«Күн»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 452
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22582


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылы
"Шапағат"балабақшасы МКҚК
Психолог Шалқарбаева Ұлмекен
Сабақтың тақырыбы: «Күн»
Құм терапиясы/ Мақсаты:
• Қөніл – күйіді бағалау;
• Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, елестету, кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу,музыка,арт терапия. Құралдар: үстел-ваннасы (бір бөлігінде құм,бір бөлігінде су болады),қалыптар,(дөңгелек пішінде),қатырма қағаздан ойылған күн мен бұлт,айна.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезең
II. «Күнбағыс» қөңіл – күй диагностикасы.
Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Жұмбақ. Жұрттың бәрі соңы сүйеді Бірақ қарағасы келмейді. /Күн/ Қуанатын күн келді,алақай! Қуанатын күн келді! Күліп шықты күн бүгін! - Балалар бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық,жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ, күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой.Жарық,жылу,беретін күнімізге көмектесеміз бе? Қанеки,балалар аспанға қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма? Бұлттар күнді бізге қарап жібермей тұр. Күнді құтқару үшін барлығымыз бірге сыйқырлы сөздерді айтайық. Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын Балалар, сыйқырлы сөздер арқылы күнді бұлттан құтқардық.Күнге қарайықшы. Күн сіздерге күлімсіреп тұр. Күн сіздерден сұрайды:«Менің жарық пен жылу беретін сәулелерім боласыңдарма?»-деп сұрайды.Сендер келісесіңдер ме?Сендер сәуле болдыңдар. Сәулелер күнмен бірге тұрып, жер бетіне адамдарға ,өсімдіктерге,жануарларға ,жарық пен жылу бересіздер. Енді ол ролді ойша сендер орындайсыңдар. Ал қане жылу шашып көрелік. Жер беті,адамзат түгелі құлпырып, жанарланып тұр ол сендердің сәулелеріннің арқасында. - Балалар ,сендер нағыз күн сәулесіне айналғыларыңыз келе ме? Ол үшін мына айнаны түсіру арқылы сыйқырлы сөздерді айтамын (айнамен балаларға күн сәулесін түсіреміз) Күлімде, күн күлімде! Күлсін барлық бала шат. Берекелі бүгіндей, Бейбіт болсын болашақ! - Міне сіздер нағыз күн сәулесіне айналдыңыздар. Енді күн жаттығуын орындайық.
• «Күн» жаттығу. Міне, күн де шықты /тұрасындар/ Жоғары, жоғары, жоғары /Қолдарын жоғары көтеіп созасындар. Батып барады күн еді (қолдарын төмен түсіресіндер) Төмен,төмен, төмен (бір орында тұрып жүресіндер)
• «Күн мен жаңбыр» ойыны.
• Ойынның шарты: Музыка ойнайды.Балалар би қимылдарын салып билейді. «Жаңбыр жауды» /дегенде орындарына отырады әғни үйлеріне кіреді/. «Күн шықты» /дегенде үйлерінен билеп шығады/. Күн қандай тамаша! /Барлығымыз көнілді билейік/ Күн жарқырап тұр!/Барлығымыз үйімізге қарай жүгерейік/. Күн сәуллелері, сіздер «Құм әлемін» ұмытып кеткен сияқтысыздар. Енді балалар біз баолығымыз жиналып, «Құм әлеміне» барып,жарық пен жылу берейік. Ол үшін біз тізбектеліп, билеп жүреміз. - Міне, күн сәулелері «Құм әлеміне де келдік. Осы құмды жылыту үшін мына қалыптар /дөңгелек пішіндер/ арқылы күн жасайык. - Жұмысымызды бастамас бұрын, сіздерге «Құм» тұралы қысқаша мәлімет беремін. Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм – сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіштер және алуан түрлі ыдыстар жасалады. Құм жол құрылысына жұмсалады, оны цементке қосып, дайындалған лай ерітіндісін үй салған кезде кірпіштері ұстастырады. Құм маңызды пайдалы қазба. - Жұмысымызды бастамас бұрын, алдын ала біз «Құммен жұмыс кезінде, ережелер тәртібің есіне алайық. «Сәлеметсінбе кұм!» жаттығу. Ал енді кұммен амандасамыз. Ол үшін саусактармен, алақанмен сәлеметсінбе кұм деп үстаймыз.осы құмды жылыту үшін мына қалыптар арқылы күн жасайық. Қолымызға дымқыл құмды алып, қалыптарға (дөңгелек пішінде)салып,сол пішін шығу үшін қалыптарды төңкеріп,осы қалыптардан шыққан пішіндерден күн жасап шығарамыз. Музыка ойналады.Музыка әуенімен күнді қалыпқа салып жасаймыз. Күн сәулелері жарайсыңдар! Енді «Құм әлемінде» әрқашан күн ашық,жылы болады. Менің жарық, жылу беруші күн сәулелерім! Қазір созып, сәуле шашқандай қимыл жасаңдар. Енді жүректеріңе қолдарыңды қойып, менімен бірге мына сөздерді айтайық: «Біз өзімізге бірге барлық үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтаймыз» Сабақты қортындылау. Балалар бүгін сендер күні бойы күн сәулелері болып жүріңдер. Күні бойы сендерден мейірімділік, көтеріңкі көңіл-күйге толтырып,жылулықтарыңызды шашып,барлық жақсы қасиеттер ұшқыны шашылып тұрсын. Ол жақсы қасиеттерден ешқашан айырылмаңдар,олар сендермен үнемі бірге болсын. Күлімде күн,күлімде! Жер жасарып көгерсін! Кешегідей бүгін де, Қанат қақсын көгершін! Күлімдей бер,мәңгіге! Тәрбие.орг сайтынан «Күн» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шалқарбаева Ұлмекен

Пікірлер: 0

avatar