Күз сыйы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 119
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 13/Фев/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23653


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


С
уйеуоваСауле Нышанбаевна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№19 "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім саласы: Әлеумет
Білім бөлімі: Экология
Тақырыбы: Күз сыйы.
Мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жамістердің пісуі туралы және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.
Cөздік жұмыс: Бұтақтар,жеміс,жидек,тұқымдар,табиғат құбылыстары.
Керекті құрал: Суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, жыл ағашы, әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, мнемо кесте суреттері, дауыс ырғағын өзгерту техникасы, жұмбақ шешу, түсіндіру.
Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
Шаттық шеңбері:
Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып:
- Армысыз, Алтын күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
- Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Күліп шықты күн бүгін!
Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
Ұйымдастырылған оқу қызметіне, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.
- Күз мезгілі несімен ұнайды?
- Алтын күз дегенді қалай түсінесің?
- Жомарт күз дегеніміз нені білдіреді?
- Бір жылды неше мезгіл бар?
Ізденуші-ұйымдастырушы кезең:
Дидактикалық ойын: «Жыл ағашы»
Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшіліктерін атай отырып,бұтағын салыстыра отырып, дұрыс ауыстыру.
Бүгінгі Экология оқу іс-әркетінде Бүркіт Жақыповтың «Күз сыйы» өлеңін жаттаймыз. Өлеңді жаттау оңай болу үшін мнемокестені қолданамыз. Сендер мұқият суреттерге қарап отырыңдар.
Бүркіт Жақыпов.
Күзде.
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті!
Жидектердің
Татып дәмін,
Жемістердің
Жейміз бәрін.
Енді балалар өлеңді қайталауда дауыс ырғағын өзгеру техникасын қолданайық. Аю дауысымен бір қатарын қайталаймыз. Қоян дауысына салайық, ал үшінші шумағын бұлбұл құстай әндетіп айтайық. Жарайсыңдар!
Жеке қайталату. Бала өзіне ұнаған дауыс ырғағына салып айтады.
Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды.
«Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.
Сергіту сәті:
Алтын-сары, қызыл-көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзгі бақта шаттана,
Билейміз біз айнала.
Енді балалар, сендердің зерек екендеріңді тексерейін. Жұмбақтар шешейік.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Дәптермен жұмыс.
1. Күзгі бақтағы еңбек туралы әңгімелеу.
2. Жарты алманың екінші бөлігін табу.
3. Жеміс пен жидек сөздеріне сөздік жұмыс жүргізу. Оларды ажырату, атын айтқызу.
Рефлексивті-түзетуші кезең:
Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.
Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады.
Күтілетін нәтиже:
Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылып, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі. Жемістер мен көкөністер айырмашылығын ажыратады.
Нені білуі керек: Күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі. Үлкендер еңбегін құрметтеуді.
Нені игереді: Дидактикалық ойындар ойнап, өлеңді түсіне отырып жаттап, жұмбақтар шешеді.
Нені біледі: Табиғи материалдардан композиция жасай білуі. Өз жұмысына тақырып ойластырады. Тәрбие.орг сайтынан Күз сыйы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Суйеуова Сауле Нышанбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №19 "Қызғалдақ" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar