Кір қуыршақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 193
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23337


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі :Ән -күй
Тақырыбы: « Кір қуыршақ»
Мақсаты:Қуыршақ арқылы балаларды ұқыптлыққа тәрбиелеу, музыкалық қабілетін арттыру. Ойыншық көмегімен қимыл қозғалыс жасай білугеүйрету.
Көрнекі құралдар: қуыршақ, ойыншық, бесік.
Ұйымдастыру кезеңі Ән-күй жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы

Балалар көңілді әуенмен кіреді.
Жетекші:Сәлеметсіңдер ме балалар!
Үстелдің үстінде қуыршақ отырады.
Қуыршақтың үсті басы лас.
Жуын жуын жуынсақ
Қандай жақсы қуыршақ
Әйтпегенде бөпешім
Кірлеп кеткен екенсің
Қазір аппақ боласың
Қуанады анашың Балалармузыкамен келеді.
Қуыршаққа қарайды қызығып.
Өлеңді тыңдайды .


Ұйымдастыру- іздестіру

Балалар, қараңдаршы қуыршақ кірлеп кетіпті. Кәне, киімдерін ауыстырайық. Шашын жөндейік. Жуындырайық. Қуыршақ шаршаған шығар, оны бесікке салып ұйықтатайық.
Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ж Тұрсынбаев, Е Өтетілеуұлы) Қуыршақ ұйықтады енді біз ән салайық. «Кір қуыршақ» (әні И Нүсіпбаев Ж Қашқынов)
Балалар әрқашанда жуынып, таза жүру керек.
«Бала уату» ойыны: Балалар шеңбер жасап тізерлеп отырады .Көздерін жұмады .Ортада екі үш бала ойыншық ұстап тұрады, әуен ойналғанда ортада тұрған балалар отырған балалардың алдына білдірмей ойыншық қояды.Алдында ойыншық тұрған бала ортаға шығу керек. Балалар жауап беруге тырысады.
Музыка тыңдай отырып тыныштық сақтауға тырысады.

Балалар шеңбер бойына отырып ,көздерін жұмады.
Ойынға қызыға қатысады.
3.Рефлексивті-түзетуші Балалар,сендер өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет ,Сау болыңдар! Қол бұлғап балалар қоштасады.
Біледі: әуенді тыңдауды қимылдар жасауды
Игереді:бала уату кір қуыршақ бесік жыры деген түсініктерді.
Меңгереді:шеңбер жасап отыруды көзін жұмып музыка әуенін тыңдауды.
Тексерген әдіскер: Каримова М С Тәрбие.орг сайтынан Кір қуыршақ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абаева Меруерт

ШҚО Көкпекті ауданы Көкжайық аулы Бөбек лүпілі балабақшасы Саз жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar