Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көктем келді ашық сабақ
  • 13.01.2017
  • 103 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20989

Жарқамыс балалар  бақшасының

І санатты тәрбиешісі: Ж.Е.Сағынбай

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Көктем келді.

Мақсаты: гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және көлденең шабақтан дұрыс ұстап, төмен түсуді үйрету.  Музыкалық ырғақты қабылдау, көңілді көңіл күй бере білу сезімдерін, мәтін мазмұнына сәйкес қимыл жасау; қол мен аяқ қимылының үйлесімділігін дамыту. Дене түзілісін (аяқтарын тарсылдатпау, басты төмен түсірмеу) бір – бірімен соқтығыспауын қадағалау.

Қолданылатын құрал – жабдықтар: гүлдер,бұлақ бейнесі, құстар, көбелектер.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

            Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық-қоз-ғаушылық

Тәрбиеші төмендегі тапсырмаларды орындатады:

Музыка ырғағына сәйкес жай жүру. Бір-бірінің соңынан музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес жеңіл жүгіру; «Құстар ұшты» - қолдарын шетке еркін созып, «қанат қағып» «көбелектер ұшып келді»

«көбелектер гүлге қонды» (тоқтап, еденге сәл отыра, орындыққа отыру), қолды жоғары-төмен түсіре, бір-бірінің соңынан, музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес қатарды бұзбай жүгіру; бытырап жүгіру.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастыру  кезеңі

Жалпы дамыту жаттығулары

Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

  1. «алма ағашы». Б.Қ.: аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен ұстап, еденге отыру.

Алма ағашы кішкентай,

Өс-өс-өс! (Тұрып, қолды жоғары көтере созылу.

Алма ағашы кішкентай,

Гүлден, гүлден гүлден (қолды еркін, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру, шетке созу).

Көктемгі күн, шуағыңмен қыздыр! Шуағыңмен қыздыр! (Қолды шетке созу арқылы жоғары көтеру, қолдың басын айналдыру).

  1. «Аяқтың ұшына». Б.қ.:н.қ, аяқтың ұшына көтерілейік, сәл отырып, тік тұрайық. 4-5 рет.
  2. «Аяқтар». Б.қ.н.қ, қол белде. Аяқты шетке қою.

Аяқты   бірге  қою.

Аяқты алшақ қою. 5-6 рет.

  1. «Қоңыздар» Б.қ: шалқадан жату. «қоңыздар оянды» - аяқты бүге, қолмен аяқты көтере қимыл жасап, «жжжж» деу; бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.
  2. «Көбелектер». Б.қ: аяқ сәл алшақ, қол төмен.

Қолды шетке созып, көбелектің ұшуын бейнелеу: «көбелектер қанаттарын жинады» деген белгі бойынша қолдарын арқаға апарып, сәл отырып: «отырдық» деу.5-6рет

  1. «Торғайларды сипайық». Музыка ыcәйкес «торғайлар-балалар» ұшыпжүреді,музыка өзгерген кездеторғайлар жүрелеп отыра қалады.Тәрбиешітағайындаған бір бала торғайлардың арасында жүріп, мейіріммен: «Жақсы көремін торғайды, торғай ағашты қорғайды», - деп, торғайларды бастарынан сипайды. 4-5рет.

 Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалайды.

            Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

  • Кедергілер арқылы аттау (шаршының үстіне қойылған тақтайша);
  • Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан төмен түсу.

Қимылды ойын: «Аяғыңды сулап алма».

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

 

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға

тырысады.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды бөлім.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.

Ойынға жаппай қатысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: кедергілер арқылы аттауды (шаршының үстіне қойылған тақтайша); гимнастикалық қабырғаға өрмелеу мен одан төмен түсуді. Түсінеді:Жаттығулардың маңызын

Қолданады:Жаттығулар орындау кезінде.

Қимылды ойын:   «Аяғыңды сулап алма»Алаңда таяқшалар, тас, бүршіктерден бұлақша құрастырады. Анда, шалғында (жайылым) жіңішке соқпақ жолды пайдалануға болады. Балалар бұлаққа жақын тұрып, «Секір» деген белгі бойынша екі аяқпен серпіле бұлақтан секіріп, алаң бойы еді. «Үйге» деген белгі бойынша бұлақтан қайта кері секіріп өтеді. 

Тәрбие.орг сайтынан Көктем келді ашық сабақ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сағынбай Жұмагүл Еңсегенқызы

"Жарқамыс" балалар бақшасы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 103 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar