Логика әлемі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 511
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21582


Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық».
Оқу қызметі: Логика
Тақырыбы: Логика әлемі
Мақсаты:1. Балалардың алған білімдерін жетілдіру, толықтыру. Әр тапсырманы қызығушылықпен орындауға үйрету.
2. Электрондық жаңа технологияны қолдана отырып, ллогикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Жан-жақты, білімді, құдыретті тұлға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: әлем, қазақ үй.
Билингвалды сыңары: мир, юрта.
Заттық дамыту ортасы: қима қағаздар, слайд.
Әрекеттер кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Рефлексиялық-түзетушілік Шаттық шеңбері
Тәрбиешіні электронды қазақ үйді қолына алып әсем әнді қояды.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болып өтпек, сондықтан мен сендердің ұшқыр ойлы, белсенді, тапқыр болғандарыңды қалар едім.
-Балалар, мен сендерге бір-бір текшеден әрқайсыңа таратып бердім. Шаттық шеңберге осы текшені қалай қолдансақ болар екен. Текшелердің қабырғаларында әр түрлі суреттер бар.

-Жарайсыңдар! Әр бала өзіне ұнаған сурет таңдап, соған байланысты тілектер айтады.

-Балалар, бүгін біз логика әлеміне саяхатқа шығамыз. Логика әлемінде көптеген аялдамалар бар. Ол аялдамаға жету үшін тапсырмаларды дұрыс орындау керек. Менің қолымдағы мына қазақ үй жай қазақ үй емес, сиқырлы қазақ үй. Осы үйдің іші ертегіге толы екен. Осы ертегіден үзінді айтылады, ал сендер қай ертегі екенін табыңдар. Ертегіні дұрыс атап тапсаңдар, логика әлеміндегі «Бәйге» аялдамасына тап боламыз.
Ертегілерден үзінді оқылады.

«Бәйге» аялдамасы.
Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»
1. Отан отбасынан
2. Отан үшін
3. Отан оттан да
4. Менің Отаным
5. Менің президентім
6.Биыл тәуелсіздігімізге
«Кеңістікті бағдарлау»
1. Арманның оң және сол жағында, алды мен артында орналасқан ойыншықтарды ата?
2. Бала ортаға шақырылады. Жан-жағына геометриялық пішіндер қойылады. Басқа бала келіп, геометриялық пішіндерді атап, кеңістікті бағдарлап береді.

-Балалар, «Бәйге» аялдамасының тапсырмаларын дұрыс орындадық. Келесі аялдама «Көкпар» аялдамасы. «Көкпар» аялдамасына жету үшін ертегіден үзінді тыңдаймыз, қай ертегі үзіндісі екенін табамыз.
Ертегілерден үзінді оқылады.
-Балалар, біз «Көкпар» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада «Ойлан, тап» тапсырмаларын орындаймыз.
«Ойлан тап».
Шарты: төлдерді енелеріне қосу.
-Келесі суретке қарап жаңылтпаштар құрастырамыз және есептер шығарамыз.






Логикалық есеп.






Сергіту сәті
-Балалар, «Көкпар» аялдамасының тапсырмаларын дұрыс орындадық. Келесі аялдама «Жорға» аялдамасы. «Жорға» аялдамасына жету үшін ертегіден үзінді тыңдаймыз, қай ертегі үзіндісі екенін табамыз.
Ертегілерден үзінді оқылады.
-Балалар, біз «Жорға» аялдамасына келдік. Бұл аялдамада «Басқатырғыш» тапсырмаларын орындаймыз.

Балалар тапсырманы орындап болған соң слайдтан жол картасы шығады.
-Балалар, менің қолымда «Логика әлемі» бізге дайындап қойған жолкартасы бар екен. Осы картамен дұрыс жүріп отырып, бір қазынаға тап болады екенбіз.
Балаларды қасыма шақырамын.
-Жолкартасын қолымызға алып, кесте бойынша жүріп отырамыз. Тіке 5 қадам, солға 3 қадам, оңға 4 қадам, перденің артында терезенің алдында бір сандық тұрады. Сандықты алып ішінен кілт алып шығады.
-Балалар, бізге мынадай кілт беріпті, білім деген сарқылмас баға жетпес қазына. Осы кілтпен бірге біз білімнің қазынасын ашып білім ақыл-ой аламыз және сендерге білім елінен мынадай тәттілер беріпті.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болуына сендер атсалысып қатыстыңдар. Тапқырлықтарыңа, ұшқыр ақыл-ойларыңа риза болдым. Сендерге мына жұлдызшаларды табыстаймын. Келешекте тек осындай бағалар алып, бізді қуанта беріңдер. Балалар шеңбер бойына тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар текшедегі суреттерге қарап, соған байланысты тілектер айтады.
-Мен шаңырақты таңдадым, шаңырағымыз биік болсын.
-Мен гүлді таңдадым, гүлдей жайнап өсейік т.б.

Балалар ертегі үзіндісін мұқият тыңдайды.

-«Дәуіт пен қарлығаш» ертегісі

-Басталады.
-отқа түс күймейсің.
-ыстық.
-Қазақстан.
-Н.Ә. Назарбаев.
-25 жыл.

Балалар кеңістікті дұрыс бағдарлап айтады.

Қазақ үйден айтылған ертегі үзіндісін тыңдайды.
-Бұл «Тапқыр қоян» ертегісі.

Балалардың алдарына қима қағаздар таратылады, қаламмен төлдерін енелеріне сызу арқылы қосады.

Балалар жаңылтпашты суретке қарап жаңылмай айтып жаттықты.
Ақ кептер.
Көк кептер.
Көп кептер.

Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Бес шар бар.

Ала қарға талға қонды,
Қара қарға қарға қонды.

Балалар суреттерге қарап логикалық сұрақтарға жауап береді.
-Себетте үш мысық отыр еді, оған бір мысық келіп қосылды. Барлығы төрт мысық болды.
-Себетте төрт мысық отыр еді, оның бір мысығы себеттен шығып кетті. Себетте үш мысық қалды.

-Түлкінің туған күніне кірпі-саңырауқұлақ, қоян- сәбіз, аю-балық, етті- қасқыр әкелді.

-Қонжықтың 3 сылдырмағы, 4 добы, 3текшесі бар.

-Суретте қой, ешкі, жылқы, сиыр, ит, шошқа, мысықтың суреттері бар.

Сергіту сәтін би қимылдары арқылы орындайды.

-«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі.

Балалар тапсырманы түсініп орындайды.

Балалар картаға таңдана қарайды.

Балалар тәрбиешінің қасына келіп жол картасы бойынша жүреді.

Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: тапсырмаларды орындай біледі.
Меңгеруі: жаңа электронды құралдарды қолданады.
Жасай алуы: балалар өз ойын жеткізе алады. Тәрбие.орг сайтынан Логика әлемі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейткеримова Гульжан Асылхановна

Пікірлер: 0

avatar