Күш көрсетпеу ережелері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 581
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21137


Алматы облысы,Ақсу ауданы , «Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі м.д.ш.о.»к.м.м, Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С.О

Сабақтың тақырыбы: Күш көрсетпеу ережелері.
Сабақтың мақсаты:1.Дискриминацияны, яғни зорлық- зомбылықты болдырмау шараларымен таныстыру.
2.Үлкенді, кішіні, құрдастарды сыйлауды үйрету.
3.Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Бала құқығы конвенциясы, сызба.
Сабақ барысы:-Ұйымдастыру.
-Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды.Мемлекет баланы зорлық – зомбылық-тың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
-Зорлық – зомбылықтан қорғаудың қандай шаралардың түрлерін білеміз?
-Оқушылар сызба бойынша шараларды талдай отырып жазып, айту керек.

-Балаға қатысты жасалатын барлық іс- әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеру кажет.Егер ата- ана немесе басқа тұлғалар балаға керекті қамқоршылықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойынына алады.
-Оқушылар сызба бойынша мемлекет алатын жауапкершіліктерді жазып, талдап,айту керек.

-Бала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.
-Оқушылар сызба бойынша демалатын орындарды жазып, атап , айту керек.

-Әрбір бала өзінің денелік , ойлық , рухани және адамгершілікпен әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы.
-Ешқандай бала зорлық- зомбылыққа қатыгездікке жауапқа, заңсыз тұтқындалуға және бас бостандығынан айырылу жағдайына ұшырамау тиіс.
-Мемлекет әскери қақтығыстардың , қинаудың, ұрып-соғудың немесе қанаудың құрбаны болған баланың денсаулығына емдік шаралар ұйымдастырады.
-Бала құқығы конвенциясының 9,10,11,12,13,14,15 баптарымен таныстыру, талдау.
-Қорытындылау:Балалар,дискриминация, яғни ауылда зорлық- зомбылықты көрген, мектепте болған жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына намесе, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігіне хабарлау керек.Жас ерекшелігімізге сәйкес немесе болашақта үлкенді, кішіні, құрдастарды сыйлауды ұмытпауымыз керек. Адамгершілігі мол , ибалы, инабатты азамат болуға тырысайық. Тәрбие.орг сайтынан Күш көрсетпеу ережелері Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова С.О

Пікірлер: 0

avatar