетті бақытты болуды қонақтарымызға тілейікші.
Балалар: Бақытты болыңыздар, еліміз тыныш болсын!
Тәрбиеші: Ал балалар, біздердің нұрын төккен көктемге арналған тақпақтарымызда бар ғой кәне ортаға салайық.
Асылхан: Ерсұлтан: Қарсы алайық көктемді Мөлдір аспан ашылды Көктем қандай көңілді Күн пердесі сөгілді.
Роллан:
Ағаш басы бүршік жарып Гүл бәйшешек ашылды
Тәрбиеші: Балалар Біз қазір ой қозғап «Жақсы» «Жаман» ойынын ойнаймыз. Ал мен қазір атап көрсетем. Күн еріп дала батпақ, Үстіміз лас болды; Киімімізге су тиіп ауырдық;
Балалар дұрыс айттыңдар әрине «жаман».
Құстар келді; Күн жылынды; Ағаштар бүршік жарады; Шөптер, гүлдер өседі;
Әрине дұрыс айтасыздар балалар бұл «жақсы». Бізді ғажайып әлем қоршап жатыр. Ол табиғат.Соның ішінде Жер – Анаға рахметімізді айтайық.
Рахмет сізге нұрлы күн Рахмет аспан әлемі Бізді мәпелеп әсірген Рахмет сізге Жер-Ана!
Ернар.
Көктем күні күркіреп Бәйшешектер дүркіреп Жаңбыр жауды сіркіреп Диана. Шыға келді қыр түлеп. Данат
Тәрбиеші: Көктем табиғат саясында қандай өзгерістер байқайсыздар балалар? Балалар қандай өсімдік, жәндіктерді байқадық? Балалар: Гүлдер , көбелектер. Балалар қазір Әли,Жанаргүл, Келжан,Әсемгүлдің орындауларында «Көктем» биін тамашалайық. Тәрбиеші: Қандай көктем құстарын білеміз? Балалар:Көктем құстарынан торғайды,қарлығашты,қара торғайды білеміз. Олай болса келесі көрністі тамашалайық
Торғай: Ұшып келдім ең алғаш Саңырауқұлақ:Шыр-шыр еткен Қара торғай қырағы торғайды қорғамаса болмайды Ұяларға қонақтап Дана Дейді менің тұрағым. Нұралы.
Көбелек: Торғай, торғай,торғайсың Таяу келіп қонғайсың Жем шашайын тойып ал Сонда аязға тоңбайсың. Жанаргүл
Құстар біздің досымыз Шырқап биге қосамыз. Бекзат Балалар қазір баршамызға Мейрам, Мейрамжан,Мақсаттың орындауында «Балапан» биін тамашалайық. Тәрбиеші: Балалар мына суретке назар аударайық.
Суретте қай мезгілі бейнеленген?
түс ең басты бояу түрі?
Тағы қандай басқа түстер пайдаланған?
Бұл суретке қандай ат қоямыз? Балалар бүгінгі күні күндегідей жақсы қатынасып отырсыздар. Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып «Көктем» әнін қонақтарымызға орындап берейік. Тәрбиеші: Балалар сіздер бүгін өздеріңіздің тақпақтарыңызды айтып, ән орындап, би билеп өз өнерлеріңізді ортаға сала білдіңіздер.Мен сіздерге шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін. Көп-көп рахмет!Әрқашанда биіктен көріне беріңіздер. Құрметті қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып қорытынды сөзді мектеп директорының әдістемелік жөніндегі орынбасары Құспанова Ақмарал Саясатқызына беріледі
«Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.» Тәрбие.орг сайтынан «Көктем сәні.» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хасанова Салтанат Каримовна

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі 4 жастық шағын орталық тобы тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar