Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Әлемді тербеткен ана
  • 19.01.2017
  • 103 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21136

Алматы облысы
Ақсу ауданы
« Қ.Мұқашев атындағы негізгі
орта мектебі м.д.ш.о »к.м.м
Бастауыш сынып мұғалімі
Мукажанова Самал Омиралиновна
Сабақтың тақырыбы : Әлемді тербеткен ана
Сабақтың мақсаты : 1.Дүниенің жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан , ананың мейірімінен тарайтының ұғындыру.
2.Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
3.Ананы қадірлей білуге , мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Нақыл сөздер,шарлар, гүлдер ,слайд,плакат.
Сабақ барысы : Мұғалім ; - Қош , келіпсіздер, құрметті ұстаздар, аналар , оқушылар, ақ жаулықты аналар !Сіздерді ең тамаша ,шуақты мейрамдары-ның бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтеуге жиналап отыр-мыз.Мерекелеріңіз құтты болсын,сүйікті, аяулы аналар. Сіздерге 2- сынып оқушылары дайындаған мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер.
Балнұр : 8 –наурыз Халықаралық әйелдер күні.Бұл мерекенің жылдың басқы мезгілінде болуы қисынға келмейтін тәрізді.
Жанель ;Өйткені , көктем секілді әйел – аналар да адамзатқа өмір , жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Балнұр :Сонда , неге дәл осы күн 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді ?
Жанель : Естуімше, 1908 жылдың 8 наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью – Йорктың еңбекші әйелдері шеруге шыққан.Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагин қаласында өткен Халықаралық конференцияда 8- наурыз –Әйелдер күні деп белгіленді.
Балнұр :Дұрыс, Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, терең мағына бар емес пе? Ананың балаға деген шексіз махабаты, адамдарға деген мейірімі,ақ тілегі көп емес пе.
Жанель : Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі , адамдық қасиет , ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен байланысып жатыр ғой.
Балнұр : Ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар емес пе. Сол сөздерден аналарымызға , әжелерімізге байланысты айта кетсек қалай болар еді ?
Жанель : - Оны қарт ата мен жігіт арасындағы болған әңгімелерінде айтқанын естігенім бар,сіздің естігеніңіз бар ма?
Балнұр : -Бар.Күндердің бір күнінде қарт қария баласынан :- Үйдің алтын қазығы кім ? деп сұраған екен .
Балнұр :- Бала не деп жауап беріпті?
Жанель :-Баласы : - Ата үйдегі алтын қазық бала ,- деп жауап берген екен.
Жанель : - Сіздер қалай ойлайсыздар?
Аналар жауаптарын тыңдау.
Балнұр -.Қарт : Үйдегі алтын қазық – ана.Ана ақылды болса, бала дана болады.ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі –ұлға үлгі.
Жанель : -Ия.Ана ақылшың,әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішін, қарындасын қанатың екенің ұмытпау керек.
Балнұр :Ананы сыйламаған ақылы кем, әкені сыйламаған жақыны кем.
Жанель : Ананың мейірімі –көзінде, ықыласы – көңілінде , ақылы сөзінде.
Балнұр : -Қарттың балаға қойған екінші сұрағын естідіңіз бе ?
Жанель - Жоқ.
Балнұр :-Жоқты бар , ашты тоқ ететін кім?-деп сұраған екен баладан.
Жанель : Сіздер қалай ойлайсыздар бала не деп жауап берді ?
-Аналар жауабын тыңдау.
Балнұр : Сонда қарт :Балам,әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек деген екен.
Жанель :Дұрыс , себебі жоқты бар , ашты тоқ ететін ол- ана .Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Балнұр :Ал, өмір сүру үшін не қажет ?
Жанель :-Білмеймін.Алтын, ақша, мал қажет шығар .Сіздер не қажет деп ойлайсыздар ?
Балнұр : Сіздер қалай ойлайсыздар бала не деп жауап берді ?
-Аналар жауабын тыңдау.
Жанель :Қарт былай деп жауап берген екен:-Адамның өмір сүруі үшін су,от, тұз, қыз, ақыл қажет.
Балнұр :-Оның сыры неде?
Жанель :-Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәніні береді, тұз астың дәмін береді, от өмірдің сәнін береді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Балнұр :-Қарттың қойған сұрақтарының түпкі тереңінен ойлансақ қаншама сыр жатыр екен.
