күз сыйы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 555
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 21/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19082


Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ – сары алтын
Айналаның бәрі алтын.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Күз: Әсел ерен достарым
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.
Ән: «Алтын күз»
Күз: Рахмет, балалар, өнеріне
Ризамын өнершіл өреніме.
Жүргізуші: Бидай, арпа, тары бар,
Сұлы, күріш бәрі бар
Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар.
Ортаға Әділбек, Әлішер, Салауатты шақырамын.
Әділбек: Нан атасы- бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.
Әлішер: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Салауат: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.
Жүргізуші: Рахмет, дақылдар, төрлетіңіздер! Ал балалар:
Жиын терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
«Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың. (Күз)
Күз: Рахмет, балалар, менімен еріп келген үш айым, Қыркүйек, Қазан, Қарашаның да өнерлерін көріп тамашалаңдар.

Әмина: Сыңғырлайды қоңыраулар.
Қыркүйек айында.
Сағынышпен біз барамыз,
Өнер – білім тойына.
Жазира: Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық, адал, достықпен,
Жалғаса берсін өмірлерің..
Әлішер: Қараша сап- сары
Жапырақтар сарғайды.
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай күзбенен.
Жүргізуші:-Рахмет,сендерге!
Қызды қайнап ел ісі,
Қызыл қырмен жер үсті.
Елдің тойып жүргені,
Еңбегіңнің жемісі.
Әне қызыл алмалар,
Әсем бақтың жұлдызы,
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.
Ортаға Аққали, Алихан, Әселді шақырамын.
Аққали: Апорт деген алма бар,
Жер жаратын атағы
Ондай алма қайда бар,
Алматы оның отаны.
Алихан: Қалың киім ұнататын,
Шешіндірсең жылататын,
Пияз деген мен болам.
Әсел: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Ауызындамын бар жұрттың.
Ойын: «Жеміс- жидек»
Әлазиз: Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Аспанға өрледі,
Құстар да ән салып.
(«Қарлығаш» әніне билеп құстар келеді.)
Ортаға Милананы шақырамын.
Милана: Қош бол, өскен жеріміз,
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.

(«Құстар қайтып барады» әнімен құстар шығып кетеді.)
Жүргізуші: Ортаға Мирасты шақырамын.
С.Мирас: Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Жүргізуші: Аю жатыр үйінде,
Төрт түлік мал күйінде.
Барлық аңдар шаттанып,
Басты күздің биіне.
Ортаға М.Мирас, С.Мирасты шақырамын.
М.Мирас: Қуып мені састырған,
Құтылмадым қасқырдан.
Аңғармасын жонымды деп
Ауыстырдым тонымды.
Жүргізуші: Ол бір ісің орынды
Қуаттаймын ойыңды,
Тоның қандай қонымды.
С.Мирас: Еркін жүрген тиінге
Жаңғақ теру қиын ба?
Күздің алып сыйларын
Қыстық азық жинадым.
Күз: Тағы да мол сыйларым,
Таңдап жи, жаным!
Уақыт еңбек тірліксіз,
Бақыт келмес бірліксіз
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер.
Ортаға Жалғасбек, Мөлдір.
Жалғасбек: Айтқаныңды пайым қып
Малшы жасар дайындық.
Мөлдір: Кел – кел достар ойнайық.
Күздің тойын тойлайық.
Би: «Жау – жау жаңбыр»
Күз: Астық жеміс – береке
Бір айға нәр-бір дәмім.
Барымды мен сыйлаймын
Менде көр-ақ мереке
Барлығынды қимаймын.
Жүргізуші: Ақтарады қоңыр күз
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін. Тәрбие.орг сайтынан күз сыйы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: елеусизова айсулу

арал ауданы камыстыбас ауылы нурай балабақшасы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar