Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көліктер
  • 29.11.2016
  • 315 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20267

ШҚО Семей қаласы «№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
шағын орталық тәрбиешісі Енсегенова Аяулым Багдатовна
оқу іс – әрекетін ұйымдастыруға арналған
технологиялық карта.
Уақыты: 26.11.2015ж
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты:Балаларға көлік туралы түсінік беру.
Міндеті 1.Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру,сезіну қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын көбейту,танымын кеңейту,әдепті, ұқыпты,алғыр болуға баулу, ойын толық жеткізе білуге үйрету.
3. Ұйымшыл болуға,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, ойыншықтар
Пән аралық байланыс: Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті тіл дамыту, орыс тілі, құрастыру, математика, сурет, мүсіндеу.
Билингвальді компонент: Көлік-машина, ұшақ – самолет, зымыран - ракета
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс –әрекеті
Мотивация
лық қозғаушы. Жылулық шеңбері
«Амандасу рәсімі»
«Бөбек» атты тобымыз
Біз әдепті баламыз
Алдыменен қонақпен
Амандасып аламыз
Тәрбиенің басы ғой
Ал, кәнеки бәріміз
Салем дейік үлкенге
Салемтесіздерме
Балалар орындарына отырады. Балалар тақпақты шеңбер құрып,қимылмен қайталап,
орындайды.
Іздену-барлау Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған. Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Мен сендерге жұмбақ жасырам. Сендер тауып көріндерші жауабын.
Өзі бензинмен жүреді, адамдарды да, жүкті де тасиды, алыс жолдарға шаршамай жүреді, ол не?
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады.
- Балалар қазыр барлығымыз жұмыс жасайтын үстелімізге келіп орындықтарымызға отырамыз.
-Балалар естеріңдеме алдыңғы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде біз көліктер бейнеленген қалыптарға гипсты құйып, мынандай ойыншықтар жасаған болатынбыз. Міне енді бүгін біз осы ойыншықтарымызды түрлі түсті бояулармен әдемілеп бояймыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Қанатымызды жаямыз.
Ұшақ болып ұшамыз
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз.
Жол тәртібінс сақтап!
Автобусқа мінеміз.
Балалардың бояған ойыншықтарынан көрме ұйымдастыру. Мақтау мадақтау.
Дидактикалық ойын «Не қайда жүреді?». Балалар суретке қарап отырып, түсінгендерін айтып, сұрақтарға жауап береді.

Балалар көлік деп жауап береді.

Балалар көлік түрлерін айтады. Машина, автобус, ұшақ, жүк таситын машина, велосипед.

Балалар жұмыс жасайтын үстелке келіп, орындықтарына отырады.

Балалар берілген ойыншықтарды түрлі түсті бояулармен бояйды.

Бояған ойыншықтарын үстелге кояды. Ойынға белсене қатысады
Рефлексивті-қорытынды
лау Дидактикалық ойын «сәйкесін тап» магнитті тақтамен жұмыс. Қорытындылау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Сау болыңыздар Ойынға белсене қатысады.

Болжамды нәтиже:
Білуі керек: Көліктер туралы біледі.
Қалыптасқан әдет:Ойынға белсене араласады.
Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере алады. Тәрбие.орг сайтынан Көліктер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Енсегенова Аяулым Багдатовна

ШҚО Семей қаласы "№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ шағын орталық тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: ayaulym_ensegenova
Көрсетілім: 315 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar