«Күзгі жапырақтар биі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 773
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21273


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Уақыты: 04.10.16 Тобы: «Балапан» Білім беру саласы:«Шығармашылық» Бөлімі:«Билеп үйренеміз» Тақырыбы:«Күзгі жапырақтар биі» Мақсаты:Жапырақ биінің орындалу мәнін үйрету.Өз ойларын жеткізе білуге үйрету.Дене қимыл-қозғалысын жетілдіру ептілік,икемділікті дамыту. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Іс-әрекет бөлімдері Нұсқаушының оқу қызметі Балалардың оқу қызметі
Себепті-қозғаушы Тәжім ету. Балаларды марш екпінімен залға кіргізу.Шеңбер бойында аяқтың ұшымен жүру.Қолдарын жоғары көтеру.Қол белде өкшемен жүру.1-2санау арқылы жүріс жасау. Балалар марш екпінімен жүріп залға кірді. Екі қатарға тұруды.Жетекшіге ілесіп жаттығулар жасады.
Ұйымдастыру-ізденіс Қыздар бөлменің оң жақ шетінен шығып,аяқ ұшымен жүгіре басып шеңбер бойымен жүреді.Қолдары екі жаққа созылып,жапырақтарды қозғайды.Сызық бойымен тұрып тақ сандағықыздар 4қадам жасап,алға шығады.Жапыррақтарды төменнен жоғарыға көтереді.Орында қалған қыздар жапырақтарын көтере қозғап тербеледі.Бір орында тұрып тербеледі, оң жаққа айналады.Керісінше сол жақта қайталанады.Аяқ ұшымен жеңіл жүгіріп,шеңбер бойымен тұрады.
Балалар өз орындарына тұрып,би қимылдарын қайталайды.
Балалар би қимылдарына әуенмен ілесе қимылдауға тырысады.
Балалардың биге деген сезімдері оянып,биге құштарлықпен қатысып,қимылдарды өздері құрастыруға тырысады.
Рефлексиялық-қорытындылаушы Қандай би үйрендік? Қандай әуенге қимылдар жасадық? Қорытындылау,бағалау. Жапырақтар биі
Балалар жапырақтарды алып,үйренген би қимылдарын қайталайды.
Күлетін нәтиже: Нені біледі:Жеңіл музыка әуенімен би қимылдарын жасауды. Нені игерді:Музыкамен ырғақты сезіне би қимылдарын жасауды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Музыканы тыңдап,би ырғақтарына қимылдауды.

Аты-жөні:Құлмұрза Айжарқын Қосболатқызы Ұлты:Қазақ Туған күні,айы,жылы:21.07.1993жыл Білімі:орта-арнаулы Құрманғазы атындағы саз колледжі-2014жыл Туған жері:БҚО Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылы Еңбек өтілі:1жыл Мамандығы:Мектепке және мектепке дейінгі балабақшада би жетекшісі. Мекен-жайы:БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы Жұмыс орны:Балдәурен мектепке дейінгі ұйымы МКҚК Тәрбие.орг сайтынан «Күзгі жапырақтар биі» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құлмұрза Айжарқын Қосболатқызы

Пікірлер: 0

avatar