Жанель :-Т-у-у.Бүгінгі мерекеде сұрақтардың жауабын іздей береміз бе?
Одан гөрі аналарымызға дайындаған өлең, әндерімізід айтайық:
Балнұр :Ия.Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.
Алаңсыз да балғын шақты балалар,
Құшақ жая қарсы алып сіздерді.
Би билейді,ән де айтып балалар!
« Твист» Үмбетпай Аружан
Қайыр : Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кен құшағың аясындай , гүл бақтың.
Арсен : Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махабаттың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
« Қарттарды сүйем » Базархан Қарақат
Ақжол: Ер жеткізіп , елге берген баласын,
Ақылдысың , ардақтысың,данасын.
Гүлім : Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым!
« Анашым, анажаным » әні Аянқызы Жанель
Анар Өскеніңді жүреді аңсап,
Өмір бойы мәпелейді.
Өніңді сәл кірбің шалса,
Дәрігерге жетелейді.
Арнай Бір мініңді көре қалса,
Аппақ жүзі қуарады.
Сабағыңнан « бестік » алсаң,
Бес күн бойы қуанады.
« Армансыз күнім болмайды» әні Серік Балнұр
Санжар Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым , күнім – дейтін
« Өзбек биі » Серік Балнұр, Жармұхан Гүлім
Қарақат Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Ол жанымда жүрсе, мен де,
Батырларша батылданам.
« Қазақ жастары » әні. Жұмағали Арнай
Аружан Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген анамда мен,
Жүрсем деймін шаттандырып.
« Сәулем – ай » әні 2- сынып оқушылары
Аружан Анам менің күн көзіндей шуақты,
Даладай кең, таулы өзендей қуатты.
Дүниедегі жақсылықты барлығы,
Жан анадан тарап жатқан сияқты.
« Қалаулым » әні 2- сынып оқушылары
Анар Ананың құт береке әр қадамы,
Сезімдер әр ісінің даралығы.
Ана- өмір,Ана – бақыт,Ана – Жүрек
Тіршіліктің ғұмырының даналығы.
« Анашым » Жұмағали Арнай
Арсен Ана деген өмірдің кәусәр бұлағы,
Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген теңдесі жоқ ұлылық.
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Қайыр Ана мейір күн көзімен пара-пар,
Тұла бойы қуат болып таралар,
Өміріме шуақ шашып аәрқашан,
Көп жасаңдар , ақ ниетті аналар!
« Арулар » М.Мақатаев өлеңі Базархан Қарақат
Гүлім Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегінді ақтайтын,
Аман болшы анашым.
« Бара алмадым» әні Ерланұлы Арсен
Санжар Бар өмірдің жүрегі,
Өзің алтын ордасың.
Тіршілігімнің тірегі,
Уайымың болмасын!
«Бипыл » әні Үмбетпай Аружан
Қарақат О, анашым, таянышым,тірегім,
Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
«Қызықты оқиғалар » айдары
«Ата – ананы құрметтеу туралы » аңызы.
1-оқушы :Ана бауыр еті- баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тонып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым дер,кірпі баласын жұмсағым дер » дейді емес пе.
2- оқушы: -Әрине,әркімнің өз баласы өзіне, ай көрінер көзіне,-деп айтуға болады.
1- оқушы:Ақ самайлы,аяулы да ардақты ,әлемді тербеткен аналарымыз ! Бүгінгі мейрамдарыңыз құтты болсын.
2-оқушы: Біз үшін күн болып жанатын,
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын , анашым !
2-бөлім : -Оқушылар « Менің анам» тақырыбында жазған шағармаларын оқиды.
3-бөлім : « Кім жылдам ? » ойыны/Жұмбақтар шешу
4- бөлім Ойын кезеңі 1.Аналарды ойнату.Аналардың көзі байлаулы, балалардың құлағынан сипап, өз баласын тауып алу.
2.Аналардың аяқтарына шар байланады.Кім жылдам қарсыласының шарын жарып жеңімпаз атанады.
Марапаттау : - « Жүйрік ана » номинациясы
-« Шебер жазушы » номинациясы
-« Өнерлі ана » номинациясы Тәрбие.орг сайтынан Әлемді тербеткен ана Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукажанова Самал Омиралиновна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Ана, Балабақшадағы ашық сабақтар, Әлемді, тербеткен
Көрсетілім: 103 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar