Күз мезгіліндегі туылған күндер /ойын-сауық мереке/

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 320
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22815


Тақырыбы: күз мезгіліндегі туылған күндер /ойын-сауық мереке/
Мақсаты: балалардың мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету.Жақсы тілек айта білу дағдыларын дамыту,сөз байлықтарын арттыру.Адамгершілікке,достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат,шарлар,фотосуреттер.
Әдісі: ойын-сауық кеші
Ұйымдастыру бөлімі:
Жүргізуші:
- Адам өміріндегі қуанышты сәттердің бірі- дүние есігін қағып, жарық өмірге келген күні.Сондай қуанышты сәттердің куәсі болмақпыз.
Бүгін біз тобымыздағы достарымыздың туған күнін тойлаймыз.
Өмірге алғаш үн қатып,
Досымыз келген күн бүгін.
Сәулесін шашып бір бақыт
Ата берсін күліп таң-дей отырып, ортаға туған күн иелерін шақырайық.
Арман:
Ай секілді өзі де,
Сыңғыр - сыңғыр сөзі де.
Айтарымыз Алуа қыз,
Еркесі ғой үйінің.
Мырза Әли:
Билейді кейде айнала,
Көркіне ақылы сай ғана.
Мөлдір біздің әдемі,
Сөйлейді өзі жай ғана.
Айжан:
Өзі сондай сүйкімді,
Бары жоғы байқалмас.
Арамызда Омар бар,
Бойынан бір мін табылмас.
Әли:
Үндемей жүріп үлгеріп,
Бәрімізге жағатын.
Гүлерке сондай ақылды,
Айтқызбай бәрін істейтін.
Балнұр:
Сабағын жақсы оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Абзал,
Нені ойлап толқиды?
Диана:
Енді біздің Алдиярдың,
Басына келер бақ не бір.
Аузын ашса көмейі,
Көрініп тұрған ақкөңіл.
Мұхаммед:
Сымбат сондай ақылды,
Сабаққа да әр кезде.
Салмақтылық танытып,
Биді жақсы билейді.
Алуа:
Нұрлан,Нұрлан дейміз біз,
Ойнап, күліп, билейміз.
Еркелетіп бәріміз
Нүрик,Нурик дейміз біз.
Әмина:
Әрдайым күліп жүреді,
Гүлдей жайнап күледі.
Динарзаде ақылды,
Жұлдыздай құлпырып келеді.

Жүргізуші: Бүгінгі туған күн иелерін құттықтап қол соғып қояйық.
Абзал:
Біз балдырған көңілді,
Жайнатамыз өмірді.
Қуанышпен бәріміз
Туған күнді тойлаймыз
Мөлдір:
Ән саламыз күнде біз
Қыздырынып күнге біз
Балдай тәтті достармыз
Біз қашанда біргеміз.
Омар:
Толысады ойымыз
Азаяды ойнымыз
Өйткені біз күн санап
Өсіп келе жатырмыз
Гүлерке:
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Би де билеп береміз
Нұрлан:
Біздің топта балалар,
Тату тәтті ойнайды
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Сымбат:
Өмірге алғаш үн қатып,
Біздер туған күн бүгін.
Сәулесін шашып бір бақыт
Ата берсін нұр бақыт.
Алдияр:
Кел, келіңдер,
Бүгін менің туған күнім.
Бірге біздер тойлап
Би билейік ойнап.
Алуа:
Ән салайық, күйде,
Күмбірлесін үйде.
Маған болар тірек
Айтыңдар ақ тілек.
Динарзаде:
Қуантып бүгін бәрің
Келтіріңдер сәнін.
Қуанышты бүгін
Менің туған күнім.
Жүргізуші:
Таусылмасын сендердің армандарың
Арайланып атсын әркез таңдарың.
Құтты болсын туған күн, мерей тойың
Жадырасын әрдайым жандарың - деп күз айларында туылған туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші:
Тек жүректен арналар сөздеріңіз,
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Бүлдіршінге арналсын тілегіңіз-дей келе
бүгінгі бүлдіршіндерімізге деген құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Алимбаева Эльнураға берейік.
/Осы кезде залға сайқымазақ кіреді/
Жүргізуші: Сайқымазақ сен қайдан келдің?
-Бізбен бірге туған күн тойлауға қалай қарайсың?
Ендеше балаларымыз туған күн иелеріне арнап би билеп берсін.Сен де бірге биле.
Би: қыздар биі лентамен
Ортаға түлкі шығып:
-ООО,мында не болып жатыр өзі?
-Туған күн?Қандай туған күн?
-Ендеше туған күн иелерін құттықтап қояйын.Дендерің сау болып,бақытты болыңдар!Сендермен ойын ойнасам қалай қарайсыңдар?
Ойын: түлкімен бірге
Сайқымазақ:
-Балалар,түлкінің ойны сендерге ұнады ма?
-Олай болса мен сендерге бір сиқыр жасап берейін.
/Сайқымазақтың сиқыры/
Жүргізуші:
-Балалар, ендеше туған күн кешіне арналған ұлдардың биін тамашалайық.
Би: ұлдар биі қамшымен
Сайқымазақ туған күн иелеріне арнап ,балаларға тілек айттырады.
Ән: Алмасұлы Әділ «Туған күн»
Ортаға қоян шығады:
-Балалар, мында туған күн кеші өтіп жатыр деп естідім.Туған күн иелерін шын жүректен құттықтаймын.Менің сендерге алып келген үлкен сыйлғым бар.Оны алу үшін алдымен ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?
Ойын қоянмен
Қоян ортаға торт алып шығады.Тортты кесіп, ата-аналар мен балаларға жегізеді.
ӘН. «Көңілді күн» орындайтын Оңғарбаева Айжан
Жүргізуші:
Балалар, сендерді туған күндеріңмен құттықтап аналарың келіпті.Сол аналарымыздың ақ тілектерін тыңдасақ.

Аналар ортаға шығып ақ тілектерін айтып, сыйлықтарын таратады.
ӘН. Мырзагулова Нұржамал «Туған күн»
Жүргізуші:
Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың,
Келешек өміріңе бақыт тілеп
Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз
Осымен туған күн кешіне арнаған мерекелік кешіміз аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Күз мезгіліндегі туылған күндер /ойын-сауық мереке/ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Икрамова Арай Ануархановна

КМҚК "Жанерке" балабақшасы Тәрбиешіі

Пікірлер: 0

avatar