Күн дидарлы -Қазақстан.

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 312
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23525


Атырау облысы.Жылыой ауданы.Жаңа Қаратон кенті. «Балдырған»ясли балабақшасы.
Тәрбиеші:Сейтова Маншук Бисенбековна.
Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке балалар залға вальс билеп кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Мерей: Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Санжар: Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Зарина: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !
Ерсұлтан: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
Әділет: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.
Әділ: Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Данель: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Даяна: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Жанарыс: Тәуелсіздік жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Нарқыз: Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Архат: Ақ ниеті- алтын күн
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл- халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз».
Би: «Қара жорға». Тәрбие.орг сайтынан Күн дидарлы -Қазақстан. Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Маншук Сейтова Бисенбековна

Атырау облысы.Жылой ауданы.Жаңа Қаратон кенті. "Балдырған"ясли балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar