Кімге не керек?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 431
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 08/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22535


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Байхожаева Перуза Кошербайқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Коммуникация.
Білім бөлімі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Кімге не керек?
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, еңбекке деген қызығушылықтарын
ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, көлік, мамандық түрлері.
Қызмет кезеңдері:
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
Шаттық шеңбері:

Балалар дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өлеңін қимыл-қозғалыспен орындайды.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!
-Балалар, қазір бізде қандай оқу қызметі?
-Сөйлеуді дамыту.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең:
-Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
-Аспазшы, мұғалім, құрылысшы, жүргізуші.
-Олар не істейді ?
-Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.
-Яғни, халыққа қызмет етеді. Оларды біз мамандық иелері дейміз. Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер ?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Мына суреттерге қарап, мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші ?
-Егінші, дирменші, сатушы, кітапханашы, есепші, әнші, биші жайында әңгіме құрастырады.
Сергіту сәті:
-Балалар Ж.Смақовтың «Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.
Қане, кімнің бойы ұзын ?
Паровозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паровоз баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма, бірің де.
Пыш – пыш, пыш-пыш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Ал, паровоз тоқтайық, пыш.
Жұмбақ шешіп көрейік
1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,
Аузынан жалын шығар будақ күйе.
(Пойыз)
-Ал, балалар, пойызды кім айдайды ?
(Машинист)
2.Сымға асылып,
Жүр асығып.
(Троллейбус)
-Троллейбусты кім жүргізеді ?
(Жүргізуші)
3. Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
(Ұшақ)
-Ұшақты кім жүргізеді ?
(Ұшқыш)
-Көліктің тағы қандай түрлерін білесіңдер ?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Енді мына аспазшы, ұста, тігінші туралы кім өлеңдер біледі екен ?
Балалардың өлеңдері тыңдалады.
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»
Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету.
-Дәптермен жұмыс.
Дәптерде берілген мамандық иелеріне қажетті заттарды тауып, сәйкестендіреді.
Балалар қызығушылықпен орындайды.
Д/о : «Кім болам ?»
Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
-Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек.Осындай жұмыстарды кімдер жасайды ?
Үлкен апа-ағалар, әпкелер.
-Иә, біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.
-Ендеше еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.
Балалардың мақал-мәтелдері тыңдалады.
-Сонымен балалар, мамандық иесі болу үшін қандай болуымыз керек екен ?
Рефлексивті-түзетуші кезең:
-Дені сау, білімді, еңбекқор болу керек. Еңбек етпеген адамдар жалқау, енжар адамдар.
Балаларды бағалау.
-Балаларды ҰОҚ қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалап, мақтап, мадақтаймын.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:мамандық иелерінің атауларын, атқаратын қызметін.
Игереді:жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелді айтуды.
Меңгереді:сурет бойынша әңгіме құрастыр, сөздік қорларын молайтуды, ойын анық, нақты жеткізуді. Тәрбие.орг сайтынан Кімге не керек? Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байхожаева Перуза Кошербайқызы

ОҚО Мақтарал ауданы білім бөлімінің №2 "Әсел" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar