Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көктемгі орманға саяхат
  • 12.01.2017
  • 31 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20977

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (61.7Kb)

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Көктемгі орманға саяхат»
Мақсаты: Көктем туралы білімдерін кеңейту. Жыл мезгілі, көктемгі табиғат өзгерістері туралы білімдерін анықтау.
Міндеті: Құстар туралы білімдерін бекіту. Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды құстарға қамқорлық көрсетуге баулу.
Сөздік жұмыс: шықылдайды, қарқылдайды, шырылдайды.
Үштұғырлық компоненті: Құстар – птицы- birds
Көрнекілік: Құстардың суреттері: торғай, қарға, сауысқан, көктем мезгілінің суреті, әр балаға қағаздан жасалған гүлдер, үнтаспа, ағаштың макеттері, ноутбук, мнемокесте «көктем», слайдтар
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивация.

Ізденіс- ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:
-«Жақсы, жаман» ойыны . Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, жақсы - жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына, балалар дауыстап, ол әрекеттің жақсы, жаман екенін айтады.
Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма? Жоқ, жаман
Гүлдерге су құю жаман ба? Жақсы, гүл өседі, жапырақ жаяды
Құстарға ұя жасау дұрыс па? Дұрыс
Апайларға амандасқан жақсы ма? Жаман ба?
Жақсы, ендеше амандасамыз. Сәлеметсіз бе?
-Жарайсыңдар балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар. (орындыққа отырады)
1.Әңгімелеу: Б-р, енді мына экранға назар аударыңдар. Слайд көрсету, әр слайд бойынша әңгімелесу: Қай жыл мезгілі? Қайдан білдіңдер? Қандай өзгерістер болып жатыр? Кім көктем туралы тақпақ біледі?
Көктем келді шуақты,
балаларды қуантты,
Алақай-ау, алақай.
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Мынау не? (Орман)
2. Ал, ендеше орманға саяхатқа шығайық. Балалар орманның ішінде ақырын жүреміз, құстармен аңдарды қорқытпау үшін, және кедергілерді аттап жүреміз. Ал, ендеше кеттік.
Міне, бірінші кедергі: (аяқтарымызды жоғары көтереміз). Міне, екінші, үшінші... Енді ағаш бұтақтарын қолымызбен ашамыз, сындырмау үшін. Мына жерде бұтақтар аласа өсіп тұр екен, кәне, еңкейеміз. Міне, орманға да келіп қалдық. Әуен ойнайды
3. Ой, балалар, қараңдаршы, бізді мұнда нелер күтіп тұр? Балалар, суреттерге қарап, қандай құстар екенін айтады. Мынау –құстар. Мына, кішкентай құсты қалай атайды? (торғай). Балалар, торғай қалай сөйлейді? (шық- шық – шық). Дұрыс. Кәне, бәріміз шық – шық – шық, дейік. Торғай шықылдайды. Шықылдайды, - деп қайталайық. Торғай туралы тақпақ айтып беріңдерші: Торғай, торғай, торғайсың. Неге жақын қонбайсың? Жем шашайын, тойып ал, Суықтарда тоңбайсың. Жақсы, жарайсыңдар.
Ал, енді, мұнда қараңдаршы, қандай үлкен құс? Ол не? Дұрыс, қарға. Қарға қалай сөйлейді? Кім айтады? (қар-қар-қар). Дұрыс, қар,- дейді. Бәріміз, қар, деп, айтайық. Қарға қарқылдайды. Қарқылдайды, - деп айтайық.
Қарға туралы тақпақ айтыңдаршы: Қарға, қарға, қарғалар. Қар үстінде жорғалар, Боран соқса, қор болар. Бұтаға келіп қорғалар. Жақсы.
-Дыбыстық жаттығуы: ғай-ғай-торғай; қар-қар-қарға.
Ал, мынау, қандай құс? Суретті қарау. Сауысқан. Сауысқан, қалай сөйлейді? Ешкім білмейді ме? Ендеше, біз тыңдайық. (аудио жазба). Сауысқан шырылдайды. Шырылдайды, -деп айтайық.
Құстарға қалай қамқорлық жасаймыз? Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек. Құстар орыс тілінде птицы деп аталады, қане бірге айтайық. Ағылшынша бердс, - дейді.
-Жақсы, саяхатымызды жалғастырайық.
4. Ой, қараңдар, біз орманның алаңқайына келіп қалыппыз. Осы жерде жақында әдемі гүлдер өседі. Қараңдаршы, менде, қандай әдемі гүлдер бар. Көрсету: бұл көктемнің алғашқы гүлдері. (Бақбақ, деп аталады) Олардың түстері қандай? Дұрыс, сары. Қазір, мен сендерге бір-бір гүлден таратамын. Ал, енді шеңбер жасап, бір-бірімізге жақындап, гүлдерді қоссақ, шөқ гүлі болады. Біз енді гүлдерді осы алаңқайда қалдырайық, сиқырлы орманда ең әдемі алаңқай болсын.
Балнұр, сен бақбақ гүлі туралы тақпақ айтып берші?
Сән беріп жазға,
Үлбіреп бақбақ,
Шалғынды сазда,
Өседі қаптап.
Міне, біз орманда серуендеп алдық. Орманда не көрдік? Дұрыс, енді балабақшаға қайтайық. Орманнан ақырын шығайық, аңдармен құстарды қорқытпау үшін.
Сонымен, балалар, біз қайда бардық? Нелерді көрдік? Құстар қалай сөйлейді?
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Амандасады.
Орындарына отырады.
Сұрақтарға жауап береді. Көктем мезгілі. Қар еріп жатыр, аюлар оянды, құстар ұшып келді, адамдар жеңіл киінді, бірінші гүлдер шықты, т.б
Көктем туралы тақпақ айтады.
Қимылдар жасайды.
Кедергілерден өтеді.
Орман дыбыстарын
тыңдайды.
Суреттерді тамашалайды.
Құстарды атайды. Қайталайды.
Торғай, қарға туралы тақпақ айтады.
Жаттығу жасайды.
Сауысқанның дауысын тыңдайды.
Құстар сөзін
үштілде айтады
Бақбақ гүліне зер салады, тамашалайды.
Гүлдерді алады, шөқ гүлін жасайды.

Балнұр тақпақ айтады

Балабақшаға қайтады
Күтілетін нәтиже :
Құстардың атауын білуі қажет.
Сурет бойынша әңгіме құрауды, өлең жолдарын мәнерлеп айтып беру керектігін игереді.
Құстардың қайда мекендейтінін, оларға қамқор болу керектігін меңгереді.
+________________________________________________________________________________
-_________________________________________________________________________________ Тәрбие.орг сайтынан Көктемгі орманға саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каирбекова Жанар Темирболатовна

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, "Ақсу қаласының түзету үлгісіндегі №12 бөбектер бақшасы" Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 31 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar