Логопед сабағы. Тақырыбы: "Жабайы жануарлар"

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 172
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 16/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23333


Тақырыбы: «Жабайы жануарлары»
Білімділік: Балаларды жабайы жануарлармен таныстыру, олар туралы түсінік беру; “Жабайы жануарлар ” лексикалық тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту; «қайда?» деген сұрақты түсініп, қарапайым жабайы жануарларды көрсетіп, атай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың зейінін, көріп, естіп есте сақтау қабілеттерін дамыту; артикуляциялық моторикасын, ұсақ қол қимылдарын, дұрыс тыныс алу қабілеттерін дамыту; сөйлеу белсенділігін ширату;
Тәрбиелік: Жабайы жануарларға деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Үй жануарлырының суреттері, ойыншық мүсіндері, қаламдар мақта, айна, сүрткіштер.
Әрекет кезеңдері Логопедтің іс-әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қызығушылық Шаттық шеңбер.
“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Күнде бірге қайтамыз.
Жанұяның гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
( Қимылмен орындау.) Өлеңді бірге қайталады, қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру іздестіру 1. Сәлемдесу.
2. Балалардың көңіл - күйлерін сұрау. Балаларды топтық айна алдына отырғызу.
3. Артикуляциялық жаттығулар: «Бақа», «Піл», «Барабан», «Шар», «Сусиыр», «Жалпақ тіл», «Күрекше», «Ине», «Сағат», «Футбол», «Әткеншек».
4. Тынысқа арналған жаттығулар:
«Желдеткіштер»
5. Ұсақ моторикамен жұмыс:
«Жаңғақтармен жаттығулар»
Балаларға оқу іс-әрекетін таныстыру.
Балаларға жеке-жеке жабайы жануарлар суретін көрсете отырып атау және олар туралы түсінік беру.
Мысалы: Мынау – аю. Аюдың денесі үлкен, аяғы маймақ болады. Сол себепті қорбаңдап жүреді. Аю орманда мекендейді, ол бал жегенді ұнатады. Аюдың екі көзі, екі құлағы, мұрны, аузы, төрт аяғы және бір құйрығы бар. Аю «Ааааар» деп дыбыстайды. Ал мынау - қасқыр. Қасқыр аюға қарағанда кішкентай. Қасқыр бір қарағанда үй жануары - итке ұқсайды екен. Қасқырдың да екі көзі, екі құлағы, мұрны, аузы, төрт аяғы, бір құйрығы бар. Ол «Уууу» деп ұлыйды .т.с.с (түлкі, қоян)
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Жаңғақтары көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық
Дыбысқа еліктеу, былдыр сөздер:

А-О-У-И-Э дыбыстарын әндету.
Дауысты дыбыстарды баспалдақпен жоғары, төмен әндету.
АУ-АУ! «Орманда»
УА-УА! «Балақай»
У-ууу! «Қасқыр ұлыйды».
Дауысқа еліктеу:
Ду-ду! «Сыбызғы»
Бам-бам! «Дабыл»
Би-би! «Көлік»
Динь-динь! «Қоңырау»
Тук-тук! «Балға»


Балалар айнаға қарап,артикуляциялық жаттығуларын жасады.



Суретке қарай отырып, түсінігі қалыптасты

Сергіту сәтін қызыға орындады.

Балалар дыбысқа еліктеу сөздерін белсене қайталады.

Рефлексивті түзетушілік - Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қандай тақырыпта болды?
- Мына жануарлар ішінен аюды тауып берши. Аю қайда? Тәрбие.орг сайтынан Логопед сабағы. Тақырыбы: "Жабайы жануарлар" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сыдыманова Диана Оразбекқызы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы "Астана" балабақшасы логопед

Пікірлер: 0

avatar